КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Мемлекеттік қызметтер

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Бородулиха ауданының мемлекеттік органдарының қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 201 мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады (2017 жылы-191, 2016 жылы-175, 2015 жылы – 165, 2014 жылы-131, 2013 жылы-78).
2018 жыл бойынша Бородулиха ауданының тұрғындарына 56376 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламасыз қағаз түрінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы – 924.
55452 баламалы мемлекеттік қызметтен:
- «электрондық үкімет» порталы және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге болатын қағаз нысанда-8989;
- «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы-5187;
- электрондық форматта-41279 қызмет, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы 1531, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде ақпараттық жүйелер арқылы-7, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 39738 қызмет көрсетілді.
«электрондық үкімет порталы» арқылы баламалы негізде көрсетілетін қызмет түрлері санынан, электрондық форматта көрсетілген қызмет үлесі 2,8 % құрайды.
Қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 74,5% құрайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер
Бородулиха ауданының аумағында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін Бородулиха ауылында, Новошульба ауылында және Жезкент кентінде 3 ХҚКО бар. Мемлекеттік корпорация арқылы 621 мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылады.
Аудан бойынша 2018 жылы 35295 қызмет көрсетілді (оның ішінде электрондық 16443). 2019 жылдың ағымдағы айларында 6119 қызмет көрсетілді (оның ішінде электрондық 2566).
Бақылау іс-шараларын өткізу
Бородулиха ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу бойынша бақылауды «Мониторинг» АЖ көмегімен ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу бөлімі жүргізеді (№ 3, 15, 17).
Аудан әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 130-і бұйрығымен бекітілген бақылау іс – шараларының жоспарына сәйкес, 2018 жылы 11 бақылау іс – шаралары өткізілді. Өткізілген тексеру нәтижелері бойынша 54 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
1) толық құжаттар пакеты жоқ болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері  - 11
2) құжаттарды сұратып алу фактілері – 5
3) өзге талаптарды бұзушылық фактілері – 38
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнаманы бұзушылықты болдырғаны үшін 2 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өткізілген бақылау іс – шаралары нәтижелері бойынша 68 ұсыныс өндірілді, олар орындалды.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Бородулиха ауданының аумағында өздігінен үйде мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндіктері жоқ адамдарға арналған 22 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылды, ол арқылы 2018 жылы 2056 қызмет көрсетілді. 18 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ауылдық округ әкімдіктері мен 4 кітапханада орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға арналып
өткізілетін іс – шаралар

Бородулиха ауданында 2018 жылы әр ауылдық округте «Электрондық азамат» тақырыбына 18 жәрмеңке өтті, онда Е-gov порталын пайдалану, ЭЦҚ алу және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша оқыту семинарлары өткізілді.
2018 жылы Бородулиха аудандық ХҚКО ауылдық округтер бойынша мобильді ХҚКО шығуымен халықты ЭЦҚ қамтамасыз ету бойынша іс – шара өткізді. Іс – шара нәтижесінде 2119 ЭЦҚ берілді.
2018 жылы әкім аппараты дербес бөлімдер және әкімдіктермен бірлесіп 13 түсіндіру іс – шараларын өткізді.

 

Мұрағат

 

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бородулиха ауданының мемлекеттік органдарының қызметі туралы есеп
2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бородулиха ауданының мемлекеттік органдарының қызметі туралы есеп
2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бородулиха ауданның мемлекеттік органдарының қызметі туралы есеп
2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бородулиха ауданның мемлекеттік органдарының қызметі туралы есеп
   
Парақтар өзгертілді: 01-04-2019
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 18+7=
Оқиғалар күнтізбесі
Мамыр 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019