КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның бөлімдері

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» ММ

Сутормина Юлия Валерьевна Юлия Валерьевна Сутормина – қаржы бөлімінің басшысы, 1980 жылдың 14 сәуірінде Семей облысы Новошульба ауданының Новошульба ауылында дүниеге келді, орыс. Білімі – жоғары, 2001 жылы «Құқық және экономика негіздерінің мұғалімі» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2007 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Семей қазақ қаржы – экономикалық институтын бітірді.
Еңбек жолын 2001 жылдың қыркүйегінде Бородулиха ОАА хатшысы ретінде бастады, онда 2002 жылдың қазанына дейін қызмет етті, 2004 жылдың қазанынан бастап 2005 жылдың қаңтарына дейін Бородулиха ауданының аудандық денсаулық бөлімінде экономист, жетекші маман болып жұмыс істеді. 2005 жылдың қаңтарында Бородулиха ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып тағайындалды. 2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін Бородулиха ауданының қаржы бөлімі бастығының орынбасары, 2010 жылдың желтоқсанында Бородулиха ауданының қаржы бөлімінің бас маманы болып ауыстырылды.
2015 жылдың 1 сәуірінен бастап Бородулиха ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 34 ж/қ өкімімен ШҚО Бородулиха ауданының қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

 

Лауазымдық міндеттері 

ҚР заңнамаларына сәйкес бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын өткізеді; сәйкес келетін қаржы жылына аудан бюджеті туралы шешімнің жобаларын әзірлеуге, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізуге, сондай- ақ сәйкес клетін жылға аудан бюджеті туралы шешімді іске асыру туралы әкімдіктің қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады, ауданның басқа да экономикалық қызметтерімен бірге жергілікті бюджет табысының болжамын ұйымдастырады; жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді; жергілікті бюджет қаражаттарының орындалуын талдауды жүргізеді; жергілікті бюджетке түзету енгізу және нақтылау бойынша ұсыныс енгізеді; қаржы жылы бойынша бюджет қаражаттарының біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді; жергілікті бюджетті қалыптастыру сұрақтары бойынша мәслихаттың және бюджеттік комиссияның, әкімдіктің, әкімнің тапсырмаларын орындайды; жоғары тұрған органдарға бюджеттің орындалуы туралы есепті және ақпаратты ұсынады.

Қалыптасқан жылы:
2005 жылы «ШҚО Бородулиха ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ құрылды, 2006 жылы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ және «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» ММ болып қайта құрылды.

