КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Халыққа қызмет көрсету орталығы

 

Е-қызмет көрсету порталында өздігімен қызмет алу

 Қазіргі таңда электронды анықтамаларды алу үшін ХҚКО-на келу міндетті емес, электронды аныктамаларды үйде отырып өздігімен Электронды үкімет порталында алуға болады. Өздігімен  электронды анықтамаларды порталда алу үшін азаматтарда электронды-цифрлы қолтаңба болу керек. Электронды цифрлы қолтаңба бұл өзіңіздің қолтаңбаңызға пара-пар, электронды-цифрлы қолтаңбаның арқасында барлық қызметтерді үйде дербес комьютер арқылы алуға болады. Электронды-цифрлы қолтаңбаны екі жолмен алуға болады. Бірінші амал - электронды-цифрлы қолтаңбаны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазуға болады, электронды-цифрлы қолтаңбаны жақын жерде орналасқан ХҚКО-да жазуға болады.
Екінші амал - өздігіңізбен pki.gov.kz сайтында өтініш беріп жұмыс үстелінде сақтап, ХҚКО-на өтінішті растау үшін келу керек. Бұл ақпараттық қауіпсіздік үшін істелінеді. Электронды-цифрлы қолтаңбаның мерзімі – 1 жыл, қызмет тегін көрсетіледі.

  А.К.Атабаева, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы

 

 

Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

 

Аталған анықтаманы алу үшін азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажетті өтініштерді толтыруы тиіс.  Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзі келе алмаса, қызметті алуға жүгінген өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат керек.

«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, енді «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртібімен жүгіне алады және де олардан аталған қызметті алуға өтінім қабылданады», - деп қосып өтті ол.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Астана тұрғындары үшін 1 жұмыс күнін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа өңірлердің тұрғындары үшін – күнтізбелік 15 күнді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Балташева сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектігі бар адамдардың үйіне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшін оларға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну және қызметті алу үшін қолайлы уақытты көрсету керек.Мобильдік топ 72 сағат ішінде қызмет көрсету үшін үйге барады.

Анықтама ретінде:Бүгінгі күні Қазақстанда 191 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.
Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетілді.

«ХҚКО» Республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Атабаева А.К.

 

 

Жылжымалы құрамын тіркеу

 

Бүгінгі ақпарат жылжымалы құрамды тіркеу (қайта тіркеу) немесе мемлекеттік тізілімнен шығарып тастау қажет болғандарға арналған. 
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығарып тастау» қызметін Халыққа қызмет көрсету орталығынан және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
ХҚКО арқылы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін: өтініш, жеке куәлік; жылжымалы құрамның түгендеу тізімі, оның ішінде сенімгерлік басқармада немесе мүліктік жалдауда тұрған; жекеменшікті растайтын құжаттың немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі; әр бірлік жылжымалы құрамға дайындаушы-зауытпен берілген техникалық төлқұжаттың (формуляр) көшірмесі; өкілдіктің өкілеттілігін растайтын құжат қажет. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет ЭЦҚ болғанда көрсетіледі. Бекітілген үлгідегі өтініш порталда толтырылады, ал жоғарыда аталған құжаттар электрондық форматта қоса беріледі.

ХҚКО арқылы Мемлекеттік тізілімнен жылжымалы құрамды алып тастау үшін: бекітілген үлгідегі өтініш; есептен шығару туралы акті немесе жылжымалы құрамды бүлдіргені туралы құжат; өкілдіктің өкілеттілігін растайтын құжат қажет. Портал арқылы – қызмет алушымен ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат форматындағы өтініш,  сонымен қатар жылжымалы құрамды есептен шығару туралы акті немесе бүлінгені туралы құжаттың электронды көшірмесі қажет.

ХҚКО құжаттар пакетін тапсырған соң тізілімнен шығару туралы куәлік немесе хабарлама 8 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қызмет алушы порталға жүгінген кезде: дайын құжаттарды беру 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 
Жүк таситын, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу ақысыз жүзеге асырылады. Ауыр, сонымен қатар моторвагонды жылжымалы құрамды тіркеу құны – 0,25 АЕК; қайта тіркеу – 0,25 АЕК.
Егер сіз құжаттардың толық пакетін ұсынбасаңыз мемлекеттік тіркеу қызметін беруден бас тартуы мүмкін.

