КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

Елбасы Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстар

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жылсайынғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы Бородулиха ауданының тұрғындары үшін маңызды бағдарламалық құжат болып табылады, себебі Жолдауда Президент Қазақстан халқына нық сеніммен болашаққа қадам басудың бағытын айқындап берді.
Ауданның кенттік және ауылдық округтарында тұрғындарға ҚР Президентінің Жолдауын жеткізіп, оның басымдықтарын кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде түсіндіретін    14 аудандық (46 адам) және 33 ауылдық (161 адам) ақпараттық-насихаттық топтар белсенді жұмыстар атқарады. Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша есептік кезеңде барлығы 11843 адамды қамтыған, 362 кездесулер, әңгімелер мен дәрістер, 40 «дөңгелек үстел» отырыстары және 85 идеологиялық активтер мен семинарлар өтті.

Ауданға Жолдауды түсіндіру бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.И.Ферхо, Республикалық АНТ мүшелері, облыстық ведомствоаралық АНТ келді. Президент Жолдауын ақпараттық қолдау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Президент жолдауын түсіндіру бойынша әдістемелік материалдар, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы мен индустриалды-инновациялық даму жоспары бойынша материалдар дайындалды. Кестеге сәйкес барлық аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жылсайынғы Жолдау мен басқа да материалдарды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер құрамында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері бар үгіт бригадаларының қоса шығуымен жүзеге асады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында «Мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыс жоспары», «ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асырылуын ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс-шаралар жоспары», «2010 жылға арнаған индустриалды-инновациялық жедел дамудың бағдарламасын жүзеге асырылуын ақпараттық сүйемелдеу медиа-жоспары», «Біріккен ақпараттық-түсіндіру және имидждік жұмысты өткізу» мен «Әлеуметтік және құқықтық қорғау, денсаулық сақтау, экология, тіл саясатында, мәдениет саласында саяси партиялар мен қоғамадық-саяси қозғалыстардың жұмысы» тараулары бөлініп қарастырылған «Мемлекеттік органдардың саяси партиялармен және Бородулиха аудандық қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара қарым-қатынас жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары» сынды жоспарлар әзірленіп бекітілген.

АНТ мүшелерінің шығуына дайындық кезінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында ішкі саясат бөлімімен материалдар әзірленіп  таратылады.
Жолдауды насихаттау мәселесі 2010 жылдың 5 мамырында аудандық әкімдіктің отырысында «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Новопокровка және Жерновка ауылдық округтары әкімдерінің жұмысы туралы» сұрағында қарастырылды. Есептер мен ақпараттар нәтижесі бойынша Бородулиха аудандық әкімдігімен «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Новопокровка және Жерновка ауылдық округтары әкімдерінің жұмысы туралы» қаулы қабылданып бекітілді. Көрсетілген қаулыда Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша жұмысты белсендіру мақсатымен атқару үшін нақты ұсыныстар берілді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында «Нұр Отан» партиясының көшбасшылары, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары – ауылдық Ардагерлер Кеңестерінің, Әйелдер Кеңестері, Ақсақалдар Кеңестері, Көше комитеттерінің төрағалары, соғыс және  еңбек ардагерлері, ақсақалдар, ауданның құрметті азаматтары мен тұрғындары, зейнеткерлер, жастар, жұмыссыздар мен тұрғындардың басқа да өкілдері қатыстырылады. Азаматтық қоғам өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын түсіндіру жұмысына қатыстырылады. Азаматтық қоғамның насихаттық жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында оқыту семинар-кеңестері өткізіліп, онда жұмысында  қолдану үшін әдістемелік материалдар беріледі.

2010 жылдың ақпан-мамыр айларында Бородулиха ауданында ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатымен аумақтық семинар-кеңестер өтті. Жұмыс барысында «Президент Жолдауы – тұрғындар арасында идеологиялық жұмыстың негізі, көрнекілік насихат идеологиялық жұмыстағы маңызды элемент ретінде», «Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП ҚБ 12 съезінде сөйлеген  сөзінде және Президент Жолдауындағы талаптар бастапқы партиялық ұйымдардың, партия мүшелері мен идеологиялық актив міндеті», «Ауданда «Жол картасының» жүзеге асу барысын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша идеологиялық актив міндеттері», «Ауданда жастардың АНТ жұмыстары», «Аудиториямен жұмыс, материалдар жинау, баяндамаларды дайындау» сияқты тақырыптар ашылды.

Мемлекет басшысының Жолдауын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын насихаттау мақстаында 2010 жылдың мамырында азаматтық қоғам өкілдері – ауылдық Ардагерлер Кеңесі, Ақсақалдар Кеңесі, Әйелдер Кеңесі, Жастар кеңестерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Аталған семинар-кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды: «Қазақстан халық Ассамблеясының жұмысы», «Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халық Ассамблеясының 15 съезінде сөйлеген сөзінде қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша қоғамдық құрылымдардың міндеті туралы», сол сияқты баяндамаларымен Ардагерлер Кеңесі, Қоғам Кеңестері, Әйелдер Кеңестері, Жастар Кеңестерінің төрағалары сөз сөйледі. Семинар-кеңесінің нәтижесі бойынша қарар қабылданды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында ауылдық округтар ардагерлер Кеңестерінің төрағаларының қатысуымен аудандық ардагерлер Кеңесінің Пленумы өтті.

