КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

Жастар орталығы

    .KB  
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтарын табыстау туралы Ереже 37  
2015 жылғы бірінші жарты жылдығына мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы бойынша «Бородулиха ауданының Жастар орталығы» КММ жұмысы туралы ақпарат 55  
«Халың қалай, ардагер?» бейнероликтер байқауын «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 32  
Эх, жастар, жастар! ӨЙ, ЖАСТАР, ЖАСТАР! 392  
Конкурстық құжаттама 331  
«Бородулиха ауданының жастар орталығы» КММ I жартыжылдыдықта атқарған жұмыстары туралы есебі 35  
2013 жылғы 1 маусымға арналған ШҚО Бородулиха Ауданы Жастарының Төлқұжаты 387  
"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысы
160  
2012 жылға арналған ШҚО Бородулиха ауданы жастарының Төлқұжаты 395  
Жастар ісі жөніндегі аудандық кеңес туралы Ереже 56  
Бородулиха ауданы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі аудандық кеңесінің дербес құрамы 53  

 

2017 жылдың 1 жартыжылдығында «Бородулиха ауданында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы» ақпарат

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік жастар саясатының мақсаты жастарды толыққанды рухани, мәдени, танымдық, кәсіптік және дене шынықтыруда дамыту, шешім қабылдау үдерісіне қатысу, оның әлеуетін елдің арықарайғы дамуына бағыттаудың сәтті әлеуметтендіруі болып табылады. Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Бородулиха ауданында «Бородулиха ауданының жастар орталығы» КММ құрылған.  
Жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі танытуға ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері жастар орталығы

  • Құқықтық тәрбие
  • Ұлттық мәдениетті, отбасылық құндылықтарды насихаттау
  • Экологиялық тәрбие
  • Волонтерлікті дамыту
  • Салауатты өмір салтын насихаттау
  • Әскери-патриоттық тәрбие
  • Бос уақатты ұйымдастыру тақырыптарында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында құқықтық тәрбие бойынша «Жасөспірімдерге тағайындалатын жаза түрлері» тақырыптарына кездесулер ұйымдастыру, «Жауапсыздықтан қылмысқа дейін бір қадам» тақырыбына дөңгелек үстел, «Жасөспірім және заң» тақырыбына инспекторларының қатысуымен кинолекторий сияқты іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралар аудандық ішкі істер және білім бөлімдерімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.
Аталған жұмыстың маңызды жолдарының бірі болып құқықтық білім, рухани-құқықтық тәрбиелеу және оған бүкіл қоғамның күшін жұмылдыру арқылы салауатты жастарды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мәдениетті, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап аудан жастарымен «Праздник мам» жастар акциясы, «Все согрето теплом ваших глаз» және басқа да дөңгелек үстелдер өткізу қолдау тапты. Сондай-ақ «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күнін меркелеу қарсаңында жастар арасында КТК ойындары өткізілді.
Аудан жастарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге жұмысберушілер табу мақсатымен «бос орындар жәрмеңкесі», «жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту 2020» сияқты бағдарламаларды түсіндіру мақсатында ашық есік күндері өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында жаз мезгіліне ауданда «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы қолдау тапты. Жезкент кентінің, Новопокровка және Бородулиха ауылдарының жастарының құрамынан 9 адам аталған бағдарлама қатысты. Аталған жастар  аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Шілде айында «Семей орманы» МОТР филиалымен бірге «табиғатты болашақ үшін сақтайық» акциясына қатысу үшін орман шаруашылығының тәлімбағына жастар апарылды. Жасыл ел жасақтары белсенді қатысты. Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен әр жасаққа қосымша минималды жалақы төлеуге қаржы бөлінді. 
Волонтерлік бастаманы дамыту үшін осы жылы жастар «Улицам района – нашу заботу», «Чистый округ» акциялары қолдады, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында жастарды әлеуметтік-маңызы бар істерге қатыстыру, қарттарға, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық таныту, құрметпен қарауды тәрбиелеу арқылы аудан жастарының арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау және дамыту мақсатында «Память», «Поздравь ветерана»  акциялары өтті. Бүгінгі таңда волонтерлік командалар саны 18. 
Жыл сайын біздің жастар 8 жастар орманшылығы қатысатын «Семей Орманы» МОТР Бородулиха филиалы ұйымдастыратын «Саябахтар шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясына қатысады.
Жас мезгілінде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Open Air» форматында тақырыптық би кештері өткізілді. Оның барысында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімідерінің қолдауымен «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесіне билеттер ойнатылды.
Өз денсаулығын және жалпы ұлттың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған жастар арасындағы салауатты өмір салты имиджін көтеру, елдің жас буынның мінез-құлық стилін қалыптастыру жөніндегі жұмыспен қатар темекі шегу, маскүнемдік және нашақорлықпен күрес, құқықбұзушылықтардың алдыналуға бағытталған «Біз салауатт өмір салтын қолдаймыз» тақырыбындағы әртүрлі іс-шаралар дәстүрлі өткізіледі.  
Радикалды діни идеологияның ықпалынан жастарды қорғау бойынша олардың арасында трәбиелік жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдың басынан бері құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ішкі саясат бөлімінің, білім бөлімінің мамандары, ауылдық және кенттік округтер әкімдерінің, жастар орталығының және дәстүрлі діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші жарты жылдықта 1719 жас қатысқан 59 әртүрлі форматтағы іс-шара өткізілді.
Бородулиха ауданында отансүйгіштікке баулу бағытында келесідей жұмыстар атқарылды: мамыр айында жыл сайын Жеңіс күнін меркелеу қарсаңында «Поздравь ветерана» акциясы, ҰОС қазақ тапқандарды еске алу құрметіне «Зажги свечу памяти» акциясы, «Дорога Афганистана» интернационал-жауынгерлермен жастардың кездесуі, маусым айында ҚР  мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Бұл біздің Ту! Бұл біздің Елтаңба! Бұл біздің Әнұран!» жастар автошеруі, Астана күніне арналған іс-шаралар өткізілді. 
Әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Бородулиха ауданының жастар құрама командасы «Айбын» облыстық әскери-спорттық ойындарына қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Бұл команданың кейбір қатысушыларына Қарағанды облысында өткен «Айбын» республикалық әскери-спорттық ойындарына қатысуға мүмкіндік тудырды.
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы консультативтік-кеңесші орган – жастар ісі жөінідегі кеңс жұмыс атқарады. Оның құрамына ауданның мекеме және ұйым басшылары, ауылдық және кенттік округ әкімдерінің мамандары, белсенді жастар кіреді. Сондай-ақ Жастар кеңесі барлық округте жұмыс жасайды, және де әр округте жастар орталығы қызметінің міндеттерін атқаратын мамандар жұмыс жасайды. 
Ауыл жастарымен жергілікті жерлерде жұмыс істеуге жаңадан құрылған ұжым - сегіз адамнан тұратын ынталы топ жүзеге асырады. Олар іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге белсенді көмек көрсетеді және аудан жастарының өмірі жайлы әлеуметтік желіде ақпараттар жариялайды.  
Жалпы Бородулиха ауданында жастар саясатын іске асыру тиісті деңгейде жүргізіледі. Жастар қоғамдық маңызы бар саяси іс-шараларға атсалысады. Бұл өз кезегінде азаматтық отансүйгіштікті, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Парақтар өзгертілді: 06-11-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Тамыз 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018