КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Халыққа қызмет көрсету орталығы

Халыққа қызмет көрсету орталығы Бородулиха филиалымен көрсетілетін негізгі қызметтер  
     
Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді *.doc 26 KB
Шығыс Қазақстан облысында жаңа пилоттық жоба қанат қақты *.doc 25 KB
Тұрғын үй көмегін ресімдеу үшін алғаш рет алуға келіп, қандай құжаттар керек? *.doc 25 KB
Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады *.doc 28 KB
ҚР шегінен тыс шығу үшін паспортты қалай ресімдеуге болады? *.doc 26 KB
Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды *.doc 28 KB
«Egov мобильдік қосымшасы туралы жиі радиодан естимін, ол жайлы не айта аласыз?» *.doc 26 KB
2017 жылдың ІІІ-тоқсанына арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ филиалының - халыққа қызмет көрсету орталығы" Бесқарағай, Бородулиха және Шемонаиха Департаменті *.xls 46 KB
1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі *.doc 29 KB
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды *.doc 26 KB
Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойынша миллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді *.doc 26 KB
Қазпошта арқылы ХҚКО қызметтерін алу  
Қазақстандықтар перзентханаларда баланың туылуына байланысты қызметті алуға бір ай ішінде 34 мыңнан астам өтініш берген *.doc 28 KB
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалған *.doc 27 KB
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Өскеменнің жаңа құрылыс ауданын шыршалармен көркейтті *.doc 58 KB
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында Бірыңғай гербарий қоры құрылды *.doc 5.8 MB
«Сұрақ – жауап» айдары *.doc 25 KB
Қазақстандықтар үшін мүгедектігі бойынша төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді *.doc 30 KB
Алғашқы рет ШҚО «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері арасында спартакиада болып өтті  
Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу рәсімі жеңілдеді  
Департаменттің Бородулиха аудандық ХҚКО бөліміне ауыл тұрғыны Ольга Скорых: «Мен кәмелеттік жасқа толмаған баланың асыраушысымын және оған жәрдемақы рәсімдейін деп едім, мен мұны ХҚКО-да тапсыра аламын ба, ол үшін қандай құжаттар қажет?» деген сұрақпен жүгінді *.doc 25 KB
Департаменттің Бородулиха аудандық бөліміне қала тұрғыны Жанар Куашпаева келесі сұрақпен келген: «Мен білім туралы дипломды РФ Томск қаласынан алдым. Жұмысқа тұру кезінде менен дипломның жарамдылығын растауды сұрады, осы қызметті мен ХҚКО-дан ала алам ба, және де оған қандай құжаттар қажет?» *.doc 29 KB
Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу мерзімі қысқартылды *.doc 29 KB
Қазақстандық жұмыссыздар әлеуметтік төлемдер үшін өтініш берулеріне және кезекке тұруларына болады *.doc 31 KB
1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады *.doc 27 KB
Ашық үкімет *.doc 160 KB
«Азаматтарға арналған үкіметте» фронт-офистерді жаңғырту жүріп жатыр *.doc 27 KB
Қазақстандықтар мамандандырылған ХҚКО-да алдын ала тестілеуден өте алады *.doc 27 KB
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бородулиха аудандық бөліміне ауыл тұрғыны, ер адам жүгінген. Ол ХҚКО арқылы пәтерін қайта жоспарлауға рұқсат алуға бола ма деген сұрақты қойды. Және де ол үшін қандай құжаттар қажет? *.doc 30 KB
Департаменттің Бородулиха аудандық ХҚКО бөліміне ауыл тұрғыны Ольга Скорых: «Мен кәмелеттік жасқа толмаған баланың асыраушысымын және оған жәрдемақы рәсімдейін деп едім, мен мұны ХҚКО-да тапсыра аламын ба, ол үшін қандай құжаттар қажет?» деген сұрақпен жүгінді. *.doc 29 KB
Азаматтарға арналған үкімет жұмыскерлері асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелі кеңестер өткізді  
«Анамның (немесе әкемнің) жұмысы» балалар көзімен  
«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөліміне Ермек және Алия Жолдановтардың отбасы келесі сұрақпен жүгінді: «Егер біздің ортақ баламыз, сондай-ақ ортақ мүлік жоқ болса ХҚКО арқылы ажырасуға қалай тапсыруға болады?» *.doc 26 KB
Бородулиха ауданының тұрғыны ХҚКО-ға мынадай сұрақпен жүгінген: осы жерден ол оның жұмыссыз екендігі туралы анықтама алуға бола ма? *.doc 25 KB
Бородулиха ауданының аудандық газетіне оқырманнан сұрақ келіп түсті. Адильянов Аслан: «Менде жеке қосалқы шаруашылық бар. Мен осыны қандай да бір анықтамамен растай аламын ба? Ол үшін қандай құжаттар қажет?»- деп сұрайды *.doc 31 KB
Енді «Altel» SIM-карталарындағы ЭЦҚ Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді болды *.doc 27 KB
Мұрағаттық анықтамаларды алу *.doc 25 KB
Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды *.doc 26 KB
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бородулиха аудандық бөліміне аудан тұрғынынан мына бір сұрақ келіп түсті: «ХҚКО арқылы сыртқы жарнаманы орналастыруға құжаттар тапсыруға бола ма?» *.doc 26 KB
Аудандық газет редакциясына келесі бір оқырманнан келесідей сұрақ келіп түсті: жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады ма? *.doc 26 KB
Тұрғын үй көмегін тағайындау *.doc 32 KB
ХҚКО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге қалай отыруға болады? *.doc 27 KB
«Сұрақ-жауап» айдары

