КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Iшкі саясат

«Туған жерге тағзым!» акциясы

2015 жылы «Туған жерге тағзым» облыстық акциясына шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер сондай-ақ 18 кенттік және ауылдық округтерден шыққан азаматтар қатысады. Ағымдағы жылы 54 жоба жалпы сомасы 51 млн.960 мың.теңге әлеуметтік нысан құрылысына, елді мекендерді абаттандыруға бағытталды, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді. Бүгінгі күні 43 жоба ішінара жалпы соммасы 30 млн.870 мың.теңге іске асырылды.
Быков С.Н.-«Красный Яр» ШҚ ЖС басшысы округте дүниеге келген балаға және жас отбасыларына көмек ретінде 1 млн. теңге бөлді. Балаларды қорғау күнін ұйымдастырып, мерекелеуге 500 мың.теңге бөлді.
Шевченко И.В – «ПТ «Ассорти-2» Михаиличенко а. ОМ мектепке дейінгі және 1-4 сынып аралығындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Жоба құны 1 млн. теңге.
Оразаев Т.А – «Раушан» ШҚ басшысы жалпы сомасы 4 млн.теңге болатын Переменовка ауылына дәрігерлік амбулатория ғимаратын сатып алды, жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Айтуған Ғабдулғазизұлы Кудушев –«Аманат» ШҚ басшысы және Леонтий Камоевич Мартиросян – «Ахпер» ШҚ басшысы 800 мың теңге «Азат етуші жауынгер» ескерткішін абаттандыру және қоршау жұмыстарын жүргізді.
Н.А.Кривнев -«Натали» ШҚ басшысы жалпы сомасы 1 млн.теңге болатын мектеп саябағын абаттандырды.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде «Туған жерге тағзым» акциясының іс-шараларын насихаттау және іске асыру бойынша жұмыстар жарияланады, есептік кезеңде 25 мақала жарық көрді.
Аталған бағытта жұмыс жалғасын табуда

Ақпараттық-насихаттау жұмысы

Ауданда 11.11.2014 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында және Елбасы Жолдауының түсіндіру бойынша іс-шара жоспарын орындау туралы үлкен жұмыстар жүргізілуде.  
Бородулиха ауданының ауылдық округтерінде 63 адамнан тұратын 16 аудандық ақпараттық- насихаттау топтары және кенттік және ауылдық округтерде әрекет етіп тұрған 188 адамнан тұратын 33 ақпараттық – насихаттау топтары құрылып, бекітілді, олар бекітілген кестеге сәйкес кенттік және ауылдық округтерге шығады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап аудандық ақпараттық топ құрамына барлық депутаттық корпус кіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы шыққан кезден бастап аудандық және ауылдық активтің отырысы және 33 кездесу,16 800 адамды қамтыған дәріс және дөңгелек үстел  өткізілді. Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша іс- шара жоспары әзірленіп бекітілді, кестеге сәйкес аудандық АНТ ақпараттық – насихаттау тобының медиа-жоспарымен қамтамасыз ету үшін шығуы ұйымдастырылды.
Ауданда Республикалық, облыстық мекемеаралық ақпараттық –насихаттау тобымен кездесу өтті. 1157 адамның қатысуымен Жолдауды түсіндіру мақсаты бойынша 10 кездесу өткізу кезінде ШҚО ақпараттық топ мүшелері және ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Н.А.Кузьмин ауданды аралады.
Түсіндіру жұмыстарына соғыс және еңбек ардагерлері, ауылдағы қоғамдық құрылымдардың басшылары, тұрғындар арасында беделі бар белсенділер тартылады.
Түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің әлеуеті пайдаланылады. Көрнекі үгіт ретінде барлық мерекелік іс-шараларда Мемлекеттік символика, Президент Жолдауынан дәйек сөздер жазылған әлеуметтік жарнамалар қолданылады.
Ақпараттық – насихаттау топтары мүшелеріне көмек ретінде үнемі Президент жолдауы бойынша және де Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», «Мемлекет Басшысының 5 (бес) институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі “100 Нақты қадам” атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмалардағы айтулы оқиғаларға материалдар дайындалды. Аудандағы шекараға Президент Жолдауы бойынша 110 бірлік баннерлік өнім орналастырылды және баннерлік өнім қайта өңделіп және дайындалып отырады.
Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен ынтымақтастық байланыс орнаған, партия мүшелері аудандық және ауылдық АНТ мүшелері болып табылады.
«Жас Отан» жастар ұйымы ақпараттық –насихаттау топтары жастар желісін құрып, өз орындарында округтің қоғамдық құрылымдары мүшелерінің санынан саяси хабарламашылар ұйымдастырылуда, «Жас Отан» жастар қанаты 645 жастарды қамтиды.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауына пікірлер және тақырыптық мақалалар жарияланды. Жолдау шыққаннан бері 60 мақала және пікір жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Діни жағдай