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Атабаева А.К.

 

«1414» бірыңғай байланыс орталығы

 

2013 жылдың қазан айынан бастап 1 - 2 топтық мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйінде алу мүмкіндігі бар екендігін естеріңізге саламыз. Ол үшін бірыңғай 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтінім беру жеткілікті. ХҚКО қызметкерлері қызметалушымен хабарласып, қызмет алуға қажетті құжаттар тізімін анықтап, қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдайды. Мобильді топ 72 сағат ішінде үйіне барып қызмет көрсетеді. Қызметалушының келісімі бойынша және интернет желісіне қосылған дербес компьютері бар болған жағдайда ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметтерді ЭҮПнан алуды үйретеді. 1414-ке қоңырау шалу (ұялы байланыс операторларының бәріне) тұрақты телефоннан сондай–ақ, ұялы телефоннан да тегін. Қазақстандықтар кез келген уақытта мемлекеттік қызмет көрсету туралы кеңесті ала алады: ББО тәулік бойы, күнделікті жұмыс істейді.

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Атабаева А.К.

 

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы - сіздің көмекшіңіз

 

«Connectoin Point» өзіне - өзі қызмет көрсету секторы Қазақстандықтар үшін ХҚКО – дағы кеңінен таралған, сұранысы артқан бөлім болып отыр.  Аталған сектордың арқасында заңды және жеке тұлғалар өздерінің маңызды мәселелерін электронды үкімет порталының онлайн - режимінде шешіп алуда. Өзіне - өзі қызмет көрсету секторы мамандарының айтуынша қызмет көрсету бойынша мекен-жайлық анықтама алу, жылжымайтын мүлкі жоқ екендігі туралы анықтама алу, зейнетақы қорын есептеу анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама. Арнайы құралдармен және техникалармен жабдықталған орындар қызмет алушыларға қажетті қызметтерін ыңғайлы, әрі қысқа мерзімде элетронды үлгіде алуына мүмкіндік береді. Сектор қызметкерлері электронды үкімет порталымен жұмыс істеуге, мемлекеттік қызмет көрсетуді онлайн арқылы алу қызметтеріне машықтануға үйретеді, онлайн - режим арқылы мәселелерді шешуге байланысты қажетті барлық сұрақтар бойынша кеңес береді, ЭСҚ алу тәртібін және оның мүмкіндіктерін көрсетеді, сондай-ақ, мобильді байланыс құралдары арқылы Мобильді үкімет жұмысының артықшылықтарын көрсетеді.

 

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Атабаева А.К.

 

 

Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»

Жылжымайтын мүлікті сату күннен күнге өсуде. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу маңызды факторлардың бірі болып табылады. Тіркеуші орган арқылы қажетті құжаттардың көшірмелерін алу үшін, сізге «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» қызмет түрі бүкіл ХҚКО-да ұсынылуда.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі: бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда беріледі).

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес белгіленгеннысандағы сұрау салу;
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат(түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
  3. Заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартынмен http://www.con.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Атабаева А.К.

 

 

Соңғы аптада ХҚКО келушілердің саны 3 есе артты

Клиенттер санының күрт өсуі жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында мәліметтерді өзектендіруге байланысты.
Қазіргі уақытта әкімдіктердің қызметкерлері азаматтарды аула аралап тексеру жүргізуде және мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мәліметтерін өзектендіру талап етілетін барлық азаматтарды жеке басы куәліктерін ауыстыру немесе мекенжай мәліметтерін түзету үшін ХҚКО жолдайды. Нәтижесінде соңғы аптада ХҚКО келушілердің саны 3 есе артты.
«Бүгін таңертеңнен жеке басы куәліктерін ауыстыру немесе мекенжай мәліметтерін түзету үшін 3 мыңнан астам талон берілді, бұл әдеттегі күнде осы қызметті алушылар санынан үш есе артық. Келушілердің ең көбі Астана қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында. Құжаттандыру жүргізуді қалайтын азаматтар саны жақын арада тек өсу мүмкіндігі туралы болжам бар», - деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өтті.
Сондай-ақ, Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезек болдырмау және азаматтарға күту мерзімінен кешіктірмей қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. ХҚКО 238 қызметкері көші-қон полициясы қызметкерлеріне мекенжайжай-анықтамалық мұрағат бойынша тексеруге көмек көрсету үшін жіберілген.       
Көші-қон полициясының қызметкерлері жұмыс күндері жылжымалы кесте бойынша үзіліспен 09-00-ден бастап 18-30-ға дейін және сенбі күні 09-00-ден бастап 13-00-ге дейін жұмыс уақытына өткен.

