КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

2009 жылы 11 тамызда Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округінің базасында «Нашақорлықпен күрес - әр азаматтың ісі» тақырыбында дөңгелек стөл өткізілді. Іс-шараның бастамашысы – ішкі саясат бөлімі.
Дөңгелек стөлдің жұмысына аудан әкімінің орынбасары Р.Атаева, ішкі саясат бөлімінің бастығы Д.Табиева, ауданның селолық және кенттік округ әкімдері, ішкі істер бөлімінің, білім бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Барлығы 29 адам жиналды.
Дөңгелек стөлге қатысушыларға «Есірткіге жол жоқ!» атты слайдтар мен «Есірткіге «ЖОҚ» де!» деректі фильмі көрсетілді. Күн тәтібі бойынша ішкі істер бөлімінің, білім бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің «Бородулиха ауданында нашақорлықпен және есірткі сатумен күрестің өңірлік бағдарламасының» орындалуы жөніндегі ақпараттық анықтамалары тыңдалды және талқыланды.
Өзекті мәселелерді талқылау барысында кәмелеттік жасқа толмағандарды спортпен шұғылдануға тарту бағытында ақысыз спорттық секцияларды кең түрде қолдану, нашақорлықтың алдын алу бағытында оқу-әдістемелік және көрнекі үгіт-насихаттық өнімдерді таратуды қастамасыз ету, ата-аналар үшін дәрісханалар құру шешілді. Селолық округ әкімдеріне нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кең көлемді үгіт-насихаттық жұмыстарын өткізуді тәжерибеге енгізу ұсынылды.

      

 

2009 жылы 13 – 14 тамызда Өскемен қаласында белорус халқының Шығыс Қазақстан жеріне орналасқанына 100 жыл толуына арналған Қазақстандағы белорустардың тарихы және мәдениеті күндері өтті.
Аталған датаға арналған салтанатқа Бородулиха ауданынан аудан 10 адам (оның ішінде бесеуі – белорус ұлтынан) барып қайтты, оларды аудан әкімінің орынбасары Р.Атаева басқарып барды.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары С.Әбденов сөз сөйлеп, Елбасымыз Н.Назарбаевтің саясаты тәуелсіз Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің бірлігін нығайтуға бағытталатынын атап өтті.
Беларусь Республикасының елшісі В.Гапеев Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «Беларусь Республикасының азат етілгеніне 65 жыл» мерейтойлық медальдар табыс етті және 288 мерейтойлық медальдің 285 Қазақстанда қалатынын баса айтты. Елші сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь елдері арасында достықты бекітуге мүмкіндік беретін бірқатар маңызды мәселелерді де атап өтті.
Содан кейін белорус халқының Шығыс Қазақстан жеріне орналасқанына 100 жыл толуына арналған үлкен мерекелік концерт болып өтті.

 

 

2009 жылы 19 тамызда Бородулиха ауданының Краснояр селолық округінің базасында ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жас насихатшылардың байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: насихаттық қызметтегі аудан жастарының әлеуетін анықтау.
Байқауға аудан әкімінің орынбасары Р.Атаева,  ауданның селолық және кенттік округ әкімдері, Семей қаласы Жастар және балалар ұйымдарының ассоциасының өкілдері М.Қабақов, А.Омаров, ішкі саясат бөлімі қатысты.
Байқауға ауданның барлық селолық округтерінен 15 үміткер жиналды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – тақырыптық үй тапсырмасы, онда шешендік шеберлік пен тақырыпты ашу бойынша баға берілді.
Екінші кезеңде «Риторикалық байқау» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар берілді, онда үміткерлерге келесі түрдегі сұрақтар қойылды – «Төбелес: ұру немесе қашу?», «Есірткі: әлсіздік немесе ауру?», «Пара: алу немесе алмау?» және тағы сол сияқты.
Үшінші кезең де шығармашылық байқаудан тұрды – берілген тақырыпқа көрнекі насихаттық материал дайындау керек болды.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды Серікбаева Гүлжан (Андреевка селолық округі), II орынды Сәлімова Динара (Новодворовка селолық округі), III орынды Федорова Ирина (Петропавловка селолық округі) жеңіп алды. «Ең үздік шығармашылық талып» номинациясы бойынша Я.Шумкина (Белағаш селолық округі), «Ең жас насихатшы» номинациясы бойынша А.Рыбошапко (Степной селолық округі) көтермелеу жүлделерін алды.
Байқаудың жеңімпаздарына, сондай-ақ барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен көтермелеу жүлделері табыс етілді.