Бородулиха ауданында тіркеуден өткен 21 діни бірлестік бар, олар 8 мұсылман, 4 орыс православ шіркеуі, 6 евангель христиан –баптисттер,  1 католик шіркеуі, 2 хрисиан евангель. Барлық діни ғимараттардың жер актісі бар. Ауданның барлық мешіттерінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бұйрығымен тағайындалған имамдар жұмыс істейді
Діни рәсімдер діни ғимараттарда өтеді
Елді мекенмен кездесу кезінде (елді мекенмен бас қосу-28) ауданда, облыста, елімізде дәстүрлі жағдайлар бойынша ақпараттық-насихат топ мүшелерімен кездеседі, әсіресе дәстүрлі емес діни бірлестіктермен. Барлық жұмыс діни терроризм және экстремизм алдын-алуға бағытталған.
Деструктивті діни ұйымдар мен тыйым салынған топтардың қызметіне қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шараларды өткізу терроризмге қарсы комиссия қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда өткізілгендер:
«Бородулиха ауданы бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат тобының қызметін ұйымдастыру бойынша 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары» дайындалды және бекітілді. Ауылдық округтердегі ақпараттық-насихат топтарының ағымдағы жылға жұмыс жоспары мен тізімі бекітілді. Жыл басынан бері діни бірлестіктер қызметінің мәнін түсіндіруге және діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған 155 кездесу өткізді. Қамтылған халық саны 4 886 адам.
2015 жылға аудандық бюджеттен Қазақстан Республикасында діни экстримизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шараларға 480 мың теңге бөлінді. Деструктивті діни ұйымдардың зияны туралы 400 дана бүктеме, дінаралық келісім, діни сауаттылық тақырыптарындағы 9 дана банер өнімі, 470 дана «Сақ бол, жас түлек!» жадынама әзірленіп, ақпараттық-насихат топтың қызметі барысында пайдалануда.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Ауданда 2 аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеті жұмыс істейді. Газет аптасына 2 рет шығады. Бір жылға қаржы көлемі   15 млн. 579 мың теңге.
Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі материалдарды басу шығару үшін 1 млн. 200 мың теңге сомасында, сондай-ақ облыстық «Рудный Алтай» газетімен 1 млн. 600 мың теңге «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерімен 300 мың теңге сомасында келісімшарт жасалды.

Ұлттық цифрлық телехабарды тарату бойынша іс-шаралар жоспары тармақтарын орындау жөніндегі ақпарат

