КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 

 


Қар тұтқынынан аман шығу жолдары

Күртік қар дегеніміз – ол жел жылдамдығы 15 м/с жоғары және қардың түсу ұзақтығы 12 сағаттан артық болатын қардың көп түсуімен байланысты гидрометеорологиялық апат.
Қысқы уақытта жолға жиналмас бұрын бәрін мұқият жоспарлап алыңыз. Апатты жағдайда барлығы да маңызды! Метеорологиялық барлауларды тыңдай отырып ауа-райының өзгеруіне құлақ салыңыз. Жолға шықпас бұрын ауа-райын нақтылап алыңыз. Бірақ жақсы ауа-райының өзі жолдағы қауіпсіздіктің кепілдемесі бола алмайды. Қарлы боран кезінде өлімнен кепілденген қорғаныш – бірнеше қарапайым ережелерді сақтауда.
Егер сізге жолда автомобильде бұрқасын, боран кезіксе, тұрақ орнын белгілеп тоқтау қажет, ол үшін самаладай матаны іліп қойып, көлікті толығымен жауып, радиатор жақтан қозғалтқышты жауып қою керек. Көліктің капотын жел бағытына қарай орналастырыңыз. ЖЖМ үнемдеңіз, пешті үздіксіз қосып қоймаңыз. Көлікті қар массасы жауып қалу қаупі туындаған кезде салонның ішінде қамалып қалмау үшін есіктердің бірін қайта-қайта ашып, итеріп отырыңыз, омбы қарды тазалап отырыңыз. Қар басып қалған көліктің ішінде қалай тонсаңыз да көлікті оталдырмаңыз. Қозғалтқыштың жұмысы кезіндегі бөлінетін және автомобильдің салонында тұрақты жиналып отыратын пайдаланылған газдар сізді қатты аяздан қарағанда ерте мерт қылуы мүмкін. Егер сіз жылынғыңыз келсе, онда далаға шығып, газ шығатын трубаны газ автомобильдің астына емес атмосфера шығатындай етіп тазалаңыз. Бірақ далаға шығар алдында міндетті түрде жіппен байланып шығыңыз. Себебі өз үйінен немесе көлігінен боранда жарты метрге алыстаған адам бірден бағыт-бағдарды жоғалтып, адасып, қайтыс болған жағдайлар мәлім.
Егер сіздің көлігіңіз өшіп қалса, үрейленбеңіз, жағдайды, бағытты, орналасу орнын, елді мекенге дейінгі қашықтықты бағалаңыз. Егер сіз көмекті күтуді шешсеңіз, онда ұйықтамауға тырысыңыз. Жүру туралы шешім қабылдасаңыз жолды, асфальтті ұстаныңыз, олар қар күртігіне аз шалдыққан және олардың бағыт-бағдарды ұстануға болатын жиегі бар.
Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың аяқтары, қолдары және беті жиірек және тез үседі. Қатты үсікті санаулы минуттарда да алу мүмкін. Көбінесе үсу білінбей өтеді. Сондықтан айналадағы адамдарыңыздың аяқ астынан құлақ сырғалықтары, мұрын ұштары, иектері, беттері ағара бастаса, дереу ол адамға хабарлау керек. Қатып қалған адамды жылытқаннан гөрі үсуді ескерткен жеңілдірек екенін естен шығармаған жөн. Қыстың өзінің сынақтары мен күтпеген жағдайлары көп, арасында ол жарымжандыққа және өлімге алып келуі мүмкін. Әрбір адам апатты жағдай ларға – моральді, дене, психологиялық, ұйымдасқан дайын, табиғатта аман қалу жолдарын білу керек, өзінің дағдылары мен машықтарымен, білімі мен тәжірибесімен төтенше жағдайлардан шыға білу керек.
Үсу кезіндегі көмек – жылытылатын жайда дененің үсіген бөлігін құрғақ жұмсақ матамен сүртіп жылытыңыз, содан кейін оны жылы суға салып, бірте-бірте су температурасын 40-45 градусқа дейін апарыңыз. Егер ауыру басыла бастап сезімталдылық қалпына келе бастаса, қолын (аяғын) құрғатып сүртіп, биялай (шұлық) кигізіңіз, және мүмкіндігінше дәрігерге қаралыңыз.

Жолға шыққанда келесіні ұмытпаңыз:
- жылы киімдер мен азын-аулақ азық-түлік қорын,
- құжаттар мен телефон қуаттағышын,
- қарды тазалауға арналған құрал,
- толық бакты құю.

Бородулиха ауданының ТЖБ

 

Оқиғалар күнтізбесі
Ақпан 2020
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2020