 

2009 жылы 27 шілдеде Бородулиха ауданы әкімдігінің кіші залында нашақорлықпен және есірткі сатумен күрес жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.
АМБ –нің наркологиялық кабинетінде анонимді қабылдау және ақыл-кеңес беру жүргізіледі. Наркокабинеттің АІІБ және МАИ ведомстволарымен бірлескен жұмысы жолға қойылған. Дәрігер-нарколог АІІБ учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп нашақорлықтың алдын алу және есірткі мен психотропты заттар қолданатын адамдарды анықтауға бағытталған, әсіресе, демалыс және мереке күндерінде жастар көп жиналған жерлерда рейдтер жасайды.
Бородулиха ауылының спорттық кешенінде үнемі «Спорт нашақорлыққа қарсы!» ұранымен аудандық сайыстар өткізіліп тұрады.
Аудандық Мәдениет үйінде аудан орталығындағы ұйымдар арасында «Нашақорлыққа – ЖОҚ дейміз!» ұранымен КТК-лар, «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен жастар командаларының фестивалдары өткізіледі. Аудандық «Аудан тынысы – Пульс района» газетінде нашақорлық мәселелеріне қатысты мақалалар жарияланады. Аудан мектептерінде жыл сайын ең үздік шығарманың, плакаттың, суреттің шығармашылық байқаулары өткізіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия нашақорлықпен және есірткі сатумен күрес бағытындағы бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында орындау үшін сәйкес ұсыныстар берілді.

 

Жарыста біздің Бородулиха Қазақстанның астанасымен ойдағыдай танысып өзін көрсетті.
Біз жерлестерімізді Астананың тұғырғырында спорт ойындарын табысты түрде көрсеткендігімен құттықтаймыз, зор денсаулық және табыс тілейміз. Жасөсіпірімдерге осы қиын ер спортына келініздер дейміз, бұнда өзіңді көрсетіп, Бородулиха ауданының атын шығаруға мүмкіндік бар.
Ауданда бекітілген кестеге сәйкесінше, селолық және кенттік округтерге шығатын, 46 адамнан құралған 14 аудандық ақпараттақ-насихаттық топтардың және селолық және кенттік округтерде қызмет ететін, 150 адамнан құралған 33 ақпараттық-насихаттық топтардың құрамы даярланып бекітілген. Ауданның селолық, кенттік округтері бойынша аудандық ақпараттық-насихаттық  топтарының шығу кестесі құрылған. Ақпараттық -насихаттық топтардың мүшелері еңбек ұжымдарымен түсіндірмелік дәрістер, кездесулер өткізді. Түсіндірмелік жұмыстарға соғыс және  еңбек ардагерлері, халық арасындағы беделге ие болғандар тартылған. Селолық, кенттік округтер әкімдерінің аудандық ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелерімен бірлескен кеңес өткізілді, онда өткізілген іс-шаралардың идеологиялық бағытын, тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан жетістіктерінің насихаты; Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында берілген мәселелер түсіндірілген.

Ауданның барлық мекемелері мен ұйымдарында  Жолдауды насихаттау бойынша жұмыс жүргізілуде. Түсіндірмелік жұмыстарды белсеңдеттіру мүддесінде мемлекеттік мерекелер мен айтулы күндердің әлеуеті қолданылады. Барлық мерекелік іс-шараларда көркем үгіт түрінде мемлекеттік рәміздер, Президент Жолдауынан алынған дәйексөздермен ұрандар пайдалынылады.
Ақпараттық-насихаттывқ топтар мүшелеріне көмек ретінде «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» әдістемелік материалдары даярланған. Селолық, кенттік округтердің әкімдеріне, ұйымдар басшыларына Президент Жолдауының толық мәтіні, Астана қаласындағы екінші экономикалық форумдағы Н.Ә.Назарбаевтың сөз сөйлеуі бойынша әдістемелік материалдар таратылған.