Ауданда «OTAU TV» телерадиохабар тарату қондырғыларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдерімен, ауданның ұйым және мекеме басшыларымен, шаруа қожалық басшыларымен, кәсіпкерлермен, тұрғындармен Қазақстандық жерсеріктік телерадиохабар тарату бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауданда бүгінгі күнде 9 245 аула бар, 1198 «OTAU TV» қабылдау қондырғысы орнатылған, орнату жеке тұлғалармен бірге заңды тұлғалармен де жүзеге асырылады, атап айтсақ әкімдіктерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында,ХҚКО-да сондай-ақ, халық көп шоғырланатын орындарда орналастырылған.
Жезкент кентінің 100 абоненті қосылған Медиотелеком кабельдік телехабары және  340 абонент қосылған ID TV телехабары бар.
Ауданда 369 аз қамтылған отбасы бар, олардың 149 шаруа қожалықтары басшыларының, кәсіпкерлердің демеушілік көмектерінің арқасында «OTAU TV» құрылғысы орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Географиялық орналасуына байланысты қазақстандық телехабар таратумен 65 елді мекеннің бір ғана елді мекені - Андреевка ауылдық округінің Михайличенково ауылы қамтылмаған. Аталған округте 210 ауланың 162-сі «OTAU TV» қабылдау қондырғысына қосылған. Ауданның басқа елді мекендерінде қазақстандық телехабар тарату бар.
«Сұр тәрелке» саны бойынша түгендеу жүргізіліп, аудан бойынша 4 мың 866 дана орнатылғандығы анықталды.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде тұрғындардың пікірлері, сонымен қатар «OTAU TV» спутниктік цифрлық телехабар туралы толық ақпарат жарияланып тұрады, газет беттерінде шетелдік телерадио тарату операторларының жарнамалары жарияланбайды.
Ауданда жергілікті делдалдар жоқ. Осыған орай, «OTAU TV» жеткізу және құру Семей қ. делдалдары жүзеге асырылады.
Аудан аумағына 6 бірлік баннер және «OTAU TV» логотиппен кергіштер орнатылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап эфирлік-цифрлық телехабар әрекет етеді, ауданның Новодворовка, Новошульба, Бородулиха, Таврия, Бақыда ауылдық округтерінде 5 мұнара орнатылған.

Көрнекі үгіт

2014 жылға баннер дайындауға 866 000 теңге бөлінді.
Қазіргі таңда 161 баннер орналастырылған, оның ішінде «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын насихаттау бойынша – 64 баннер,тілдерді дамыту бойынша, патриоттық тәрбие, ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, Салауатты өмір салты және Үкімет бағдарламасы бойынша - 97 баннер.
Жыл басынан баннер дайындауға 1 млн 700 мың теңге игерілді.
Баннерлерлі жаңарту жұмыстары үнемі жүргізілуде.

С.Гальченко, ішкі саясат бөлімінің басшысы

«ШҚО Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ жұмысы туралы ақпарат

 

Бородулиха ауданындағы діни ахуал туралы ақпарат

 

2014 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша Бородулиха ауданында 21 діни бірлестік тіркелген: 8 – мұсылман мешіті, 4 – орыс православ шіркеуі, 6 – евангельдік христиан-баптистер, 1 – католиктік шіркеу, 2 – евангель христиандары. Барлық діни ғимараттардың жер актлері бар. Мешіттерде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен тағайындалған имамдар қызмет етеді.

Діни жоралғылар діни ғимараттарда жасалады.

«2014 жылға арналған мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен байланысы және азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілген. «Бородулиха ауданы бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтың қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» да әзірленіп, бекітілді. Құрамына ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, АІІБ, Достық үйінің, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық газеттің редакторы, дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері кіретін 8 адамнан тұратын ақпараттық-насихат тобының құрамы бекітілді. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес топ мүшелері діни сауаттылықты көтеруге және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2014 жылғы қаңтар айынан бастап ауданның кенттік және ауылдық округтерінде жеркілікті ақпараттық-насихат топтары құрылып, жұмыс атқаруда. АНТ мүшелерінің саны – 63 адам.

Жыл басынан бері барлық АНТ қызметімен әртүрлі форматтағы 160 іс-шара өткізіліп, 15 214 адам қамтылды.
Жыл басынан бері Қазақ ОМ, «Коростели ОМ», Буркотово ауылдық № 3 ОМ, Жезкент кенттік экономикалық мектеп лицейнде, Киров ат.ОМ, М.Әуезов ат.ОМ, Новопокровка ОМ, Жезкент № 2 ОМ, Михайличенково ОМ, Т.Аманов ат. ОМ, Краснопол ОМ, Зубаир ОМ және басқа да мектептерде жоғары сынып оқушыларымен және ұстаздар мен ата-аналар арасында дәстүрлі діндер негіздері, діни экстремизммен күрес, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметі туралы кездесу, дәрістер өткізілді.
Кәсіпорын, мекеме және ұйымдарда 32 кездесу өткізілді. Песчанка ауылдық ОДА, Новошульба ауылдық кітапханада, әділет органы және ХҚКО, Жезкент КБК қызметкерлерімен өткізілген кездесулер барысында деструктивті және радикалды діни көзқарастың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңға түсініктеме берілді.

