КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

Біз бастаған игілікті істі қолда! Бастама көтер!
Өз Отаныңның болашағын қалаушы бол!

 

Жазғы демалыс уақыты таяуда, онымен қатар студенттік жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы жақындауда.
Өткен 2012 жылғы 6 еңбек маусымы Президентіміздің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдармалық мақаласын жүзеге асыру деп аталған, студенттер құрылыс жасақтарымен «Жасыл Ел» жасақтарының әрбір қатысушысы туған аймағымыздың қолайлығы үшін еңбек етті. СҚЖЕЖ Қазақстан тарихына мемлекеттік маңызды және қоғамдық оқиға ретінде енді.
2012 жылдың еңбек семестрінің нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысында 3204 адам жұмысқа тұрғызылды: Өскемен қаласы бойынша – 1629 адам, Семей қаласы бойынша – 1395 адам. Құрылыс жасақтарында 1974 сарбаз, сервистік жасақтарда 386 сарбаз, педагогикалық жасақтарда 462 сарбаз, туристік жасақтарда 29 адам және 335 студент ауылшаруашылық жасақтарында еңбек етті. 2012 жылы құрылыс жасақтарының атқарған жұмыстары 85,42 млн. теңгені құрады. СҚЖЕЖ сарбазының орташа еңбек ақысы 35 мың теңгеден жоғары болды. СҚЖ сарбазының орташа еңбек ақысы 45 мың теңгені құрады. Ең жоғарғы еңбекақы былтырғы жылғыдай «Земстрой» ЖШС нысандарында жол жөндеу жұмыстарын атқарған балаларда болды.
Сарбаздарды «Лакус» ЖШС, «Промстрой», «Азаби», «Күршім құрылыс», «Гидропромстрой» АҚ, «Мираж», «СМУ Шығыс» ЖШС, «Земстрой» ЖШС, «Триада» ЖШС, «Құрылыс», «Тайлан», «Дор Ком Хоз», «Строй сервис», «Астана құрылыс», «Сабина строй», «Грант - Элит», «Еңбек Семей» құрылыс ұйымдары жұмыспен қамтыды. Сарбаздардың еңбекақысы атқарған жұмысқа байланысты 35 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін құрады.
Республикамызда және облысымызда студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының қозғалысы жыл сайын қарқын алуда.
Әрбір жаңа маусым студенттік құрылыс жасақтарың күшімен жаңа әлеуметтік маңызды нысандардың пайдаланылуға берілуімен ерекшеленуде, ал бұл жастардың ел дамуына қосқан баға маңызды үлесі.
Осыдан біз сенің үлесіңді де көреміз!
Сен өз қолымен үйлер тұрғызып, ауруханалар мен мектептерді салушылардың және ұрпақ тәрбиесіне қатысып отырған жанның бірісің.
Сенің күш –жігерің мен жаңа табыстарға талпынуың және болашақ жетістіктерің біздің облыс жастары үшін үлгі болатындығына сенімдіміз!
Біз бастаған игілікті істі қолда!
Бастама көтер!
Өз Отаныңның болашағын қалаушы бол!

СҚЖЕЖ ШҚ облыстық штабы
Ssmto_vko@mail.ru
8-705-911-75-17

 

 

Ақпараттық-насихаттық жұмыс

Ауданның кенттік және ауылдық округтарында тұрғындарға ҚР Президентінің Жолдауын жеткізіп, оның басымдықтарын кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде түсіндіретін 14 аудандық (52 адам) және 40 ауылдық (197 адам) ақпараттық-насихаттық топтар белсенді жұмыстар атқарады.
2011 жылдың есептік кезеңінде барлығы 16428 адамды қамтыған, 572 кездесулер, әңгімелер мен дәрістер, «дөңгелек үстел» отырыстары өтті.
Түсіндіру жұмыстарына соғыс және еңбек ардагерлері, ауылдағы қоғамдық құрылымдар жетекшілері, тұрғындар арасындағы беделге ие белсенділер қатыстырылады.
Ауданда бірнеше рет Республикалық, облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесулер өтті.
Түсіндіру жұмыстарын белсендіру үшін Мемлекеттік мерекелер мен айтулы күндердің әлеуеті пайдаланылады. Көрнекі үгіт құралы есебінде барлық мерекелік іс-шараларда Мемлекеттік рәміздер, Президент Жолдауынан алынған сөздері бар әлеуметтік жарнамалар қолданылады.
Аудандық және облыстық ұйымдар тарапына тұрғындардан өтініштерін жинау ұйымдастырылып, апта сайын ауылдық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар мүшелерінің жұмыстарының талдауы жүргізіледі.
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне көмек ретінде үнемі Президент Жолдауы бойынша және әр айтулы оқиғаларға байланысты әдістемелік материалдар дайындалады. Осылайша, ағымдағы жылы     