Қызмет бағыты: бөлімнің негізгі міндетті бюджетті орындау саласында аудан аумағында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және коммуналдық меншікті басқару болып табылады.
Аудан бюджетінің орындалуын қамтамасыз ету; сәйкес келетін қаржы жылына аудан бюджеті туралы шешімнің жобаларын әзірлеуге, міндеттер және төлем бойынша қаржыландыру жоспарын, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша есептерді толтыруға; мемлекеттік мекемелердің міндеттерін дер кезіңде орындау бойынша шешім, жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарын болжам және талдау, жергілікті бюджеттің қолма- қол ақшалай қаражатың басқару бойынша шешім қабылдау; бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілерімен анықталған іс шараларға бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын қамтамасыз ету; қаржы жылы бойына бюджеттік қаражаттардың бір келкі бөлінуін қамтамасыз ету; аудан бойынша толығымен түсімнің нақтыланған жоспарын жүргізу; ағымдағы қаржы жылының табысының болжалды орындалуы бойынша жұмысты іске асыру; белгіленген мерзімде бюджет қаражаттарың пайдалану және түсімнің бюджетке дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету; аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша міндеттерді қабылдауға рұқсат беруді жүзеге асыру; төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерту енгізуге арналған аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарастырады; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған шығынды есептеуді үнемдеу тәртібін қадағалауды, қаражаттың мақсатты бағытталуын, табысты есептеудің дұрыстығы және толықтығы, қаражат түсімінің көздерінің заңдылық нысанына мемлекеттік мекемелердің (жұмыс, қызмет) тауарларды іске асырудан түскен қаражаттардың шығынның және түсімінің жоспарын келістіруді; аудандық бюджеттік комиссияға, облыстық бюджеттік комиссияға жеке бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлық тағайындауды қайта қарастырудың қажеттілігі туралы ақпарат ұсынады. бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша тәсілдемелер бойынша кепілдеме және толық игермеудің себептерін көрсетіп бюджеттік бағдарламалардың өркендеуі және ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың толық игерілмеуі туралы аудан әкімдігіне ақпарат ұсынады; аудан әкімдігіне, мәслихаттың тексеру комиссиясына, бюджеттік жоспарлау бойынша облыстың уәкілетті органына, бюджетті орындау бойынша облыстың уәкілетті органына, ішкі бақылау бойынша орталық уәкілетті органға ай сайын есеп толтырады және ұсынады.
бюджетті жоспарлау бойынша және бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті органда белгіленген аудан бюджетінің орындалуы туралы және қаржыландыру және түсімнің жиынтық жоспарын орындау туралы басқа да есеп берулер; түсімдер және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, тексеру; ішкі бақылау бойынша орталық уәкілетті органға және бюджетті орындау бойынша облыстың орталық уәкілетті органына, бюджеттік жоспарлау бойынша облыстың уәкілетті органына, аудандық бюджет орындау туралы аудандық әкімдікке жылдық есепті ұсыну; бюджетті орындау процессінде жиынтық жоспарға енгізілген өзгертулерді талдау және бақылау, есеп беру; аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының орындалуы туралы талдамалы деректерінің жиынтығы; жылдық соманы ай сайынға бөлуді талдау жолымен бюджет ақшасын игеру мониторингінің жүзеге асуы, негізділігі қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгертулер, қаржаландыру жоспарының орындалмау себептерін анықтау; заңнамалық актілерге сәйкес коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау бойынша іс шараларды жүзеге асыру, ұсынылған өкілеттіліктің шегінде аудан аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін қолдану және игеру бойынша қызметті атқару; аудан аумағындағы коммуналдық меншік объектілерін есепке алуды; ауданның коммуналдық меншік объектілерінің тізілімінің сәйкес келетін бөлімін жүргізу, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу және осы ақпаратты белгіленген тәртіпте Қаржы департаментіне табыстау; объектерді мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне тапсыру - қабылдау бойынша құжаттарды дайындау және Қаржы департаментіне шешім қабылдау үшін жіберіледі; сәйкес келетін ауданның әкіміне жекешелендіруге жататын объектілер тізбесіне қосу бойынша ұсынысты дайындау және енгізу; мүлікті есептен шығару, жекешелендіру және оның алдын – ала сатылары, баланстан балансқа беру, мүліктік жалдану (жалға алу), сенімгерлік басқару, өтеусіз пайдалану және т.б мәселелер бойынша алғашқы құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды дайындапу және өткіз; (Ережелерді) Жарғыларды, аудан әкімдігі құрған мекемелер және кәсіпорындардың табыстау актісі және бөлу және тарату баланстарын келісуі; иесіз объектілердің есепке қойылуы бойынша анықтау жұмысың ұйымдастыру, коммуналдық меншік құқығын тану боынша сот процессіне қатысу, берілеген сұрақ бойынша сот шешімін барлық керекті құжаттармен Қаржы департаментіне келешекте жұмыс істеу үшін жіберу; аудан аумағында мемлекеттік коммуналдық меншіктің тиімді және мақсатты орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Қаржы департаментімен жасалған сатып алу - сату, жалдау, сенімгерлік басқару, өтеусіз пайдалану және басқа шарт жасауы бойынша міндеттердің орындалуын өз құзыреті нің шегінде жүзеге асыру; мемлекет мүддесін ұсыну.

Мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Достық көшесі 154
Қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі, жұмаа
Қабылдау уақыты: сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін  
Байланыс телефоны: 8 (723-51) 2-14-50
e-mail: Raifo-bor@mail.kz

 

2018 жылдың 9 айына Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат *. doc 44 KB
«Бірыңғайтеңгерімұстаушы» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ғимараттары мен көлікқұралдарын күтіп ұстау бойынша қызметтерді сатып алу» жобасы бойынша мүдделерді білдіру сұранымы *. doc 207 KB
2017 жылдың 2 тоқсанына Бородулиха ауданының бюджетінің орындауы туралы есепке ақпарат *. doc 72 KB
Ақпан айында қаржы бөлімі өткізген іс-шаралар, 2009 жылдың 1 наурызына жағдай бойынша, Бородулиха ауданының бюджетінің орындалуы бойынша ақпарат.  
Қаңтар айында қаржы бөлімі өткізген іс-шаралар, 2009 жылдың 1 ақпаныдағы жағдай бойынша, Бородулиха ауданының бюджетінің орындалуы бойынша ақпарат  
     
Парақтар өзгертілді: 29-11-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Тамыз 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019