Ауданның бөлімдері

«ШҚО Бородулиха ауданы жер қатынастар бөлімі» ММ

«ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы

Зарина Викторовна Кошкорбаева - «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы. 1989 жылы 2 тамызда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген, қазақ. Білімі – жоғары. 2010 жылы «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заңгерлік инновациялық университетін бітірді.
Еңбек жолын 2012 жылы «ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ заңгер болып бастады, 2012 жылдың тамызынан бастап 2017 жылдың мамыры аралығында  ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
Бородулиха ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 мамырдағы өкімімен 2017 жылдың 26 мамырынан бастап «ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Аграрлық сектор қызметінің жұмысын үйлестіру. Жерді пайдалану және қорғау, жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша аудан аумағында орналасқан ауданның, кенттік және ауылдық округтердің жергілікті өкімет және атқарушы органдарымен, мекемелерімен, ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Достық көшесі, 195.
Байланыс телефондары:
8(723-51)2-10-63 бөлім бастығы,
8(723-51)2-21-13 мамандар.
Қабылдау уақыты:
Сейсенбі 9.00 - 13.00
Жұма 9.00 – 13.00.

 

Парақтар өзгертілді: 06-06-2017