КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 

 


«Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы»  ҚР заңнамасындағы негізгі өзгерістерге сәйкес.

Ауданымыз бойынша фитосанитарлық ахуалды сақтау үшін, уақытылы арнайы жоспарланған іс – шаралар жүргізіліп отырады. Осыған орай АШТӨ –мен фитосанитарлық талаптар, аса қауіпті зиянды организмдермен күресу тәсілдері мен әдістері жайлы түсіндіру жұмыстары жүреді. Ауыл шаруашылық тауарларының өнімінің көлемі молайтып,сапасын арттыру мақсатында, зиян тигізетін аса қауіпті зиянды организмен күресу, яғни химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар болған жағдайда, бірден хабарлау, ескерту жұмыстары жүргізілуі шарт.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының 20-бабы «Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi» бойынша фитосанитарлық шараларды қаржыландыруда өзгерістер еңгізілді (келесіде заң). Яғни, осы заңның 1 тармағы 2,4 тармақшаларына сәйкес, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар: саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды; саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды;
Осыған сәйкес қауіпті және аса қауіпті организмдерге қарсы фитосанитарлық іс – шаралар, азиялық,итальяндық прус және саяқ шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитарлық іс – шараларды қоспағанда, кәсіпкерлік субьектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады (заңы 20 баб,3 тармақ).

Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне де толықтырулар еңгізілді: саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне кіреді ( заңы 9 баб, 4-1 тармақша). Соған сәйкес, пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер   бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (заңы 20 баб ,1 тармақ, 8 тармақшамен толықтырылды).
Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерiне де өзгерулер мен  толықтырулар еңгізілді:1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге тиісті;
Енді, жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарындағы зиянды организмдерге  және   аса қауіпті зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс шаралар жүргізуі қажет (заңы 14 -5 бап)

ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес, зияндылықтың экономикалық шегінен асатын саны бар қауіпті және аса қауіпті  организмдерге қарсы өңдеуге арналған пестицидтар мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құны субсидияланатын болады. Субсидиялауды жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыретіне жатады.

Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау, өткізу және қолдану кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттері талаптарының сақталуына, пестицидтердің сатылуына   бақылау жүргізеді.

Пестицидтердің сатылуы бақылауға еңгізілуіне байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңынның  707-бабына толықтырулар еңгізілді.

Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарастырылады.

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру үшін өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті кеңейтілді.Яғни, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік инспекторлардың фитосанитарлық бақылау обьектілеріне кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Зиянкестердің зиянды ошақтарын, пестицидтерді сату,сақтау, пайдалану  және әкелу фактілерін ,мемлекеттік тіркеуден өткен - өтпегендігін анықтау үшін өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілі бір аумақ пен нысандарға зерттеу жүргізе алады, яғни белгілі бір нысандарға барып профилактикалық бақылау жүргізе алады.

Ауданымыздың фитосанитарлық ахуалын сақтап қалу мүмкіндігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар алдағы уақытта, жұмыс барысында қолданылуы қажет.

Мақала жазған Жаманбалина А.Е

«ҚР АШМ АӨК МИК Бородулиха ААИ» ММ бас маман – өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Оқиғалар күнтізбесі
Ақпан 2020
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2020