 

«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Атабаева А.К.

 

 

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары үйінде қызмет көрсетеді

 

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта туғызуға баса назар аударылып жатқандығы белгілі. Осы мақсатта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының да қосқан үлесі зор. Қазіргі таңда ШҚО бойынша 22 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы саны 191 мемелекеттік қызмет түрін көрсететін орталықтарда мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолайлы жағдай туғызылған. Есік алдындағы пандус пен шақырту қоңырауынан бастап, арнайы жеңілдік терезесі мен есту сөйлеу қабілеті төмен жандарға ымдау тілін білетін қызметкерлерді де даярлағаны мәлім. Бұл жағдайдың бәрі өздігінен жүріп-тұра алатын жандар үшін болса, ХҚКО-ға өзі келе алмайтын жандар қайтпек деген мәселе туындады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартында кез-келген өтініш беруші немесе оның ресми өкілі ХҚКО-ға өзі келуі тиіс, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатын болғандықтан ХҚКО қызметкерлері өздері келіп, азаматтың үйінде қызмет көрсетуі жайлы шешім қабылданған болатын. Осыған орай бүгінде әрбір 1-2 топтық мүгедектігі бар азаматтар ХҚКО қызметтеріне үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алатын жағдай жасалған. Ол үшін қысқа нөмірлі «1414» бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы өзі жайлы ақпарат беріп, қызметті алуға қажетті құжаттар тізімін анықтап, мекен-жайын айтса болғаны. Осы ақпаратты алған байланыс орталығының қызметкерлері қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдап, ақпаратты сол ауданның ХҚКО бөліміне жібереді. Ал анықталған аудан бөлімі болса, қызметалушыға 72 сағат ішінде үйіне барып қызмет көрсетеді.

 

А.К.Атабаева, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы

 

 


«ХҚКО» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінде және ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды

Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады».
Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенін, 2012 жылы – 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендігін айта кетейік.
ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы - электрондық.

 

«ХҚКО» Республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Акимбаева А.М

 

 

Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу

 

Бүгінде ақ халатты мамандардың бі­лікті­лік деңгейін көтеру мәсе­лесі жанып тұрған қызметке айнал­ды. Жоғары дамыған технологиялар заманы мұны талап ететіні де рас. Ашылып жатқан жаңалықтардан, ғылыми жетістіктерден сырт қалмай, өзінің білім-біліктілігін көтеріп отыру – басты талаптардың бірі. Сонымен,  «Ақ халатты – абзал жандарға» ұсынатын келесі қызметіміз «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу»
Қызмет  ҚР "электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында «Денсаулық сақтау» тарауында -  «Рұқсат беру құжаттары» бөлімінде қол жетімді. 
Қызметті алу үшін порталға тіркеліп, порталға кіру керек және электрондық цифрлық қолтаңбаның  (ЭЦҚ) болуы  қажет.
ҚР «электрондық лицензиялау» порталындағы жұмыс үшін ЭЦҚ браузерге импорттау қажет .
Қызметті алу үшін қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ өтінішке қол  қою керек.
Берілген өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Ескерту: 
Біліктілік санаты бар маманның сертификатының болуы маман үшін сәйкес мамандық бойынша клиникалық іс-тәжірибеге (науқастармен жұмысқа) берілген рұқсат және кәсіби деңгейінің анықталуы болып табылады.
Қызмет алушы маман сертификатын тегін және 22 жұмыс күні ішінде ала алады. Қабылдау алдын ала жазылусыз «электрондық кезек»  тәртібімен жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» да болады.