Халық арасындағы түсіндіру жұмыстарында ақпараттық-насихат топ мүшелері аудандағы, облыстағы, елдегі діни ахуалмен таныстырып, діни ағымдардың, оның ішінде дәстүрлі емес діни бірлестіктердің мәнін түсіндіріп, айтып өтеді.
Деструктивті діндер мен тыйым салынған топтардың қызметіне қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шараларды өткізу терроризмге қарсы комиссия қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Үстіміздегі жылы ақпараттық-насихат тобының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 400 мың теңге бөлінген.

Шығыс Қазақстан облысында ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауда жыл басынан бері 45 500 тенгеге 700 дана экстремизм мен терроризмге қарсы бағыттағы ақпараттық парақша әзірленіп, аудан тұрғындарының арасына таратылды. 40 000 теңгеге 32 дана көмекші құрал-брошюра дайындалып, ақпараттық-насихат топтарының мүшелеріне таратылды. 120 000 теңгеге 4 банер өнімі дайындалып, ілінді.
Сондай-ақ «Шығысэнерготрэйд» ЖШС Бородулиха ауданының аумағына тарайтын электр энергиясының түбіртектеріне «114-қауырт желі» туралы ақпарат орналастырылып, бүгінгі таңда аудан аумағына таратылуда. 60 175 теңгеге 10 941 түбіртектің артқы бетіне ақпарат орналастырылды.

Аудандағы діни ахуал, ақпараттық-насихат жұмыстары, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарды облыс аумағына тарату мақсатында мемлекеттік тапсырыс аясында облыстық «Рудный Алтай» газетімен үстіміздегі жылға 989 760 мың теңгеге, өңірлік «Семей таңы-Вести Семей» газетімен 1 млн. 600 мың теңгеге келісім шарт жасалған. Сондай-ақ аудандық «Аудан тынысы»-«Пульс района» газеттерімен 14 млн. 358 мың теңгеге келісімшарт жасалған. Аталған баспасөз құралдарында конфессияаралық келісім, дін саласындағы мемлекет саясат тақырыптарында материалдар жарияланып тұрады. Жыл басынан бері аудандық газеттерде 30 мақала, облыстық газеттерде 6 мақала жарияланды.

3. Отчет о работе ИПГ по вопросам религии городов и районов Восточно-Казахстанской области январь – октябрь 2014 года

 

Количество проведенных мероприятий с указанием формата мероприятий и количества людей, принявших в них участие

Конференции Форумы Круглые столы Семи
нары
Лекции Встречи Всего Количество людей принявших участие в мероприятиях

1 2 3 4 5 6 7 8
Бородулиха

  17 1 46 96 160 15214
Итого: - - 17 1 46 96 160 15214

 

4. Об исполнении Плана мероприятий по реализации Государственной программы по противодействию религиозному экстремизму и терроризму в Республике Казахстан на 2013-2017 годы

 

Бағдарламаға 9 айда жұмсалған қаражат көлемі
освоено за 9 месяц.
Оның ішінде АНТ мүшелерінің жұмысын қаржыландыруға жұмсалған сома
(3 тармақ) финансирование членов ИПГ
Оның ішінде іс-шаралар өткізуге жұмсалған сома (20 тармақ)
на мероприятия

Оның ішінде БАҚ арнайы беттер, сюжеттер, телебағдарламалар, мақалалар жариялауға жұмсалған сома
(17, 19 тармақтар)
на статьи

Әдебиеттерді, таратпа материалдарды шығару
(21 тармақ)
на раздаточные материалы

на Баннеры

280 000 тг. - 14 325 - 145 675 тг. 120 000 тг.