*.doc 30 kB

ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

*.doc 27 kB

Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады *.doc 29 kB
Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы бере алатын болады  
ШҚО-да инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады  
«Connection point»: ХҚКО-да қызметтерді өздігімен алу!  
Үйге шығумен көмек  
Некені тіркеуге электрондық өтініш беру  
ШҚО ХҚКО-сы тұрғындарға 2 млн-нан астам түрлі қызметтер көрсеткен *.doc 29 kB
ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетті *.doc 33 kB
ШҚО-дағы Мобильдік ХҚКО: жақын және қолжетімді болу *.doc 35 kB
ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады *.doc 164 kB
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты *.doc 27 kB
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры Азамат Хамидулиевич Есембуловпен «Біздің жұмысымыздың маңыздылығы- адамдарға көмек көрсету» атты тақырыбына сұхбат жүргізілді *.doc 38 kB
Мобильді ХҚКО *.doc 27 kB
Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады *.doc 27 kB
Жеке куәліктегі ЭЦҚ *.doc 52 kB
Мобильдік ХҚКО *.doc 26 kB
Мекен-жайлық анықтама *.doc 26 kB
Білімі туралы құжаттарын нострификациядан өткізу *.doc 37 kB
ХҚКО хабарлайды «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын алу» *.doc 27 kB
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» *.doc 35 kB
Е-қызмет көрсету порталында өздігімен қызмет алу  
Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады  
Жылжымалы құрамын тіркеу  
«1414» бірыңғай байланыс орталығы  
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы - сіздің көмекшіңіз  
Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»  
Соңғы аптада ХҚКО келушілердің саны 3 есе артты  
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары үйінде қызмет көрсетеді  
«ХҚКО» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінде және ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды  
Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу  
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»  
Енді жеке кәсіпкерлер куәліктерін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» тіркей алады  
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау ХҚКО арқылы жүзеге асырылады  
Құрметті азаматтар!  
Қазақстандар төлқұжат пен жеке куәлікті кез – келген ХҚКО-да ала алады  
«1414» Бірыңғай байланыс орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетеді

 
«Жер телімінің мақсатты міндетін өзгертуге шешім қабылдау»  

 

 

Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы бере алатын болады

Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімдей алады. Бұрын осы қызметтерді ресімдеу үшін белгілі бір кесте бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жүгіну талап етілсе, енді қазір қызметтер ХҚКО арқылы қолжетімді болып отыр, оның ішіндегі үшеуіне электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерге құжаттарды өздерінің қалыпты кестесі бойынша қабылдайды – аптасына 6 күн, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрін алуға болады, олардың ішінде – а/ш өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын; а/ш өнімдерін өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі әр түрлі – күрделілігіне қарай 6 жұмыс күнінен бастап 41 жұмыс күніне дейін созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейтіндігін есте сақтаған жөн.
Қажетті құжаттар туралы электрондық үкімет порталының con.gov.kz  ресми сайты және 1414 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Субсидиялау жөніндегі қызметтер тегін көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтінен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттік қызметтер спектрі 212-ге дейін көбейді, ал бизнес-процесстерді оңтайландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресімдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мерзімдерін азайтуға мүмкіндік берді. Бүгін елімізде 270 ХҚКО бөлімі жұмыс жасайды.

 

 

ШҚО-да инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады

Өскемен қаласында пилоттық жобада инвесторларға қызмет көрсету секторы өз жұмысын бастады. Енді Белинский көшесі 37/а мекенжайындағы ХҚКО-да инвестор «бір терезедегі» маманнан жеткілікті кеңесті, сонымен қатар барлық рұқсаттар мен лицензияларды ала алады. Осылайша ол барлық төрешілдік пен әкімшілік жүктемелерді айтарлықтай қысқартады.

  • Инвесторларға мемлекеттік қызмет алуға бағытталған «бір терезе» қағидатын енгізу инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті біршама жеңілдетеді – дейді ШҚ филиалының директоры Азамат Есембулов. – Аталған жоба еліміздің 19 ХҚКО-сында іске қосылған, ал 5 қаңтардан бастап ШҚО-да жүзеге асырылды.

Естеріңізге саламыз, 2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған бұл механизм басым инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін ғана қолжетімді болатын. Бірақ 2016 жылы барлық рұсқат беру құжаттарына кеңес беру мен оларды алу үшін өз бизнесін кеңейтуге шешім қабылдаған кез келген инвестор жүгіне алады.

  • Инвесторға өз сұрау салуы бойынша құжаттар топтамасын дайындау ғана керек, ал қалған барлық процессті Инвесторларға қызмет көрсету секторлары орындайды және бақылауға алады. Енді әкімшілік инстанцияларды өз бетінше өтудің қажеттілігі жоқ. Белгіленген уақытта барлық құжаттар дайын болады және инвесторға табыс етіледі – дейді Азамат Есембулов.

ХҚКО-ның жаңа қызметі талап етілді десек болады. инвесторларға қызмет көрсету секторына облыстың бір ауданының тұрғыны жүгінді. Ер адам – бірнеше жыл бұрын өзінің тарихи отанына оралған оралман. Ол көкөністер өсіріп, сатады. Іске алға басқан ол бизнесін ұлғайтуды ойластырыпты. Оның бұл ісіне қолдау білдіргендер де табылыпты – олар Қытай кәсіпкерлері. Олар өз инвестицияларымен Шығыс Қазақстанда көкөніс сақтайтын орынның тұрғызуына көмек береді деген сенімде, ал халыққа қызмет көрсету секторы арқылы құжаттарды ресімдеу мүмкіндігі – олардың уақытын үнемдеп, бюрократтық кедергілерді жояды деген сенімде.
Өскемен қаласындағы ХҚКО-да инвесторларға қызмет көрсету секторында үш дайындалған маман жұмыс атқарады, олар сауатты кеңес беріп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық бойынша ақпарат береді, Қазақстан Республикасы территориясында көрсетілетін пұрсаттылық туралы айтып береді.
Инвесторлар үшін «бір терезе» онлайн сервисін автоматтандыру мен қамтамасыз етудің ресурсы болып “isc.baseinvest.kz” сайты табылады, онда инвестор тіркеліп, ақпарат ала алады, сондай-ақ құжаттарды беру процесін online режимінде қадағалай алады.
Инвесторларға қызмет көрсету секторы Өскемен қ. Белинский көш. 37/а мекенжайы бойынша орналасқан.

 

 

«Connection point»: ХҚКО-да қызметтерді өздігімен алу!

Мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға келмей – ақ алу мүмкіндігі бар ма? Осындай сұрақпен «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының аудандық бөліміне Бородулиха ауданының тұрғыны Асем Абенова жүгінді.
Ол кісіні түсінуге болады әрине, өйткені қазіргі ХҚКО-лардағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мерзімінде әрбір керек кезінде жұмыстан сұрана беру де мүмкін емес, әрине құжаттарды алу бойынша барлық ресімдеулерді азайтудың да талабы жоқ емес. Қысқасы, азаматша Абенованы мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға келмей алу мүмкіндігі мен оны қандай жолмен жүзеге асыру қызықтырды.

  • Мен электронды үкімет порталы дегенді естідім, бірақ ол қызмет түрімен кездескен жоқпын – дейді Асем Абенова – Онымен жұмыс істеуді қайдан үйрене аламын?
  • 2013 жылдан бастап бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ біздің бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы құрылды және жұмыс істейді. Дәл осы жерде тұрғындарға электронды мемлекеттік қызметтерді, электронды сандық қолтаңбаларды  алу мүмкіндігі туғызылған. Осы жерде әрбір келушіге кеңес беріліп, ЭҮП-та (Электронды үкімет порталында) жұмыс істеуге үйретеді – дейді «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы А.Атабаева.  

Сонымен қатар, инспектор аталған шара әрбір қызмет алушының үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын, салықтарды, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлды, коммуналдық қызметтерді төлеуді, кез келген ақпараттық анықтаманы алуды үйрену үшін жүзеге асырылғандығын түсіндірді. Жалпы айтқанда, сектор құжаттарды ресімдеуге қатысты барлық мәселелерді жылдам, тиімді және қажет кезінде шешу үшін құрылған.

  • Сұрақтар немесе қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда біздің бөлімнің қызметкерлері көмек беруге және ХҚКО қызметі бойынша сұрақтарға түсініктеме беруге әрқашан дайын – дейді реттеу зал басшысы З.Манаспаева.

Сонымен қатар, маман «Conection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы – бұл электронды үкімет порталының дамуындағы жаңа кезең екендігін айта кетті. Электронды сандық қолтаңбасы бар азаматтардың электронды нысандағы қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы арнайы жабдықталған орындардан өздігімен алу мүмкіндіктері бар.
Айта кететін жайт, бұл қызмет жылдан жылға тұрғындар арасында танымал болып барады. ШҚО-да 2015 жылы 2 млн-нан астам электронды қызмет көрсетілген. «Conection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының өзінде ғана азаматтар 462 327 түрлі қызметтерді иеленген.

Үйге шығумен көмек

Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйден шықпай-ақ ХҚКО қызметтерін алу мүмкіндігін қолдануы артып келеді. Бұл-қолайлы, жылдам, ең бастысы – 1 және 2-топтағы мүгедектер үшін маңыздысы ешқайда барудың қажеті жоқ.
ШҚО-да аталған топ адамдары үйде көмекті 2013 жылғы 01 қазаннан бастап жүзеге асырылады. Аймақта дәл сол мерзімде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоба іске қосылған.
Әдеттегі мысал – Сауле Шакиртованың мысалы. 59 жастағы әйел Курчатов қаласында жұмыс істейді. Ол – көзінің көрмеуі бойынша 1-топтағы мүгедек және ХҚКО арқылы тұрғын үй көмегін алады, енді ол үшін ХҚКО-ға келудің қажеті жоқтығын естігенде, ол мүмкіндікті пайдалануды шешті.

  • Бұрын, осындай қызмет болмаған кезде денсаулығыма байланысты маған өздігімен ХҚКО-ға бару өте қиын болатын, біреуге мені апаруын сұрап жүретінмін, - дейді Сауле Толуехановна. – Кейіннен ХҚКО қызметкерлерінен мен құжаттарды үйде ресімдеу мүмкін екендігін естідім, тек қана қоңырау шалып, өтінім қалдыру керек екен. Шынымды айтсам, мен өтінім беру үшін көп ойландым. Осының барлығы көп уақытты алады ма деп қорықтым. Сөйтсем олай болмады.

