КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның бөлімдері

«Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ

Жарқын Оразғалиұлы Жолдыбеков - «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ басшысы. 1962 жылы 6 қарашада Семей облысы Жаңа Семей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келді. Қазақ, білімі жоғары. Үйленген, екі баласы бар.
2003 жылы «заңгерлік» мамандығы бойынша Новосибир гуманитарлық  институтын бітірді.
Еңбек жолын 1983 жылы қыркүйекте Новопокровка совхоз техникумының 3-санаттағы жүргізуші болып бастады. 1984 жылдың қазанынан бастап 2009 жылдың шілдесі аралығында Бородулиха ауданының ішкі істер органдарында қызмет етті. 2009 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың шілдесі аралығында Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2016 жылдың шілдесі мен 2017 жылдың мамыры аралығында «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ басшысының міндеттерін уақытша атқарды.
Аудан әкімінің 2017 жылдың 19 мамырындағы өкімімен «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері: Заңмен белгіленген тәртіпте жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, индустириялды- инновациялық дамыту, кәсіпорын, мемлекеттік сауда саласына қатысты мемлекеттік саясатты ұйымдастыру, сонымен қатар Бородулиха ауданының аумағында туристік қызметті үйлестіру.  Индустрия, шағын бизнес және сауданы экономикалық дамытудың нысаналы бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру. Кәсіпорындар, ұйымдар және кәсіпкерлік құрылымдарымен бірлесіп қызмет етудің жаңа түрлерін әзірлеу. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын қолдау және дамытуды қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді болжау және қайта өңдеу. Кәсіпкерлікті дамыту, тауар және қызмет нарығын дамытуға, инвестицияларды тартуға ықпал ететін ұйымдастырушылық, әдістемелік, экономикалық және құқықтық сипаттағы іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру. Аудан әкімінің жұмысын рейтингтік бағалауда көзделген көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі жұмыс. АҚ ТЖ сауда және тамақтану қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің қаржы – экономикалық және шаруашылық қызметі мәселесін шешу, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы орындалуын бақылау. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтінішін қарастыру. 

  Мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69.
  Жұмыс телефоны: 8(72351) 2-22-91.

 

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға облыстың қала және аудандарында  жинауды жалғастырады. Курстар кәсіпкерлік негіздерді оқытуға бағытталған. Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
Оқу мерзімі – 1 ай. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 11-13 наурыз аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  14 наурыз – 15 сәуір аралығында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе 87235124410 байланыс телефонына хабарласып, Бородулиха аулында, Тәуелсіздік көшесі 65 кеңес алуға болады. 

 

 

Бородулиха ауданы кәсіпкерлерінің назарына!

Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын, кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған жаңадан құрылған және қызмет ететін кәсіпорындар сияқты, бизнесті басқаруда заманға сай үлгіні енгізу және өндірісті жаңарту мақсатында, аймақтың басымды экономика секторында қызметті жүзеге асыратын «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Кәсіпкерлік  әлеуетін күшейту» бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде келесі бағыттар бойынша бағдарламаға қатысуға тапсырыстарды алдын-ала қабылдау басталды:  

жаңадан құрылған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары):

Оқу материалдарын ұсынумен кәсіпкерлік негіздерін тегін қысқа
мерзімді оқыту. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп, облыстың барлық қалалар мен аудандарында жылына екі рет өткізеді.
Бағдарламаға қатысу үшін тапсырыс Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөліміне жолдау қажет.

қызмет ететін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау:

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мамандандырылған сервистік қызметтерді тегін ұсынуды қарастырады (бухгалтерлік, салық есебін және есептілікті жүргізу; статистикалық есеп құру; кедендік рәсімдер, сапа менеджменті жүйесін енгізу, заңды кеңестер, маркетинг, ІТ қызмет көрсету, семинарлар).

шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту:

Экономиканың басымды секторларында қызмет ететін Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын сұрыптау, «Назарбаев Университет» АҚ оқуға бағыттау үшін конкурс негізде өткізіледі.
Оқыту үрдісі бизнесті жаңа үлгімен құруды оқудан, бизнесті жүргізуде пайда болған сұрақтардың дербес шешімінің дағды құрылымының мақсатымен нақты бизнес-жағдайларды үлгілеуден тұрады.