 

5. Орта және негізгі мектептердегі «Дінтану негіздері» пәнін оқыту деңгейі туралы мәлімет

 

р/с Қала,аудан атауы Колич.
СШ
колич.учеников 9 кл. количество литературы «Основы религиоведения» количество преподавателей религиоведов Прошедшие курсы повышения квалификации
1 Бородулиха 29 443 340 30 30

«Туған жерге тағзым» акциясы


«Туған жерге тағзым» акциясының шеңберінде Бородулиха ауданында 2012 жылға жалпы сомасы 282,4 млн теңгеге 19 жоба жоспарланып, 340 млн. 905 мың теңге сомасына 19 жоба немесе жалпы жоспарланған соманың 118 пайызы іске асырылды. 
2013 жылға жалпы сомасы 176 млн. 370 мың теңгеге 19 жоба жоспарлануда. Жылдың басынан бастап 10 млн. 460 мың теңге сомасына 4 жоба ішінара іске асырылды.
«Красный Яр» ШҚ ЖС басшысы С.Н. Быков округте жас отбасыларына көмек  ретінде6 дүниеге келген бала үшін 150 мың теңге бөлді.
«Семейгидрогеология» ЖШС директоры С.Т. Жакупов дәрігерлік амбулатория үшін жалпы сомасы 100 теңге  компьютер сатып алды.
Новопокровка ауылында «Гидрогеолог» клубының ашылу жобасы ішінара жүзеге асырылды, аталған жобаға тартылған инвестицияның жалпы сомасы 15 млн. теңге, игерілген қаражат сомасы 10 млн. теңгені құрайды.
Т.А. Оразаев – «Раушан» ШҚ басшысы Переменовка ауылына дәрігерлік амбулатория ғимаратын сатып алды, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жоспарланған сомасы 15 млн.теңге.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде  «Туған жерге тағзым»  акциясының іс-шараларын насихаттау және іске асыру бойынша жұмыстар жарияланады, есептік кезеңде 6 мақала жарық көрді.
Аталған бағытта жұмыс жалғасын табуда.

Ақпараттық-насихаттау жұмысы

Бородулиха  ауданында 54 адамнан  тұратын 14 аудандық  ақпараттық- насихаттау топтары және кенттік және ауылдық округтерде әрекет етіп тұрған  188 адамнан  тұратын  33 ақпараттық – насихаттау топтары  құрылып, бекітілді, олар бекітілген кестеге сәйкес кенттік және ауылдық  округтерге шығады.
2013 жылдан  бастап ақпараттық-насихаттау топтарымен аудан аумағында 565 кездесу, дәріс және дөңгелек үстелдер өткізіліп, тұрғындардан 10 мың 808 адам немесе  тұрғындардың жалпы санынан 32,8% қамтылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауын талқылау бойынша аудандық активтің отырысы және 32 кездесу өткізілді, жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша іс- шара жоспары әзірленіп бекітілді, кестеге сәйкес аудандық АНТ ақпараттық – насихаттау тобының медиа-жоспарымен қамтамасыз ету үшін шығуы ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстарына соғыс және еңбек ардагерлері, ауылдағы қоғамдық құрылымдардың басшылары, тұрғындар арасында беделі бар белсенділер тартылады.
Ауданда Республикалық, облыстық мекемеаралық ақпараттық –насихаттау тобымен кездесу өтті.
Түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің әлеуеті пайдаланылады. Көрнекі үгіт ретінде барлық мерекелік іс-шараларда Мемлекеттік символика, Президент Жолдауынан дәйексөздер жазылған әлеуметтік жарнамалар қолданылады.
Апта сайын ауылдық АНТ пен аудандық АНТ мүшелерінің жұмыстарына сараптама жасалады, облыстық және аудандық  ұйымның мекен жайына келген тұрғындардың жолданымдарын жинау  ұйымдастырылған.
Округтерде қоғамдық-саяси жағдайларға мониторинг жүргізіледі. Кездесу кезінде туындаған мәселелер шешіледі.
Ақпараттық – насихаттау топтары мүшелеріне көмек ретінде үнемі Президент  жолдауы бойынша  және де   Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында  берілген тапсырмалардағы айтулы оқиғаларға,  ағымдағы жылы  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»  - 70 дана, «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаланың мәтіні -150 дана, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы  «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдаудың негізгі ережелеріне әдістемелік материалдар дайындалды.
Қоғамдық пікірді зерттеу үшін сауалнама жүргізіледі, округтердегі қоғамдық көшбасшыларының пікірін телефон арқылы білу, жүйелі түрде азаматтар жиыны, тұрғындармен кездесу және басқа да қоғамдық маңызды іс шаралар өтеді.
Аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалымен ынтымақтастық байланыс орнаған, партия мүшелері аудандық және ауылдық АНТ  мүшелері болып табылады. Ауданда 21 бастапқы партиялық ұйым тіркелген, жалпы саны  4050 мүше оның ішінде  Жезкент тау кен өндірісінің жанында бастапқы партия ұйымында – 1961 адам және 20 аудандық бастапқы ұйым филиалында 1770 партия мүшесі бар.
«Жас Отан» жастар ұйымы ақпараттық –насихаттау топтары  жастар желісін құрып, өз орындарында округтің қоғамдық құрылымдары мүшелерінің санынан саяси хабарламашылар ұйымдастырылуда, «Жас Отан» жастар қанаты 645 жастарды қамтиды.
Қазіргі уақытта 164 баннер орналастырылған, олардың ішінде Жолдауды насихаттау бойынша – 84 баннер, тілдерді дамыту бойынша – 48 баннер, патриоттық тәрбие, ҚР Мемлекеттік  рәміздерін насихаттау, Салауатты өмір салты және Үкімет бағдарламасы, Тәуелсіздік күні және Жаңа жылға -32 баннер, «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы бойынша – 36 баннер. Баннерлерлі жаңарту жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттерінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауының  мәтіні, пікірлер және тақырыптық мақалалар жарияланды. Жолдау шыққаннан бері 216 мақала және пікір жарияланды.