Ауданда құрылтайшысы Бородулиха ауданының әкімі болып табылатын «Аудан тынысы» және «Пульс района» атты екі аудандық газет жұмыс істейді. 2010 жылдың 30 қаңтарында Жолдаудың мәтіні жарияланған «Аудан тынысы/Пульс района» газетінің арнайы шығарылымы жарық көрді. Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде әзірленген медиа-жоспарға сәйкес үнемі Президент Жолдауына байланысты мақалалар, үндеулер жарияланады. Бұқаралық ақпарат құралдарында – аудандық газеттер мен аудан әкімінің сайтына Мемлекет басшысының Жолдауын, мемлекет саясатын түсіндіріп жариялау жергілікті атқарушы органдар жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде газеттерді қаржыландыру 2009 жылы 6 млн. 650 мың теңгені, 2010 жылы 9 млн. 329 мың теңгені құрады. Аудандық газеттерде «Қазақстан халқына Жолдау» («Послание народу Казахстана»), «Ұлы Жеңске 65 жыл» («Великой Победе 65 лет»),  «Қазақстан 2030» («Казахстан 2030»), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» («Против коррупции»), «Өзекті сұхбат» («Актуальное интервью»), «Елбасы Жолдауы» («За строкой Послания»), «Ақорда» («Акорда»),  «Әлеуметтік қолдау» («Социальная поддержка») және т.б. үнемі жарияланатын айдарлар бар.
Бородулиха ауданы бойынша баннерлерді орналастырудың жоспары әзірленіп бекітілген. Бұдан басқа ауылдық округтар әкімдеріне ұсынылатын ұран сөздер жазылған хаттар жолданды. Барлық баннерлік өнімдер мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен өткен оқиғалар ретіне сәйкес орнатылды. Баннерлер мен қалқан тақталар келесі тақырыптарда әзірленіп орнатылды: «Қазақстан 2030» Стратегиясын насихаттау» («Пропаганда Стратегии «Казахстан – 2030»), «Мемлекеттік рәміздер» («Государственные символы»), «Салауатты өмір салты» («Здоровый образ жизни»), «Жолдауды насихаттау» («Пропаганда Послания»), «Мемлекеттік тіл», «Партиоттық тәрбие» («Патриотическое воспитание»), «Мемлекеттік тілді насихаттау» («Пропаганда государственного языка»), «Гендерлік саясат» («Гендерная политика»), «Жол жүру қауіпсіздігі» («Безопасность дорожного движения»), «Ұлтаралық және дінаралық келісім» («Межнациональное и межконфессиональное согласие»), «Әлеуметтік қорғау» («Социальная защита»), «Тілдің үштұғырлығы» («Триединство языков»), «Біз нашақорлыққа қарсымыз» («Мы против наркотиков»), «ЕҚЫҰ» («ОБСЕ»), «Жаңа индустияландыру» («Новая индустриализация»),  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» («Борьба с коррупцией») және басқалар. Ауданда 42 баннер, 112 қалқан тақта және 15 керме әзірленіп орналастырылды. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында ауданның барлық мектептерінде, әр кабинетте плакаттық өнімдер орналасқан. Әр мектепте 2030 Стратегиясы, Мемлекет басшысының жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауы бойынша стендтер орнатылған. Үнемі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне арнаған стендтер ұйымдастырылады.