 

«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Акимбаева А.М

 

 

 

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»

 

Қазіргі таңда қандай маман саласы болмасын  біліктілігін арттыру үшін диплом алып, өз білімдерін жетілдіретіні бәрімізге мәлім. Осыған баланысты бүгін сіздерге ұсынатын ХҚКО – ның тағы бір мемлекеттік қызметі «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» жайлы болмақ.
Ол үшін қызмет алушы төмендегідей құжаттар топтамасын ХҚКО- ға ұсынса болғаны:

  1. еркін нысандағы өтiнiш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;
  4.  жүзу өтiлiн растайтын құжат;
  5. кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы;
  6. мөлшері 3,5х4,5 см екі фотосурет.

Қызметті алушы салыстыру үшін ораталық инспекторына құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. ХҚО-ға құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қызмет алушыға емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал диплом беру ақысыз негізде   - 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету  «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезек броньдалу мүмкіншілігі бар.
Құрметті оқырмандар толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО-ға жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 

«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Акимбаева А.М

 

 

Енді жеке кәсіпкерлер куәліктерін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» тіркей алады

Сіздерге ұсынатын келесі ақпаратымыз ол азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылық кепілі - кәсіпкерлік жайлы болмақ. Негізінде соңғы бірнеше жылда біздің мемлекетіміз кіші және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуде. Өзіңнің жаңа идеяларыңды жүзеге асыру үшін тек қана жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Дара кәсіпкерлерді тіркеу қызметі 2 АЕҚ мөлшерінде ақылы түрде бір жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Сонымен дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін салықтық өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мекен жай анықтамасы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат,бюджетке төленген түбіртек қажет.Дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде шаруа қожалықтары,1,2,3 топтағы мүгедектер, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын оралмандар төлем төлеуден босатылады.
Порталға жүгінген кезде электрондық нысандағы ЭЦҚ –мен куәландырған салықтық өтініш, жеке басты куаландыратын құжатты ,мекен жай анықтамасын,қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық деректер нысанында алады.
Нәтижесінде тіркелушіге дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігі беріледі.
Қосымша ақпаратты электронды үкімет веб-порталынан www.egov.kz немесе 1414 номеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

 

«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Акимбаева А.М

 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау ХҚКО арқылы жүзеге асырылады

Сонымен, сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер болсаңыз ХҚКО-ға қандай құжаттармен келуіңіз керек?

Егер сіз мемлекеттік қызметкер, ғылыми-педагог қызметкер, өз бетінше оқуға түскендер санаттарына жататын немесе мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан, философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға үміткер болсаңыз, онда сізге:

  • жұмыс орныңызды сақтау шарты мен жұмыс берушінің маман даярлауға өтініші;
  •  жұмыс органы бекітетін шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың (бар болған жағдайда) көшірмесі;
  • таңдап алған мамандық/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;
  •  «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырған сауалнама;
  • жеке куәлігіңіз бен төлқұжатыңыз;
  • дипломыңыз (тағлымнан өтуге үміткерлерге қатысы жоқ), сондай-ақ, егер шетелдік біліміңіз бар болса, оны тану және ностификациялау туралы куәліктің көшірмесі;
  • денсаулығыңыз жайлы медициналық анықтама;
  • еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  • бар болған жағдайда, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың көшірмесі тапсырылады.

Сондай-ақ жоғарыда айтылған құжаттарға қоса төмендегі санатты үміткерлер үшін қосымша құжаттар тапсырасыз;
Конкурсқа өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушінің ұсыным хаты, оқу бағдарламасы, мамандығы және кезеңі көрсетілген, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттар және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, оқу курсы, нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама. Осы санаттағы үміткерлер мен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары;

Жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан өтінімі;
Егер сіз тағлымнан өтпек болсаңыз мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, тағлымнан өту мерзімдері, құны көрсетілген тағлымға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз шақыртуын растайтын құжаттар, жұмыс органы белгілейтін және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрастырылған тағылымдамадан өту бағдарламасы;
Осы құжаттарды толықтай өткізген жағдайда ХҚКО қызметкері сізге құжаттың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған күнді есептемегенде екі жұмыс күні ішінде қаралады.

 

«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы Акимбаева А.М

 


Құрметті азаматтар!