Діни жағдай

Бородулиха ауданында тіркеуден өткен 20 діни бірлестік бар, олар 8 мұсылман, 4 орыс православ шіркеуі, Бородулиха, Новошульба, Белағаш, Зенковка, Переменовка ауылдары және Жезкент кентінде 6 евангель христиан –баптисттер,  1 католик шіркеуі, 1 лютерандық шіркеуі. Барлық діни ғимараттардың жер актісі бар.
Ауданның атқарушы билігі барлық діни конфессиялармен, олардың санына қарамастан сындарлы қарым-қатынасты нығайту бойынша, жұмыс жүргізуде. Ауылдық, кенттік округтардағы, кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің ұжымдарында, рухани-психологиялық жағдайдың мониторингі іске асуда. Діни жағдай, ұлтаралық қатынасты зерделеу, қоғамды шоғырландыру, халықты біріктіру бойынша жұмыстар жүзеге асуда.
Бородулиха ауданының аумағында діни экстремизм және терроризм идеяларының таралуына идеологиялық қарсы әрекет жасау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп,  бекітілген. Аталған жоспарды жүзеге асыру үшін діни экстремизм және терроризм идеяларының таралуына идеологиялық қарсы әрекет жасау бойынша тәрбиелік іс шаралар, ауданның құрметті  және беделді ақсақалдарын шақырып ауданның барлық ауылдық округтерінің мешіттерінде дөңгелек үстелдер өткізілді. Дөңгелек үстел өткізу кезінде  жастарды экстремистік ұйымдарға тартылуларына жол бермеу, жастарды үлкендерге құрметпен қарауға, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу жөнінде талқыланды.
Ауданның барлық ауылдық және кенттік округтерінде дөңгелек үстелдер, дәрістер, АНТ мүшелерінің кеңесі, дін қызметкерлерімен кездесу, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ақпан-мамыр айларында дөңгелек үстелдер, дәстүрлі дін өкілдерінің аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуі өтті.
Құрамы 7 адамнан тұратын діни мәселелер бойынша  ақпараттық – насихаттау тобы белсенді жұмыс жүргізуде.  АНТ  жұмыс кестесі әзірленіп, бекітілді, соған сәйкес ақпараттық – насихаттау тобының мүшелері  мақсатты дәрісханаларда,  орта мектептердің  жоғарғы сынып оқушыларымен,  сондай -ақ аудан мекемелерімен ұйымдарының еңбек ұжымдарында кездесулер өткізеді. Жыл басынан бері  АНТ  мүшелерінің 11 кездесуі өтті. 528 адам қамтылды.
Ауданда конфессияаралық, ұлтаралық келісімді  нығайту және діни экстремизм және терроризм идеяларының таралуына идеологиялық қарсы әрекет жасау бойынша медиа-жоспар әзірленді.
Аудандық  «Аудан тынысы» және «Пульс района»  газеттерінде  «Мұсылман әдептері», «Дін  және біз»  атты айдарлар ашылды. Бірінші жартыжылдықта   21 мақала жарық көрді.
Тұрғындармен интерактивті нысанда фильм слайдтарын қолдану арқылы   дөңгелек үстелдер, кездесулер, сұхбаттар жүргізіледі.
Мемлекеттік органдардың саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен өзара саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді нығайтуға мүмкіндік туғызу.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Ауданда 2  аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеті жұмыс істейді.  Газет аптасына 2 рет шығады. Бір жылға қаржы көлемі 13 млн. 406 мың теңге.
Мемлекеттік тапсырыс аясында 2012 жылы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерімен  300 000 теңге сомасында келісімшарт жасалды.                   
Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі материалдарды басу шығару үшін 1 млн. 800 мың теңге  сомасында  осы басылымдармен келісімшарт жасалды.

