Ауданның бөлімдері

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі

Талғат Мақсатұлы Жаймұхамедов «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Новопокровка ауылдық округінің әкімі Талғат Мақсатұлы Жаймұхамедов 1972 жылғы 9 қаңтарда Әзірбайжан КСР  Қарадақ ауданының Дуванный ауылында дүниеге келді. Қазақ. Үйленген, екі баласы бар. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі. Білімі жоғары. 1993 жылы ауыл шаруашылығының механизациясы мамандығы бойынша Орынбор ордені Еңбек Қызыл Туы ауыл шаруашылық институтын бітірді.
Еңбек жолын 1994 жылдың сәуірінен Новопокровка ауыл шаруашылығы техникумының оқу-өндірістік меңгерушісі болып бастады. 1996 жылдың сәуірінен бастап 2007 жылдың қарашасы аралығында «Ақ-Жайық» шаруа қожалығының басшысы болды. 2007 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новопокровка ауылдық округі әкімі лауазымында қызмет атқарды.
Бородулиха ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 13-ж/қ өкімімен «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша бөлім жұмысын ұйымдастыру. Жалпы аудандық манызды көлік жолдарын  пайдалану бойынша құрылыс, қайта құру, жөндеу және ұстау жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан аумағында ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру. Аудан аумағында ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының нысаналы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша  бақылау жасау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.


Бөліммен ұсынылатын қызметтер: 


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою


Мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69.
Жұмыс телефоны: 8(72351) 2-14-38.
Электронды мекенжайы: transportbor@mail.kz
Қабылдау күндері: бейсенбі.
Қабылдау уақыты: 9.00-ден 16.00 – ге дейін.

Парақтар өзгертілді: 25-07-2019