КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

Болашақты жасау жастардың қолында

 

11- маусым күні Бородулиха ауылында Бородулиха ауданының Жастар форумы өтті. «Қазақстанның болашағы - жастар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Онда ауыл жастары  өздерін толғандырып жүрген сауалдарына толыққанды жауаптарын алды деп ойлаймыз. Дөңгелек үстелге Бородулиха ауданының әкімі – Т.Т.Әбілмәжінов қатысты. Өзінің сөзінде жастық шақ- күш жігердің тасқындап тұрған кез екенін, алға қарай ұмтылуда қайтпас қайсар және батыл болуларын айтып өтті.
Бүгінгі таңда мемлекетіміз жастар атынан келіп түскен баянды бастамаларды және жастар қозғалысын белсенді түрде қолдайтынын, болашқты қалыптастыру жаңа мыңжылдықтың жас ұрпақтарының қолында екенін, жастарға қатысты қандай мәселелер болмасын келелі шешім табуға  әрқашан көмек беруге дайын екенін атап өтті. 

Дөңгелек үстелде қоғамдық, мәдени - көпшілік, жастар өмірінің бос уақытын қалай өткізу туралы және ауданымызды бұрыннан толғандырып жүрген мәселелер беті ашылып, ортаға салынды. Бородулиха ауылындағы «Большое» өзенінің тазартылуы, аудандық мұражай ашу, жастар қылмыстылығының көрсеткіші жайлы және Михайловка өзендерінде қазіргі заманға сай демалыс орындарын ашу, кітапханаларды шетел тіліндегі әдебиеттермен, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады. Қатысушылар өз ойларын айтып, сындарлы сөйлесулер өткізді.

Бородулиха аудандық прокурорының көмекшісі, 3-класстағы заңгер В.В.Сычев: «Жас мамандар, студенттер өз білімдері, лидерлік сапалары, ерік, ынталарының арқасында өз елінің болашағына әсерін тигізермін деп кәміл сенеді, бірақ өкінішке орай жастардың көпшілігі саясат мәселесіне көп көңіл бөле бермейтіндіктен, бұл селқостықтың мәнін жастар өз болашақтарына ешқандай әсер ете алмайтындықтарымен түсіндіреді» - дейді.

Қазақстанның дамуына жастар үлестерін қосқылары келсе, қандай да бір игі істерді қолға алсада мұндай селқостық танытпауы керек. Жас ұрпақ алған қойған мақсаттарына жету үшін әр нәрсеге сене бермей күмәнді көзқараспен де қарай білуі керек, көздеген мақсатқа жету үшін табандылық, төзімділік керек осының арқасында жаңа идеялар дүниеге келіп жатады.

Дөңгелек үстел барысында  Бородулиха аудандық прокурорының көмекшісі Е.Т.Жұматаев, «Пульс района» газеті редакциясының жауапты хатшысы Н.В.Таратутин, Новопокровка селолық округі әкімінің аппараты ММ - нің редакторы, М.О.Әуезов атындағы университеттің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Смағұлова сынды қонақтарымыз  өз пікірлерін білдірді.

Бұл күні адандағы жастар өкілдері ішінен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олардың ішінде: Н.Островский атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары - Д.Қ.Хасенова, Комаров атындағы орта мектептің мұғалімі - А.В.Сафина, аудандық Мәдениет үйінің әртісі, республикалық және аудандық байқаулардың лауреаты - Мағазбек Қажымұқан, Бородулиха АІІБ полиция кезекшісі, полиция сержанты Б.Қ.Ахметжанов, Бородулиха АІІБ полициясының учаскелік инспекторы Д.Қ.Омарғалиев, Өртке қарсы қызметінің аға лейтенанты, 51-ӨБ Әкімшілік тобының аға испекторы - М.М.Мұхамедьярова, В.П.Екидин - кәсіпкер, Қазақстанның қазақша күрестен 51кг салмақтағы чемпионы - Б.Джантасов, жастар арасында гір көтеруде Қазақстанның күміс жүлегері, гірлік спорт бойынша құрама облыстың мүшесі - В.Алексенко, Бородулиха ОАБ хирург дәрігері Э.О.Сибаева, Қазыналық бөлімінің бас маманы - Ұ.Б.Белғожаева  бар. 

Осы аталған адамдарға аудан әкімімен Алғысхат және естелік сыйлықтар берілді. Соңында Мәдениет үйі әртістерімен дайындалған музыкалық нөмір қойылды. Форум салтанатты түрде ашылғаннан кейін қатысушылар Михайловка өзеніне демалуға аттанды. Онда бәрі де шет қалмай жарыстарға қатысты.

Ең белсенді ойыншылардан  Аннтоненко Коля, Дьяченко Юля және Саибаева Рашида сынды қыздарымызды айтуға болады. Белсене қатысқандардың түгелі дерлік сыйлықтар берілді.

Мерекелік кеш Бесқарағай ауданының әртістері қойған концертпен аяқталды. Осындай ізгілікті ниетте өткен іс - шараның бірі ретінде Форумды атап өтуге болады.

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019