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімі енді Бел-ағаш, Бакин, Переменовка, Жерновка және Степной селолық округтері елді мекендерінің тұрғындары ХҚКО, ЗТМО және Казпошта қызметтерін өз елді мекендерінен шықпай-ақ ала алу мүмкіндігін хабарлайды.
Бородулиха ауданының алыс қоныстанған елді мекендерінде мемлекеттік қызмет көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, селолық округ әкімдігінің хаты негізінде жергілікті басқару органының өтінімі бойынша жоспардан тыс шығулар ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
Мобильді ХҚКО шығу кестелерін «ХҚКО» РМК www.con.gov.kz ресми сайтындағы «Мобильді ХҚКО» бөлімінен, Бородулиха аудандық әкімінің boroduliha.vko.gov.kz сайтындағы «Мобильді ХҚКО» бөлімінен, «Аудан тынысы» аудандық газетінен, сонымен қатар, селолық округ әкімдіктерінен табуға болады. 

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімі

 


Қазақстандар төлқұжат пен жеке куәлікті кез – келген ХҚКО-да ала алады  

Қазақстандар төлқұжатпен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе тіркелегн мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО мен қатар, еліміздің кез – келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады.
Айталық, сіз Астана қаласында немесе басқа елді мекенде тұрып жатсаңыз, ал бірақ нақты уақытта Қарағанды қаласында жүрсеңіз сізге төлқұжат немесе жеке куәлік алу үшін өзіңіздің қалаңызға барудың қажеті жоқ. Төлқұжат немесе жеке куәлікті алу үшін кез келген ХҚКО-на баруыңызға болады.
Атып өту керек, азаматтың жеке басына куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді құжат бүлінген, төлқұжатты жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп және т.б., жағдайларда тұрғылықты және тіркелген жекенжайына қатыссыз, кез – келген ХҚКО-на беруге болады. Ал қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайдажаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.
Құжатты әзірлеу уақыты туралы ақпаратты ХҚКО-на өтінім беру кезінде біле аласыз.


А.М.Акимбаева, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалаының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы

 


«1414» Бірыңғай байланыс орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетеді

ШҚО «Мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы» «1414» Бірыңғай байланыс орталығымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жататын бірінші, екінші топтағы мүгедектер, қозғалуында қиындығы барлар, мүгедек-балалар, есту қабілеті бойынша мүгедектер, ым-ишара тілін қолданатындар үйден шықпай-ақ 1414 телефоны арқылы өтініш қалдырып, құжаттарын ресімдей алады. ББО –да өтініш тіркелгеннен кейін ХҚКО Мобильді тобы 72 сағаттың ішінде өтініш берушіге келіп, үйде өтініш қабылдайды.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бүгінгі күнде үйде отырып қызмет алу - жақсы мүмкіндік. Ол өте тиімді және біздің уақытымызды үнемдейді» - дейді Өскемен қаласының тұрғыны, 2-топтағы мүгедек Айтжамал Матайбаева.
Айта кететін жайт, 1414 Call-орталық арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету туралы ақпарат ХҚКО ғимараттарында стендтерде және жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылған.
Сонымен қатар ескеретін жайт, Мемлекет басшысының алдыға қойған тапсырмасы тұрғындардың кең таралған топтарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтасыз етуді орындау аясында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті жағдай туғызу бойынша ерекше көңіл бөлінген. Ол үшін әрбір ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжаттар қабылдау үшін арнайы жұмыс орыны бөлінген, сонымен қатар пандустар мен шақыру нүктелері орнатылған.
Осы ретте, ШҚО Мобильді топтарымен жыл басынан бастап 180 шығу жүзеге асырылып, 187 мемлекеттік қызмет көрсетілгендігін айта кетпекпіз.

 


«Жер телімінің мақсатты міндетін өзгертуге шешім қабылдау»

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары! «Жер телімінің мақсатты міндетін өзгертуге шешім қабылдау» мемлекеттік қызметті алу үшін Сіздер «Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөліміне жолыға аласыздар. Бұл қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі 37 жұмыс күні.

А.М.Акимбаева, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің қызметкері

 

 

Парақтар өзгертілді: 02-12-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019