Мемлекеттік жастар саясаты

Бородулиха ауданында аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 9 ақпандағы №16-7-IV шешімімен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Бородулиха ауданының жастары» аудандық бағдарламасы жұмыс істеуде.
Бағдарламаның мақсаты - ауданданның жастар саясатында құқықтық, экономикалық, саяси және ұйымдық механизмдердің іске асуы болып табылады. Ішкі саясат бөлімі басқа бөлімдермен, «Жас Отан» жастар қанатымен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе, әзірленген жоспарға сәйкес, жаппай мәдени іс-шаралар өткізіп келеді.
Іс-шаралар өткізу мақсаты, ауданның саяси -экономикалық өміріне жас азаматтарды белсенді қатыстыру, өсіп келе жатқан жас ұрпақ пен жастарды Қазақстандық патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу, балалардың, жастардың денсаулығын жақсарту болып табылады.
Соңғы жылдары жастармен жұмыс анағұрлым белсендірілді. Әр ауылдық, кенттік округта жастар ісі жөніндегі кеңестері құрылған. Бородулиха ауданының аумағында 19 ауылдық және кенттік округтің барлығында дерлік (15 ауылда) Жастар ісі жөніндегі кеңесі мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ жұмыс істейді. Бұл ұйымдар аудан, ауыл әкімдеріне тәжірибелік қолдау көрсетіп, іс-шаралар өткізуге жәрдемдеседі, жастар мәселесімен айналысады. Аудан әкімі орынбасырының бекітуімен Жастар ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамы, жылдық жоспары құрылды. Бұл ұйым елді мекендердегі жастар кеңестерінің жұмысын үйлестіріп, бағыт-бағдар береді. Оның құрамына ауданның ірі елді мекендерінің жас көшбасшылары мен аудан орталығының жас мамандары кіреді. Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы жылына 4 рет, яғни тоқсанына бір реттен өткізіледі. Мұнда аудандағы жастардың ахуалы, Жастар саясатының ауданда толыққанды жүзеге асырылуы, жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизм мәселелері қозғалып отырады. Жастар ісі жөніндегі кеңесі үнемі аудандық, ауылдық әкімдіктер тарапынан қолдау тауып, жастардың бастамалары назардан тыс қалдырылмайды. Жастар арасында озық тәжірибелер алмасу мақсатында дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестері өткізіледі. Жастар форумын, акцияларын, конкурстарын және тағы басқаларды өткізу дәстүрге айналды.
Демографиялық көрсеткіштерге көз салсақ, 2010 жылдың 1 қаңтарына аудандағы 14-18 жас аралығындағы жастар – 3284 адамды, 19-24 жас аралығындағылар – 4391 адамды,  24-29 жасқа дейінгі жастар – 3901 адамды құрайды. Жастар жалпы тұрғын халықтың құрамынынң 28,8% немесе 11 576 адамды құрайды.

Ауданда өткен жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 54 адам (Соның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 47 адам) жұмыспен қамтылып, 21 адам кейін жұмысқа орналасты. Биылғы жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз жастар тарапынан өтініштер келіп түсуде.
Ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ШҚО Бородулиха аудынының ауылдық елді мекендері мен әлеуметтік сала нысандарына кадрларды тарту бойынша біріккен іс-шаралардың медиа-жоспары әзірленіп бекітілген. Аудан әкімінің ресми сайтында «Дипломмен ауылға» ресми сайтына сілтеме жұмыс істейді. Жоба шеңберінде ауданда «Дипломмен ауылға» жобасына қаржы бөлініп, 2009 жылы 4 маман (2 мұғалім, 2 дәрігер) жалпы көлемі 361,3 мың теңгені құрайтын көтерме ақы алды. 2010 жылы 1 жас маман 750 мың теңге көлемінде несие алды.  2010 жылы 10 маманға жалпы көлемі 989100 теңге қаржы бөлінсе, 10 маман жеңілдік несиесін алады, 2010 жылы жас мамандарды тартуға жалпы көлемі 8 900 000 теңге бөлінді.

«Жасыл Ел» бағдарламасының аясында Бородулиха ауданында 2009 жылы 8 адам жұмыс істеді. 2010 жылы «Жасыл Ел» бағдарламасының шеңберінде 40 адамды жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ішкі саясат бөлімі мен ауылдық округтар әкімдері қосымша ақы төлеуді ұйымдастыру мақсатымен кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыстар атқаруда.
Ауыл жастарын округтардың әлеуметтік өміріне тарту, ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне қатыстыру, балалардың және жастардың қоғамдық ұйымдарын ұйымдастыру, жастардың мәселелерін шешу, патриотизмге, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жолға қойылған.

Үлкен көңіл салауатты өмір салты мен жастарды дене шынықтыру мен спортқа тарту ісіне бөлінген. Жыл сайын жастар арасында бұқаралық-спорттық шаралар жоспары әзірленіп бекітіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жастар арасында спорттын әр түрінен универсиадалар, жолдастық кездесулер өткізіледі. Округта өткізілетін барлық бұқаралық-спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, бұқара халықты жүйелі спортпен шұғылдануға тарту, өсіп келе жатқан ұрпаққа тәжірибелік көмек беру сынды мәселелерді шешеді. 
Бородулиха ауданының төңірегінде 35 мектеп, 132 спорт құрылыстары (оның ішінде 32-сі спорт залдар) бар. Ауданында 2010 жылдың 01 маусымына жағдай бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы спорттық секцияларға қатысатын жастар саны -  3588, бұл барлық аудан жастарының 31℅-ын құрайды.
Аудандық «Аудан тынысы», «Пульс района» газеттерінің беттерінде жүйелі түрде салауатты өмір салтын насихаттайтын материалдар жарияланып тұрады. Атап айтсақ «Сыраның денсаулыққа әсері» (Аудан тынысы №5), «Арақ түбі - мазақ» (Аудан тынысы №7), «Салауатты өмір салты» (Аудан тынысы №11), «Оқушылардың жеткен жеңісі» (Аудан тынысы №13) және т.б.

Жастардың әлеуметтік келбетін арттырып, жастар саясатын дамытуда аудандық әкімшілік тарпынан жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауданда өткізілетін мемлекеттік мерекелер мен патриоттық, спорттық іс-шараларда жастардың алатын орны ерекше. Жастар тарапынан туындаған кез келген ұсыныстар назардан тыс қалдырылмайды.

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019