КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Тұрғын секторындағы рейд

ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Бородулиха ауданының ТЖБ офицерлер құрамы және «ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуды анықтау бойынша Бородулиха ауданының елді мекендерінің тұрғын секторларында рейд жүргізді. Зерттеу аймақтары Бородулиха, Дмитриевка, Ивановка, Бель-Агач ауылдары болды. Жыл басынан Бородулиха ауданында 80 өрт оқиғасы тіркелді, онда 1 адам қаза болды. Олар негізінен балалардын отпен ойнауы, электр-қондырғылар, жылыту пештерін дұрыс қолданбағандықтан болып отыр.

2018-19 жылдардағы жылу беру мезгілінде аудан тұрғындарының көңіл-күйлерін жабырқатпау мақсатында Бородулиха ауданының ТЖБ және «ӨСжАҚЖҚ» ММ офицерлер құрамы аудынның барлық елді мекендерін аралап шығуды шешті. Олар 9000-ға жуық үйді қарап шықты. Өкінішке орай барлық үйде дерлік өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтар табылды. Негізінен азаматтар ескі электр қондырғыларын қолданады және жылыту пештерін дұрыс қолданбайды. Әрбір тұрғынға ауызша ескертулер жасалды, сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтау жайында нұсқаулықтар айтылды. Көздерін жеткізу мақсатында олар өрт сөндірушілердің ескертулеріне немқұрайлы қарап, соның нәтижесінде қайғылы жағдайға ұшыраған адамдар жайлы бірқатар мысалдар келтірді.

Әсіресе жеке үйлерде тұратын азаматтардың назарын аударғымыз келеді. Егер өрт сөндірушілер сізге келмесе де, сақ болыңыздар және өз өміріңіз бен сіздерді қоршаған адамдардың тағдырлары үшін алаңдаңыз. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

- Жылыту пештері тексерілуі және жөнделуі қажет. Ақауы бар пештер мен басқа да жылыту құралдары қолдануға жіберілмейді.

- Пештер мен басқа да жылыту құралдары бекітілген ережеге сәйкес, жанатын құрылыстардан өртке қарсы бөлгіштер болуы керек, сонымен қатар пеш алдындағы темір сауыт күймеген, зақымдалмаған болуы керек, оның мөлшері 0,5м. х 0,7м. кем болмауы тиіс. (жанатын материалдардағы ағаш немесе басқа да едендер).

 - Пештер мен түтіндіктерді жылыту маусымының алдында тазарту керек, сонымен қатар жылыту маусымы кезеңінде үш айда бір рет тазарту қажет.

- пеш алдындағы сауытқа отынды, басқа да жанатын заттар мен материалдарды орналастыруға, қоюға;

- пешті жағуға жанармай, керосин, дизель отындарын және басқа да оңай жанатын сұйықтықтарды қолдануға;

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар оны жас балаларға қадағалауға қалдыруға;

  Бородулиха ауданынын ТЖБ

Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019