«Іскерлік байланыстар» жобасы:

Халықаралық және шетелдік ұйымдарды қолдау кезінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнату есебімен жоба өндіріс жаңаруын қолдауда көмек көрсетуге бағытталған.
Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең облыс деңгейінде бизнес-тренингін өткізуді қарастырады, екінші – сәйкес шетелдік өндірістерде бағдарлама қатысушыларының сынағы.
Экономиканың басымды секторларында қызмет ететін Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын таңдау конкурс негізінде өткізілетін болады, екінші кезеңге қатысу үшін – Жобаның бірінші кезеңінің шеңберінде дайындалған үздік бизнес-жоспарларды таңдау негізінде.
Бағдарлама бағыттарының екінші (1 нысан), үшінші (3 нысан), төртінші (5 нысан, сауалнама) қатысуға сәйкес нысанның тапсырысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жіберу қажет.
Тапсырыс нысанын және барлық қажетті байланыс электронды мекенжайларды және телефондарды облыс әкімдігінің www.akimvko.gov.kz, «Даму» қорының www.fund.kz сайтында қарауға болады. 

 

М.Досмағамбетова, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы

 

Кәсіпкерлердің назарына!

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 қаулысымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды,  жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру Ережесіне сәйкес, ішкі сауданың барлық объектілері есептік нөмірді ресімдеулері қажет.
Есептік нөмір ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін, ішкі сауда объектілері жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты (сату немесе жеткізіп беру), сондай-ақ, оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерін қамтиды.
Есептік нөмір АШМ аумақтық бөлімшесінің келесі құжаттар негізінде объекті қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі,:
- СЭС қорытындысы;
- өртке қарсы қызметтің қорытындысы;
- ветеринарлық- санитарлық қорытынды;
- жеке куәлігінің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
-мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (нотариалды куәландырылған). 

 

М.Досмағамбетова, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы  

 

Кәсіпкерлердің назарына!

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен бірлесіп, 2011 жылдың 25 мамырынан бастап  Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға және мүгедек-кәсіпкерлерге, іс-әрекет етіп жатқан және жаңа құрылған кәсіпкерлерге екі күндік ақысыз оқыту «Кәсіпкерлердің экспресс-курстарын» өткізеді.
Аталған бағдарлама жеке бизнесті құру, маркетинг, адами ресурстармен басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздерімен басқару, қаржылар және салық салу бойынша оқытуды қамтиды.
Қысқа мерзімде оқыту процесінде кәсіпкерлерге құрылтай құжаттарын, типтік бизнес-жоспарларын, техникалық-экономикалық негіздеулерін, несие алу үшін құжаттарды өзіне енгізетін құжаттардың стандартты топтамалары, кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу материалдары берілетін болады. «Даму» Қорының қызметкерлері СМСП мемлекеттік қолдау жөніндегі бағдарламалардың тұсаукесерін өткізеді (оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020»).
Экспресс-курстар заманауи әдістерді және тұсаукесер технологияларын пайдалана отырып, тренинг-оқыту режимінде жүргізілетін болады. Курстарды өткізу үшін Халықаралық Бизнес Академиясында оқыған  жоғарғы кәсіби лектор-жаттықтырушылар тартылды.
Тренинг-бағдарлама облыстың барлық 15 ауданында, сондай-ақ, Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларында өткізілетін болады. Курстардың ұзақтылығы 2 күнді құрайды. Кустартан басқа, тыңдаушыларға оқу құралдары және ақпараттық-талдау материалдары беріледі. Семинарларды өткізу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тіркелген сертификаттар беріледі.
Экспресс-курстарға жазылуға және қосымша ақпаратты Даму Қоры Өңірлік филиалының 8(7232)21-44-86, 86-38-76, 26-08-67 телефондары арқылы және ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімінен тікелей алуға болады.

 

М.Досмағамбетова, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы

 

 

Кәсіпкерлердің назарына

 

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру шеңберінде облыста 2011 жылы ақысыз мамандандырылған сервистік қызметтер ұсыну үшін, экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын, кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау жүргізілуде.

Қызмет ететін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау өзіне бизнес-үдерісті қолдау бойынша келесі мамандандырылған қызметтерді ұсынуды қосады:
-бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу және есептеме құру;
-статистикалық есеп құру;
-кедендік үдерістер бойынша қызметтер;
-сапалық менеджмент жүйелерін енгізу бойынша кеңес;
-ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету.

Аранлған сервистік қызметтерді ұсыну үшін өтінім нысанын «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ алуға болады. 

 

Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы №172 қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
*.doc 54Kb
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы №172 қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ ережесін бекіту туралы
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ ережесін бекіту туралы
*.doc 30Kb
Индустрияландыру Картасының бес инвестициялық жобасы

Заявка на участие в проекте «Деловые связи»
Іскерлік байланыстар» жобасы
   
 Кәсіпкерлікті қолдаудың бағдарламалар реестрі және шаралары
«Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бойынша ақпарат
Парақтар өзгертілді: 21-02-2019
Оқиғалар күнтізбесі
Шілде 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019