2013 жылдың жарты жылдығына кезеңдік басылымдарға жазылу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат удан бойынша республикалық және облыстық басылымдарға жазылу жалпы санынан 75 % құрайды.

Егемен Қазақстан жоспар бойынша 260 дана, дерек  бойынша 214 дана жазылған немесе жалпы санынан 82 %.
Казахстанская правда жоспар бойынша 620 дана, дерек бойынша 394 дана жазылған немесе жалпы санынан  64 %.
Рудный Алтай жоспар бойынша 1100 дана, дерек бойынша  798 дана жазылған немесе жалпы санынан 73 % .
Дидар жоспар бойынша 290 дана, дерек бойынша 288  дана жазылған немесе жалпы санынан 99%.
Пульс района жоспар бойынша 3500 дана, дерек бойынша 2709 дана жазылған немесе жалпы санынан 75%.
Аудан тынысы жоспар бойынша 2500 дана, дерек бойынша 879 дана жазылған немесе жалпы санынан 35 %.

 

Көрнекі үгіт

2013 жылға баннер дайындауға 2 000 000 теңге және билборд дайындауға 4 800 000 теңге ақша қаражаты бөлінді. Жыл басынан баннер дайындауға 1 400 000 теңге игерілді.
Қазіргі таңда 117 баннер орналастырылған, оның ішінде «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  жолдауын насихаттау бойынша – 67 баннер, тілдерді дамыту бойынша, патриоттық тәрбие, ҚР Мемлекеттік  рәміздерін насихаттау, Салауатты өмір салты және Үкімет бағдарламасы бойынша - 50 баннер. Баннерлерлі жаңарту жұмыстары үнемі жүргізілуде.

«Бородулиха ауданының жастар орталығы» КММ 2013 жылғы 28 сәуір мен 30 маусым аралығында атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

Бородулиха ауданы әкімдігінің  2013 жылғы   28 ақпандағы № 626 қаулысымен штаттық бірлігі 3 адам болатын «Бородулиха ауданының жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Ауданда  мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы  консультативтік –кеңесші орган - Жастар ісі жөніндегі кеңес құрылды.
Бородулиха ауданы әкімдігінің  2013 жылғы 7 наурыздағы № 637 қаулысымен Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 498 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, соған сәйкес Жастар ісі жөніндегі кеңес құрамына республикалық жастар ұйымдарының өкілдері енгізілді.
Жастар орталығы ашылу сәтінен бастап 1 сәуірде  жастар ісі жөнінде  кеңестің бірінші  отырысы өткізілді. Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткізіледі. Сондай-ақ барлық ауданның кенттік және ауылдық округтерінде Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
2013 жылғы 1 наурызда жастар саласында азаматтық және қазақстандық отансүйгіштікті дамыту бағытында, жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, адамгершілік жүйесі және жалпы адам құндылықтарына бағытталған, 1 жылға жастар орталығының жұмыс жоспары бекітілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Бородулиха ауданы жастарының төлқұжаты әзірленді. 2013 жылдың 1 маусымына жастар саны 8 122 адам немесе аудан тұрғындарының жалпы санынан 21,5 пайызды құрайды.
Жастар орталығы ашылғаннан бері 40 жуық іс-шара өткізілді.