2009 жылдың 1 тоқсанында ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелерімен 223 кездесулер, дәрістер және 6 дөңгелек үстелдер өткізілді, оған  4569 адам қатысты.
Ақпараттық-насихаттық топтардың мақсаты - мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Республика, облыс, аудан ауқымындағы жетістіктерін бар жағынан түсіндіру жұмыстары болып табылады.
Кестеге сай, қаңтардың 12-нен 21-не дейін аудан әкімінің барлық селолық, кенттік округтерінде есептік кездеселері өтті.
16 қаңтарда аудандық Мәдениет үйінде хрестиан мекерекесінің бірі Иисус Хрестостың дүниеге келгеніне, ұлы және жарық  Рождество Хрестовоға арналған  «Праздник красоты, музыки и добрых чувств» концерті өтті. Свято -Никольский  храмының дін қызметшісі, иероманах Агапитке сөз берілді, ол барлығын Рождество мерекесімен құттықтап, рухани саулық, ізгілік және аман -саулық тіледі.
21 қаңтарда Бородулиха ауданына ішкі саясат  басқармасының  басшысы Закирянова Баян Хайруллайқызы келді. Бородулиха аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен жиналыс өтті, жиналысқа мекемелердің басшылары, Кәрібай мешітінің имамы Тілеуберді Қанетұлы, Иеромонарх Агапий шақырылды және Қазақстанның халықтық -демократиялық  «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары шақырылды. Жиналыс барысында: Бородулиха ауданының әл-ауқатын, еңбек ететін қызметкерлердің жалақыларын жиырма бес пайызға өсуіне, болашақта оқушылардың білім алу деңгейін жақсартуға, дәрігерлер мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің нормативтері, саяси экономика жағдайына және тағы басқа мәселелер жайында сөз қозғалды. Жиналыста әртүрлі  сұрақтар талқыланды, оның бірі бүкіл әлемдік қаржы -экономикалық дағдарыс және оған қарсы қандай шаралар қолдануы керектігі.

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаныңда, «Гранд» кафесінде «Алтын Алқа», «Күміс алқа»  алқаларымен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған көп балалы аналарға арналған, аудан әкімі Т.Б.Қасымовтың қабылдауы өтті.
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.К.Аргумбаев және аудан әкімінің орынбасары Р.А.Атаева барлық әйелдерді көктем мерекесімен шын жүректен құттықтады. Керемет концертті, аудандық «Айналайын» фестивалінің барысында Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Ғибрат Азубаевпен ашылған, ауданның әр ауылдардан келген «жұлдыздары» мен «жұлдызшалары» құрады.
Ондағы үлкен залда апалар өздерін жайлы сезінді. Олардың көбі микрофонды алып, сүйікті өлеңдерін орындап, Қазақстан Республиксы Президентіне, аудан әкіміне, аудандық мәслихат хатшысына көрсеткен қамқорлық пен қолдаулары және  осы қуаныш үшін алғыстарын айтты.
Мереке,  сыйлық пен гүл  сыйлау және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

2009 жылдың 18 наурызында аудандық Мәдениет үйінде мемлекеттік органдар,  медициналық және білім беру мекемелер басшыларының, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен Президент Жолдауы бойынша актив өтті. Іс-шараға шаруа қожалықтарының басшылары,  кіші және орта бизнестің өкілдері де қатысты. Ауданның барлық селолық, кенттік округтерінде Президенттің Қазақстан халқына  Жолдау бойынша активтер өткізілген. Барлық ақпараттық-насихаттық топтардың халықпен кездесулерінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатына оң көзқарастар айтылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 6 наурызында «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауы жарияланғаннан  кейін, ішкі саясат бөлімімен  Президент Жолдауын ақпараттық-насихаттық қолдаудың іс-шаралар жоспары және медиа-жоспары даярланды және әкіммен бекітілді. Мекенжайлық аудиторияларындағы жұмыстарды есепке алумен ақпараттық-насихаттық топтардың шығу кестесі құрылды және бекітілді. Осыған қоса, ақпараттық-насихаттық топтардың кеңесі өтті.