1) ҚР Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Жолдауының мәтіні;
2) «Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамалық негізі»; 3) «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезі бойынша материалдар дайындалды. Әр материалда Республика, облыс, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму сұрақтары көрсетіледі.
Қоғамдық пікірді зерттеу үшін сауалнамалар алу, округтардың қоғамдық пікір көшбасшыларын телефон арқылы сұрау,  азаматтармен үнемі өткізілетін жиналыстар, тұрғындармен кездесулер және басқа да қоғамдық-маңызды іс-шаралар қолданылады.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен өзара қарым-қатынас жолға қойылып, партия мүшелері аудандық және ауылдық АНТ мүшелері болып табылады. Жергілікті жерде округтың қоғамдық құрылым мүшелерінен саяси ақпараттандырушылар топтары мен «Жас Отан» Жастар ұйымымен ақпараттық-насихаттық топтар желісі құрылуда.
2011 жылғы 8 және 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша аудандық актив отырысы өткізілді. Активқа аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық АНТ мүшелері, мекеме және ұйым бастықтары, қоғамдық құрылымдар бсшылары: Ардагерлер кеңестерінің, Қоғамдық кеңестердің, әйелдер кеңестерінің, Жастар ісі жөніндегі кеңестердің төрағалары қатысты. Аудандық АНТ мүшелеріне әдістемелік көмек ретінде материалдар таратылды.
Ауданның елді мекендерінде ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында аудан әкімімен бекітілген кестеге сәйкес аудандық АНТ мүшелерінің шығуы жүзеге асуда.
Барлық ауылдық және кенттік округтерде, аудан мектептерінде, аудандық мекемелер мен ұйымдрдың еңбек ұжымдарында Елбасы Жолдауын талқылау бойынша кездесулер, жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.
Ауданда баннерлер, билбордтар және кермелердің техникалық ахуалы мен тақырыптық мазмұнына тексеру жүргізілді. Қазіргі таңда 130 баннер орналастырылған, олардың 60-ы Жолдауды және «Қазақстан – 2030 Стратегиясын» насихаттау, 50 баннер ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, 20 баненр тілдерді дамыту, патриоттық тәрбие, Мемлекеттік рәміздер, СӨС және Үкімет бағдарламасы бойынша.  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауы шыққан сәттен бастап 75 баннер жаңартылды. Баннерлерді жаңарту бойынша жұмыстар үнемі өткізіліп отырады.

 

Діни ахуал

Бородулиха ауданында 23 діни бірлестік қызмет етуде: 8 мұсылман, 4 орыс православиелік шіркеуі тіркелген, Бородулиха, Новошульба, Белағаш, Зенковка, Переменовка ауылдары мен Жезкент кентіндегі 6 евангельдік христиан-баптистік шіркеулері, аз санды деп тіркелген 1 католиктік шіркеу,
1 Иегово күәгерлері (Новошульба ауылында),
2 «Новая жизнь» (Белағаш ауылында, Жезкент кентінде),     
1 христиан евангелистері (Жезкент кентінде). Халықтың ұлттық құрамы да әр текті. Барлық табынушылық құрылыстар жер актісіне ие. 
Ауданның атқарушы билігі барлық діни конфессиялармен, олардың санына қарамастан сындарлы қарым-қатынасты нығайту бойынша, жұмыс жүргізуде. Ауылдық, кенттік округтардағы, кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің ұжымдарында, рухани-психологиялық жағдайдың мониторингі іске асуда. Діни жағдай, ұлтаралық қатынасты зерделеу, қоғамды шоғырландыру, халықты біріктіру бойынша жұмыстар жүзеге асуда.
Бородулиха ауданының аумағында 2011 жылға арналған діни экстремизм және терроризм идеяларының таралуына идеологиялық қарсы әрекет жасау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген.    Ауданда 14 аудандық және 33 ауылдық ақпараттық-насихаттық топтар қызмет етеді. АНТ мүшелерімен діни бірлестіктер қызметінің түбегейлігін және діни экстремизм идеясының алдын алуға бағытталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамалық негізіне сәйкес қыркүйек «руханият айы» деп жарияланған. Осыған орай Бородулиха ауданында қыркүйектің 19 мен 23 аралығында аудандық АНТ мүшелерінің «Қазақстандағы дәстүрлі ислам мәдениетімен өмір сүру – рухани келісімнің басты кепілі» тақырыбы бойынша кенттік және ауылдық округтарға шығуы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында дәстүрлі ислам негіздерін, сол сияқты дін атын жамылатын экстремисттік қозғалыстар туралы түсіндіріп берді. Дәстүрлі емес діни бірлестіктерден сақтану мен қатарына еніп кетпеу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газетінде «Мұсылман әдептері», «Религия и мы» атты айдарлар ашылған.

 

 

«Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы

Марафон-эстафетаны Бородулиха ауданында іске асыру мақсатында мамырдың 30-ы мен тамыз айының 12-і аралығында мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетаның барысында 23 ГА жер өңделіп, 53 көшет отырғызылды. 4 балалар және спорт алаңшалары құрылды, 6 саябақ абаттандырылып (Бородулиха, Коростели, Новопокровка, Переменовка ауылдарындағы жеңіс саябақтары мен Жезкент кентіндегі «Тәуелсіздік алеясы», Новопокровка ауылындағы оқушылар бағы), 6орынсыз қоқыс алаңы тазартылды, Бородулиха ауылының орталық көшелері бойымен 20-дан астам гүлзар жасалып, гүлдерді отырғызуға арналған орындар дайындалды.
Бородулиха ауданында марафон-эстафетаны іске асыру барысы туралы Удандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттері мен аудан әкімінің веб-сайтында 39 материал жарық көрді. 60 ақпараттық-үгіт материалдары жарияланды.

 

 «Туған жерге тағзым!» және «20 жарқын іс» акциялары

Ауданда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жарқын іс» мақсатты бағдарламасы әзірленіп, «20 жарқын іс» жобалары бойынша альбом рәсімделді.
2011 жылы есептік кезеңде акция аясында 6 млн. теңгеге Красный Яр және Жерновка ауылдық округінің тұрғындарына екі «Жедел жәрдем» көлігі мен Новошульба ауылның  ОДА жеңіл автокөлік сыйға берілді. Бородулиха ауылында «Ромат» дәріханасы мен тұрмыстық қызмет көрсету үйі ашылды. Красный Яр ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде, сонымен қатар облыстық БАҚ-та «20 жарқын іс», «20 добрых дел» айдарларында акцияның өту барысы туралы үнемі материалдар жарияланады.

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019