Кезекті құжат тапсыру кезінде Сауле Толуехановна қоңырау шалуды шешті және өз өтінімін қалдырды. Жарты сағаттың ішінде ХҚКО инспекторы Айтмурзин Әділеттің қажетті құжаттарды жинау қажеттігін ескертіп қоңырау шалғанда таңданысында шек болмады. Сонымен бірге ол келу уақытын анықтап алды.

  • Ол өзі айтқан уақытында келді, менен тұрғын үй көмегіне қажетті барлық құжатты қабылдап алды, менін сұрақтарыма жауап берді. Қызметкер өте сауатты және сыпайы екен. Және бірнеше күннен кейін ол маған тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны туралы хабарлама әкеп берді, мен қолымды қойдым. Енді мен 1414-ке қоңырау шаламын, өйткені менің өтінішімнің қараусыз қалмайтынын білемін және өте қысқа мерзімде үйде қызметтің көрсетілетінін білемін, - дейді Сауле Шакиртова. – Сіздер қаншама мәселенің өздігінен шешілгендігін білмейсіздер. Мен сияқты мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйден шықпай-ақ қызмет алу өте маңызды.

Бұнымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ШҚО бойынша филиалы Курчатов қалалық бөлімінің басшысы Дана Мубарякова да келіседі.

  • Әрине, біз мүмкіндігі шектеулі клиенттерімізге үлкен құрметпен қараймыз, - дейді ол. 1414 бірыңғай байланыс орталығына өтініш түскен кезде клиентпен жедел түрде хабарласып, оған қызметті сол күнде көрсетуге тырысамыз. Егер былтырғы жылы бізде бірыңғай байланыс орталығына бірде-бір өтінім түспесе, биылғы жылы 4 өтінім бойынша жұмыс жасадық.
  • Айта кететін жайт, 4 өтінімнің 3-і Сауле Шакиртовадан – демек, қызмет «орнықты», ол шынымен қажет және талап етілетін қызмет болып шықты. Айтпақшы, 1414 Call-орталық арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету туралы ақпарат ХҚКО ғимараттарында ақпараттық стендтерде және жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылған.

Дәл осындай ХҚКО-дан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйде қызмет алу жағдайы бүкіл Шығыс Қазақстан облысында орын алуда. Салыстыру үшін, 2014 жылы филиал қызметкерлерімен барлығы 401 рет клиенттерге шықса, 2015 жылғы 10 айдың ішінде 453 рет шығып, 500 қызмет көрсетілген. Әрине, үйге шығып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көпшілігі Өскемен және Семей қалаларына тиесілі.

  «ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы А.К. Атабаева

 

 

Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

«Электрондық үкімет» порталында «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін  болашақ ерлі-зайыптылардың екеуі де бұрын некеде болмаған және балалары жоқ болса және болашақ ерлі-зайыптылардың екеуі де «Электрондық үкімет» порталынада тіркелген, электрондық  цифрлық  қолтаңбалары (ЭЦҚ) бар Қазақстан Республикасы азаматтары пайдалана алады.

Қызмет көрсетуге салынатын баж салығының сомасы 1982 теңгені (1 АЕК) құрайды. Мемлекеттік салықты төлеу үшін Сізде Қазақстанның кез келген банкінің төлем картасы және жеке есеп шотыңыз болуы тиіс. Некені тіркеуге онлайн өтінішті некелесудің белгіленген күніне дейін 30 күнтізбелік күн бұрын беру қажет.

Сіздің өтінішіңіз АХАЖ-дың ақпараттық жүйесімен өңделген соң, әр өтініш берушінің жеке кабинетіне некелесуді тіркеу уақыты мен орны көрсетілген хабарлама келіп түседі. Некелесуді тіркеу күнін АХАЖ АЖ тағайындайды.
Егер де өз үйіңізде ғаламтор болмаған жағдайда ХҚКО-на келіп «өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» аталған қызметті өз ЭЦҚ-ды пайдалана отырып  алуыңызға болады.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 06-03-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019