19 наурызда ауданға облыстық ведомствааралық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Т.Т.Тусипбеков келді, боролулихалықтар алдында Президенттің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауы жөніндегі дәріспен сөз сөйледі.
Новодворовка, Новошульба, Уба-Форпост округтерінде «Қазақстан жолының стратегиясы» шығу дөңгелек үстелдер өткізілді, оның мақсаты- біздің мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттарын  және Президент Жолдауын түсіндіру, оны жүзеге асырудағы бірінші шаралары болып табылады. Қатысу ауқымы  260 адам.
28 наурызда Жастар ісі бойынша аудандық кеңестің отырысы өтті, күн тәртібіне келесі мәселелер қарастырылды:
1. «2006-2008 жылдарға арналған Бородулиха ауданының жастары» өңірлік Бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары туралы». Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында  «2009-2011 жылдарға арналған Бородулиха ауданының жастары» бағдарламасын бекіту;
2.«Жастар арасында қылмыстылықпен күрес және  құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жағдайы туралы»;
3.«Жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту: жағдайы, мәселелері, шешу жолдары мәселелерін шешу туралы».
Қазақстандық патриоттықтың негізгі талаптарының бірі Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыс болып табылады.  Ауданның барлық мектептерінде Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және әнұранның екі тілдегі мәтіні бейнеленген «Біздің мемлекетіміздің рәміздері» стендтері ресімделген.

Аудан мектептерімен, кітапханаларымен, кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекциясымен  бірлесе жасөспірімдер  және жастар арасындағы қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары даярланған. І тоқсан ағымында ауданның орта мектептерінде «Уберечь от дурмана», «Жастар және есірткі-ғасыр трагедиясы» атты сынып сағаттары, аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігерінің, кәмелетке толмағандар істері бойынша инспектордың қатысуымен «дөңгелек» үстелдер өткізілді. Есірткімен күрестің алдын алу  бойынша барлық жұмыстар «Біз өмірді таңдаймыз!» атты ұранында өтеді.
Аудандық «Пульс района» газетінің редакциясымен бірлесе, жастарды қызықтыратын мәселелер мен тақырыптарды БАҚ-да жариялау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледе.

Астанаға саяхат
«Таңғажайыиптар әлеміне». Бұл сөздер  Республикалық  «Әнші балапан» фестивалінің ең жас  қатысушысы Нұрболат Ерболұлына арналған. Бұл Астанада 5 күн көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті, 5 ішіндегі анасына деген сағынышын жеткізе алмас. Аудандық «Айналайын»  фестиваль- конкурсының жаңа талантары Астанадағы Келісім сарайының сахнасында шырқап қайты.  Қазақстанның үлкен және кіші  қалаларынан жиналған 480-нен астам  қатысушылар қатысты, эстрада жұлдыздары – қазылар алқасы болды. Бұл біздің Бородулихалықтардың шынайы қуанышы еді. Біздің бақытты балаларымыз   5 жасар Нұрболат Ерболұлы, жеке орындаушылар-Қартанбаев Бекзат, Байсмақова Айза, бишілеріміз Канапьянов Арнал, Ильяшева Альмира,Әділбекова Малика. Балаларымыздың Астанаға барған сапарлары балалық көңілде өте үлкен қуаныштар мен әсер қалдырды. ҚР  еңбегі сіңген артистері Қыдырғали Болманов пен Қарақат Әбділдинаны біздің кішкентай Нұрболатымыз өзінің балалық пәктігімен, ғажап әртістігімен жаулап алды. 3 орын алған Нұрболатымыз салтанатты марапаттау кезінде  шаршағандықтан ұйықтап қалған. Біз барлық жүлдегерлер мен фестивальге қатысқандарды құттықтаймыз. Балалардың үлкен аренаға шығуына көптеген үлкен жұмыстар жүргізілді: қысқа уақыттың ішінде костюмдер тігу, аналары шыдамды түрде балаларымен киімдерін өлшету келіп жүрді, музыкалық жазбалар жазу, би үйрену- барлығын бір айдың ішінде қараңғы уақытқа дейін  сахнада  шаршамай балалармен айналысқан  ҚР еңбегі сіңген әртісі Ғ.Азубаев. Барлығының мақсаты бір болды, ол: табысқа жету. Астана сахнасынан табысқа жетуге мына кісілердің ықпалдары  болды: аудан әкімі және оның командалары, ата-аналар, «Коростелевское» ЖШС Ертаев А,  «Зайтенов» шаруа қожалықтарының басшылары

