КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

2007 жыл ішінде ауданда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың насихаттық жолдауына бағытталған, «Қазақстан - 2030» Стратегиясы, жастар саясатын іске асыру, кәмелетке толмағандандардың құқығын қорғаудағы үкімет бағдарламасы, гендерлік саясаттың жүзеге асырылуы, оралмандармен жұмыс, нашақорлық және наркобизнеспен күрес аймақтық бағдарламаларының орындалу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда жолдау насихаты бойынша жұмыс  барлық білім беру және мәдениет мекемелерінде жүргізіледі. Түсіндірме жұмыстарын белсендіру мүддесінде мемлекеттік мейрамдар  мен күндер әлеуетті пайдалынады. Барлық мерекелік  мейрамдарда көрнекті үгіттеу түрінде  мемлекеттік рәміздер, Президент Жолдауының дәйекі сөздерімен ұрандар пайдаланады.

 

Ақпаратты-насихат топтарына көмек ретінде «Қазақстандағы демократияның жаңа кезеңдері» тақырыбына арналған 45 әдістемеліктер, «Азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау басты назарда» 70 дана, «Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан» тақырыбы бойынша 70 дана әдістемеліктер  дайындалды.
2007 жылы ақпараттық–насихат топ мүшелерінің қатысуымен 571 кездесу өткізілді. Осы аталған іс-шараға барлығы – 20474 адам қамтылды.
Ақпаратты-насихат топтарының мақсаты  мемлекет саясатының жан-жақты түсіндірмелік жұмысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын тұрғын халыққа  түсіндіру.

Ішкі саясат бөлімімен түсініктірме жұмыстар түрлеріне жетілдірулер іске асырылуда.
15 шілдеде Бакин ауылдық округінде « Қазіргі замандағы елдің саяси дамуындағы  Қазақстан халықтар Ассамблеясының рөлінің жоғарлауы» атты семинар өткізілді. Осы семинарға 40 адам қатысты.

18 шілдеде Дмитриевка, Бакинский, Новодворовка селолық округтерінде «Нұр Отан» партиясының қолдауы мен  «Азаматтық сана мен саяси мәдениеттілікті қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өткізілді, сонымен бірге осы жиында Жолдаудағы Президенттің сұрақтары мен міндеттері талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысына 106 адам қатысты.

Петропавловка, Андреев, Зубаир ауылдық округтерінде  Ішкі саясат бөлімінің, жұмыстылық пен әлеуметтік бөлімінің, ЗТМО мамандарының қатысуымен оқыту семинары болып өтті. Осы семинардың жұмысына қоғамдық ұйымдардың  өкілдері,зейнеткерлер,ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараға 184 адам қатысты.

Жолдау насихаты бойынша жұмыс  барлық білім беру және мәдениет мекемелерінде жүргізіледі. 1Сайлау алдында ақпаратты-насихат тобы және аудандық Мәдениет үйінің әртістері аудандағы барлық ауылдық округтерді аралап, дәрістер, отырыстар, «дөңгелек үстелдер» өткізді. Осы өткізілген іс-шаралар «Қазақстан 2030» Стратегиясының 10- жылдығына арналды, жиынның соңы концертке ұласты.

12 шілде д Дмитриевка аудан орталығында «Қазақстан 2030» Стратегиясының 10- жылдық мерей тойына арналған «Коррупцияға жол жоқ» атты дөңгеле үстел өтті. Осы шараға жастар ұйымының өкілдері, заңгерлер, қорғаушылар, аудандық заң орындарының басшылары, «Нұр Отан» партиясының төрағалары және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Осы жиынға 55 адам қатысты.  

2006 жылдың 9 тамызымен 12 қыркүйек аралығында ақпараттық үгіт насихат тобының мүшелері және насихат бригадасымен бірігіп, аудандағы барлық ауылдық округтерді аралап «30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні» атты дәріс өткізді. Осы мерекені аудандық Мәдениет үйінің әртістері концертпен жалғастырды..

26 шілдеде Жастар- 2007 Форумы өтті.Форумға келген жастар ауданымыздағы  табиғаты әсем Михайловка көлінің жағасында бас қосты. Ауданның белсенді жастарынан құралған  90 адам  «Ордың шетінде көрінбе» атты  дөңгелек үстел басында бас қосты.Осы шараға Бородулиха АІІБ-нің қызметкерлері,Орталық аудандық аурухананың нарколог-дәрігері қатысты.Бас қосудан кейін Форум мүшелері қызу да тартысты бас қосуды  спорттық ойындармен жалғастырды.Ойыннан кейін оларды табиғат аясында түскі тамақ күтіп тұрды.Мәдениет үйінде  «Жастар біздің болашағымыз» атты   КТК ойыны болды.Сайыс Переменовка, Андреев, Новодворскии селолық округтері жастарының арасында өтті. Переменовка ауылдық округінің  жастар командасы жүлделі  I орынды жеңіп алды. Барлық сайысқа қатысушы командалар  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

22-23 тамыз аралығында облыстық департаменттердің өкілдері Жезкент, Ново-Шүлбі, Бородулиха ауылдық әкімдіктерінде діни ұйымның өкілдері, ақсақалдар кеңесі және ардагерлер кеңесінің қатысуымен «Қазіргі замандағы терроризмдегі - діни факторлар» атты дөңгелек үстел өткізді. Осы шараға -178 адам қатысты.

1 қыркүйекте барлық ауылдық округтерде және аудан орталығында білім күніне арналған салтанатты лездемелер өтіп, білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен алғашқылардың бірі болып аудан әкімі  құттықтады.

7 желтоқсан күні Бородулиха ауданының әйелдер Форумы болып, осы шараға 300 әйел адам қатысты. Форумның мақсаты қоғам өміріндегі әйел мен еркектің арасындағы теңдікті қалыптастыру болып табылады. Форумға шақырылған әйел адамдардың кәсіби және қоғамдық көзқарастары, гендерлік теңдіктің әлеуметтік мәселелерімен тығыз байланысты.

Бородулиха аудандық әкімі аппаратында қолданыстығы заңдарға сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын комиссия құрылып, жұмыс істейді. 2007 жылы Бородулиха аудандық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиямен 35 отырыс өткізді, 154 тұлға қарастырылды, оның ішінде 95 кәмелетке толмағандар мен 59 ата-ана, оның ішінде 15 ата–ананы құқығынан айыруға сотқа құжаттар жіберілді, 40 ата-ана міндеттерін орындамаудың зардаптары туралы ескертілді. Жұмысқа орналасуға және кәмелетке толмаған 18 балаға мектепті экстернатпен бітіруге рұқсат берілді. 2 кәмелетке толмаған балаға арнайы мектепте оқуын жалғастыруы қажет емес деп шешті. 49 кәлеметке толмаған балаларға мектепке келмеудің зардаптары туралы ескерту жасалды,  сотқа 4 ата-анаға байланысты материал жіберілді.   

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019