КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Новопокровка орта мектебі 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Новопокровка ауылдық округінде 2019 жылғы 1 қарашада маңызды оқиға өтті. Мектеп 50 жылдық мерейтойында барлық түлектер мен ұстаздар үшін есігін кеңінен ашты. Ғимарат алдыңда ашылу сәтіндегі мектептің суретімен баннер орналасқан, суреттерде мектеп өмірінің өткен жылдарының тарихы мен заманауи кезеңдері сипатталған. Түлектер мен қонақтарға кездесудің қызықты сәттерін суретке түсіруге арналған арнайы орын ресімделген.

Салтанатты рәсімді жүргізушілер С.Жұмағазин мен Т.Поухова ашты. Мектеп директоры А.Ш.Муканов мектептің тарихы туралы баяндамасымен сөз сөйледі. Ол сонау 1969 жылдан бастап мектеп өмірінің барлық кезеңдеріне тоқталып өтті.

Құттықтау сөздерімен алғашқы болып сахнаға Бородулиха ауданының әкімі О.А.Булавкина және аудандық мәслихат хатшысы У.Т.Майжанов шақырылды. Мектепті атаулы мерекемен құттықтап, аудан басшылығы мектепке сыйлық –интерактивтік тақта сатып алу үшін сертификатты табыстады. Ардагер-ұстаздар көп жылдық еңбектері мен білім беру саласындағы кәсіпқойлығы үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Ольга Александровна меценаттарға мектепке белсенді демеушілік көмек көрсеткендері үшін құрмет грамоталарын ұсынды.

Округ әкімі И.Ю.Бельская да қатысушыларды мектептің мерейтойымен құттықтап, тек білім саласына ғана емес, округтің қоғамдық өміріне де белсенді қатысқан ұстаздарға алғыс хаттарды табыстады. Индира Юрьевна округ активінің атынан мектепке сыйлыққа теледидарды тарту етті.

Сонымен қоса мектепті мерейтойымен ауданық білім бөлімінің басшысы Н.К.Кукшебаева, білім қызметкерлері кәсіподағының Семей аумақтық комитетінің төрағасы С.М.Ибраев және аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы К.З.Даумбаева құттықтады.

Іс-шараға жиналғандарды осы мектепте 1996 жылдан 2016 жылға дейін басшылық еткен С.М.Стецов та құттықтады. Ол басшының жұмысы бүкіл ұжымды біріктіруде екендігін атап өтті. Өзінің тәлімгерлері мен ардагер-ұстаздарына алғыс сөздерін айтты.

Көп жылдық, жемісті еңбектері үшін марапаттарды тек ардагер-ұстаздар ғана емес, сондай-ақ қызмет етіп жүрген мұғалімдер де алды. Ұстаздар мен меценаттардың көп бөлігі осы мектептің түлектері екендігін ерекше атап өту қажет.

Вальс әуені естілді, сахнаға ардагер түлектер ретінде жұп шықты, содан соң  оларды қазіргі оқушылар ауыстырды, экранда мектептің 50 жылдағы өмірімен видео көрсетілді. «Юбилей у школы» вальсін мектепке сыйлық ретінде қазір Германияда тұрып жатқан мектеп түлегі Иосиф Майер шығарды.

Артынан мектеп мұғалімдері және оқушыларымен, этномәдени бірлестіктермен, қазақ ансамбілімен, МҮ би тобымен және М.Әуезов атындағы орта мектебімен дайындалған концерттік бағдарлама басталды.

Түлектердің құттықтауларына да уақыт келіп жетті, көптеген жылы сөздер айтылды. Бағдарлама қорытындысында мұғалімдер қосылып соңғы әнді шырқады. Мектеп жолы, болашық түлектер үшін де осындай жемісті және маңызды болады деп сенеміз.

Кітапханашы Т.А.Поухова

Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019