Президенттің жолдауындағы ақпараттық –түсіндірме жұмыстарын жүргізуге мәдениет қызметкерлері де кірісті. 30 наурыздан  21 сәуірге дейін ҚР еңбегі сіңген әртіс Ғ.Азубаев, Астанадағы  республикалық «Әнші балапан» фестиваліне қатысушылар, Риддердегі облыстық конкурс « Өз жұлдызыңды жақ», «Русские узоры», «Гәкку» халықтық ұжым біріккен  «Наурыз-Думан» ақпараттық –концерттік жобасын қойды. Президенттің Жолдауындағы ең үлкен жол көрсетуші- бала, біздің балаларымыз. Бекзат Картанбаев Астанаға  алғаш  барған саяхаты жайында, Арнал  Келісім сарайындағы алған әсерлері жөнінде, ал кішкене Нұрболат болса  өзінің үйіндегі үлкен жеңісі, олардың жанұясы үлкен –бес балалы отбасы.Жаңа жыл қарсаңында пәтер алғандарын, костюм тіккендерін, «Пирамида» сахнасында ән айтқанын, Бәйтерекке көтерілгенін мақтана айтуда. Жас насихаттаушылар Новопокровка, Дмитриевка, Зенковка, Новошульба, Переменовка, Михайличенко ауылдарында болып қайтты.

Балалар мен үлкендер бұл жобаны  өз еріктерімен қолдады, бұл Президент жолдауы – бүгінгі күннің шынайылығы екендігіне көздері жетті.
Сәуір айының 22-сі күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп, ауданымыздағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерінің арасында «Мұғалімдердің кәсіптік білімдерін арттыру жолдары» атты семинар кеңесі болып өтті. Балалар неге қажетті көлемде мемлекеттік тілде игермеген? – деген сұрақтар жауапты талап етті. Осы семинар кеңеске  65-дан астам мұғалім келіп қатысып.
Н.Островский, Комаров, Ивановка,  Переменовка, атындағы орта мектебі, Жезкент N 2 орта мектебі, Новопокровка орта мектебі оқушыларының жетістіктерін, ұстаздардың жеке марапаттаулары,  алғыс хаттары жөнінде айтылды.
Береке басы –БІРЛІКТЕ.  2009 жылдың 23 сәуірінде Бородулиха аудандық мәдениет үйінде  ұлттық –мәдениет  бірлестіктерінің тұсаукесері ашылу салтанаты болды.  Онда әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, және ас-тағамдары: орыстар «Сударушка», татарлар «Сарногай», украиндықтар «Хуторянка», корейліктер «Арирам», немістер  «Фройндшафт» көрсетті.      Ұлттық орталықтар  құрылды, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясымен достық, мәдени байланыстар орнады. Ассамблея қонақтары- Асауп Гульнар Оразбекқызы, Нелли Фаизова, Нетребич Андрей Максимович жақсы қабылдады.

«Сарногай»  Татарлар бірлестігінің басшысы Давлетшина Людмила Сарногай, Новопокровка, Дмитриевка ауылдарындағы татарларды біріктірді. Олардың 12 апалар –абик, 1 ата –бабай. Барлық отандастарға есек ашық. Біздің татарлар өте қуанышпен  татарлар конгресіне Казань, Семейге барып қайтқандарын атап өтті. «Сарногай» бірлестігінің басты міндеттері  «Сабантуй», «Науруз», «Нардуган» сияқты ұлттық мейрамдарды өткізуді болып табылады. Жезкент кентінің «Сударушка» орыс ұлтының орталығы құрылғанына екі жыл болды, бірақ аудан деңгейінде бірінші рет көрінді. Кент өміріне белсене қатысады, Семей қаласының Орыс қоғамымен қызмет етеді. Дмитриевкадан келген украиндық бірлестік аудандық  мәдениет іс-шараларға үнемі белсене қатысады,  өздерінің билерімен көрермендердің көңілінен шықты. Буркотов және Новошульба ауылдарынан келген Корей диаспорасынан Александр Нам және Людмила Цой өз өнерлерін көрсетті. Людмила Цой басқа ұлт өкілдері арасынан облыстық байқауда мемлекеттік тілден өз білімін көрсетіп 1-ші орынды жеңіп алды. Новодворовка селолық округінің  неміс  тобы көптен бері Семей қаласының «Возрождение» қоғамымен қызмет етеді  және керемет коцерттері ел ауызынан көпке дейін кетпей жүрді. Балалар Боровикова Татьяна Петровна жетекшілігіндегі би үйірмелеріне қатысады.  Би ежелгі дәстүрлі  халықтық билерге қатысуға мүмкіндік береді, Неміс  тобы  барлық ұлттық және діни мерекерлерге қатысады. ҚР еңбегі сіңген әртісі Ғ.Азубаев пен аудандық мәдениет үйінің әртістері А.Молдиярова, Т.Шнайдер, «Русские узоры», «Гәкку», ұлттық  ұжымдары орыс, украин, корей  өлеңдерін айтып мерекені одан ары көркейтті. Келген қонақтар ең кіштенкай  әртіс Нұрболат Ерболұлының өнеріне таңқалды. Ұлттық  дастархан мәзірінен дәм татырды. Әртүрлі ұлт өкілдері бірдей деңгейде Тәуелсіз Қазақстанда жаңа  қоғам құруда.