  • «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы  Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру ;
  • 3 іс-шара Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде;           
  • 2 әлеуметтік сауалнама жастар арасында идеологиялық және тәрбие жұмыстарында өзекті мәселелерді анықтау мақсатында өткізілді;
    (Әлеуметтік сауалнаманың тақырыбы: «Жастар әлеуетінің дамуы аудан еншісінде», «Жастардың нашақорлық мәселесіне деген көзқарасы»
  • «Елімнің тағдыры-менің тағдырым!», «Менің Қазақстаным!» жас патриоттар форумы;
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен 9 кездесу,  Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған жастар өкілдерімен Ауған интернационалист - жауынгерлерінің 1 кесдесуі өтті.
  • 4 акция -«Нұр Отан» ХДП жанындағы  «Жас Отан» жастар қанаты  және жастар орталығымен «Ең үздік ардагер үйі» акциясы, Аудан жастары табиғатты қорғау «Саябақтар шеруі-2013»  халықаралық акциясы, Аспанға от ұшқындарын жіберу жастар акциясы. «Күлкіні барлығымызға бөлеміз»  ойын-сауық акциясы;
  • 8 байқау- Жастар фотобайқауы «Әйелдерді аялаңдар», «Ал,қане,қыздар!» спорттық жарыс, КВН «Көктем шақырады», «Менің ардагерім» атты тақырыпта ардагер туралы үздік бейне-ролик байқауы, «Бородулиха аруы 2013» таланттылар мен әдемілер байқауы. «Тәуелсіздік белгісі -Мемлекеттік рәміздер» зияткерлік ойыны, Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында спорттық эстафета, Нашақорлықпен күрес күніне арналған әлеуметтік жарнамалар байқауы.
  • Жастармен 3 пікірталас жарысы ;
  • 2 іс-шара – «Бұл біздің Ту», «Бұл біздің Елтаңда», «Бұл біздің Әнұран!» мерекелік шеру және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының  негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар флешмобы;
  • Жастардың қосалқы мәдениетіне арналған  Арбат-фестиваль;

Бородулиха ауданында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының  қатарында 600 адам біріктірілген. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері аудан жастарының елді дамыту жұмыстарына тарту, жастардың қызығушылығы мен құқығын қорғау және партияның әлеуметтік қорын нығайту бойынша ынтамен жұмыс істейді.  Аудандық «Жас Отан» жастар қанаты бүгінгі күні «Жастар-Отанға!» атты 2020 жылға дейін стратегиясының жүзеге асуы бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Бородулиха ауданы әкімінің ресми сайтында «Жастар орталығы» атты айдар ашылды, онда: Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, ШҚО Бородулиха ауданы жастарының төлқұжаты, Аудандық жастар ісі жөніндегі Кеңес туралы ереже және Бородулиха ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жастар ісі жөніндегі Кеңестің дербес құрамы орналасқан. Жастар орталығы ашылған кезеңнен бастап жаңалықтар тізбесінде 16 мақала жарияланды (бірге өткен іс-шараларды қоспағанда), сондай-ақ өткізілген іс-шаралар туралы материалдар аудандық «Аудан тынысы» - «Пульс района» газеттерінде жарық көрді.
Мемлекеттік жастар саясаты саласының іс-шараларын жүзеге асыру үшін 2013 жылға 1 885 мың теңге бөлінді. Қаңтармен наурыз айлары аралығында ішкі саясат бөлімі 180 мың теңгені игерді. Сәуір мен маусым айлары аралығында Жастар орталығы 645 мың теңгені игерді. Екінші жартыжылдыққа іс -шараларды жүзеге асыру сомасы 1 060 мың теңгені құрайды.
Екінші жартыжылдықта ауданның кенттік және ауылдық округтерінде жастар кеңесінің жұмысын жандандыру, жастар ісі жөніндегі кеңестің 2 отырысын, іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу жоспарланған.

 

Парақтар өзгертілді: 09-08-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019