КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Әкім аппараты

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі» ММ

Шакенов Ертай ЗейнелгазыевичЕртай Зейнелғазыұлы Шәкенов – бөлім басшысы. 1984 жылдың 21 маусымында Семей облысы Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келді, қазақ. Білімі – жоғары, 2006 жылы «Ветеринарлық санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылдың тамыз айында Бородулиха ауылының «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының ветеринар дәрігері ретінде бастады. 2007 жылдың мамырынан бастап 2008 жылдың мамырына дейін Қазақстан әскері қатарында борышын өткерді. 2008 жылдың шілдесінен бастап 2012 жылдың наурызына дейін Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші, бас маман болып қызмет етті. 2012 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың сәуіріне дейін ШҚО Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарды.
Бородулиха ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Функционалды міндеттер: ветеринарияның басты бағыттарын жүзеге асыру және осы негізде дамыту перспективасы мен үрдісін анықтау. Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларымен күрес бойынша жоспар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринарлық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру. Ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептер мен бөлім ақпараттарының мониторингін жүргізуді бақылау. Қаржы – экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешу, бюджеттік қаражаттарды тиімді және нысаналы пайдалануды бақылау. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарастыру. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде ҚР заңнамасымен жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелетін өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.


кр  Мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы СТО көшесі 4.
кр  Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі.
кр  Қабылдау уақыты: 9.00-ден 18.00 – ге дейін.
кр  Байланыс телефондары: 8(723-51) 2-20-56.
кр  Электронды мекенжайы: Veterinary@boroduliha.vko.gov.kz

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Маусым 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019