Орталық- жексенбілік мектептер, Достық үйін ашу, музыкалық ұжымдар ашуды жоспарлауда.
Кәсіпкерлік бөлімімен бағаның дәлелсіз өсуін болдырмау бойынша жұмыс жүргізіледі, жекелеп алғанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларлың негізгі топтарына және ЖЖМ күнделікті мониторинг жүргізіледі.
2009 жылдың 17 қаңтарында Бородулиха ауданының әкімдігі,  селолық округ әкімдерімен, аудандағы наубайхана басшыларымен және нан-тоқаш өнімдерін сатушылармен Бородулиха ауданындағы бірінші сұрыпты нан бағасының өсуін тұрақтандыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қортындысында ауданда 1 сұрыпты (530 гр) нанның бағасы төмендеген және бір бөлке 42 теңгені құрайды. 2009 жылдың 26 қаңтарында Бородулиха әкімдігі селолық кенттік округ әкімдерімен, ЖҚС басшыларымен Бородулиха ауданында ЖЖМ бағаларының өсуіне байланысты сұрақтарды шешуге меморандум жасалған, аудан әкімі және фармацевтикалық дәріхана иелері арасында дәрі-дәрмектің бағасын өсіруді тежеу және үздіксіз қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы   6 меморандум жасалды.
Ауданның барлық кәсіпкерлерінің қатысуымен аудан әкімі орынбасарының төрағашылық етуімен үнемі жиналыстар өткізіледі.
Ауданда 2009 жылдың 20 қаңтарында аудан әкімімен Бородулиха ауданындағы 2009 жылға арналған дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шараларының жоспары және дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жұмыс тобының құрамы дайындалған және бекітілген.
Ауданда аудан әкімінің орынбасары, аудандық штаб басшысы А.А Нұрғожинның төрағалық етуімен құнсыздану процесстерін тежеу бойынша Штаб жұмыс істейді. 2009 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша құнсыздану процессін бақылау бойынша аудандық  Штабтың 7 отырысы өткізілді.

 

16 қаңтарда аудандық Мәдениет үйінде хрестиан мекерекесінің бірі Иисус Хрестос дүниеге келгеніне, ұлы және жарық  Рождество Хрестовоға арналған  «Сұлулық, музыка және ізгілік сезім мерекесі» концерті өтті. Свято -Никольский  храмының дін қызметшісі, иероманах Агапитке сөз берілді, ол барлығын Рождество мерекесімен құттықтап, рухани саулық, ізгілік және аман -саулық тіледі.
Қаңтар айының жиырма бірі күні, арнайы іс-сапармен Бородулиха ауданына ішкі саясат  басқармасының  басшысы Баян Хайруллайқызы келді. Бородулиха аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа мекемелердің басшылары, Кәрібай мешітінің найып имамы Қанетұлы Тілеуберді, Иеромонах Агапий шақырылды және Қазақстанның халықтық -демократиялық  «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары шақырылды. Жиналыс барысында: Бородулиха ауданының әл-ауқатын, еңбек ететін қызметкерлердің жалақыларын жиырма бес пайызға өсуіне, болашақта оқушылардың білім алу деңгейін жақсартуға, дәрігерлер мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қадағалауға, саяси экономика жағдайына, және тағы басқа мәселелер жайында сөз қозғалды. Жиналыста әртүрлі  сұрақтар талқыланды, оның бірі бүкіл әлемдік қаржы -экономикалық дағдарыс және оған қарсы қандай шаралар қолдануы керектігі.

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019