КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Әлеуметтік қорғау

 

Уағдалы ақшалай көмекті тағайындау және төлеу туралы ақпарат *.xls, 32 KB

 

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және экономиканы реформалау бойынша басты міндеттер қойылған.
Жолдаудағы басымды 5 бағыттың бірі - адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында,  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу қажеттігі көрсетілген. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бүгінгі күнде ұсынылып отырған жәрдемақының үш түрін, атап айтқанда:  көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақысы (АМЖ), 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы (МБЖ) және аз қамтылған үй шаруашылықтарына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) орнына ұсынылатын болады.
Ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әрбір жұмысқа қабілетті азаматқа, үкімет тарапынан оқыту және мамандық алғаннан кейін жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашу және осы мақсат үшін несие алуға қолдау көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті ұсыну барысындағы өзгерістерге халықты дайындау үшін, Бородулиха ауданында 2014 жылдан бастап шартты ақшалай көмек ұсыну бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда және ол  атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетігі бойынша төленеді.
2017 жылдан бастап МБЖ алушылар санынан 86 адам санымен 19 отбасы  «Өрлеу» жобасына қатысты. Тағайындалған шартты ақшалай көмектің сомасы 7 160,0 мың.теңгені құрады. Әлеуметтік келісім шарт жасалғаннан бастап жобаның 42 қатысушысына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Аз қамтылған отбасыларды «Өрлеу» жобасына қатыстыру  жұмыстары жалғастырылуда.
Осы орайда, халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау - қоғамды әлеуметтік жаңғырту мақсатындағы мемлекет қабылдайтын кешенді шаралардың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

2017 жылдың 8 айында «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

2017 жылғы 1 қаңтарға республикалық және жергілікті бюджет бойынша шартты ақшалай көмекті төлеу бойынша берешек жоқ.
2017 жылғы қаржыландыру жоспары бойынша шартты ақшалай көмекті төлеуге республикалық бюджеттен  6 052, мың тенге, жергілікті бюджеттен 4 122,0 мың теңге бөлінеді.
2017 жылғы 8 ай бойынша шартты ақшалай көмекті алуға 38 отбасы, 135 адам жүгінді. Төлемақы  38 отбасына, 135 адамға республикалық бюджеттен 2618,4 мың теңге, жергілікті  бюджеттен 2690,7 мың теңге  тағайындалды.
Республикалық бюджеттен 2512,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 3058,0 мың теңге  төленді.
2017 жылғы 1 қыркүйекке жағдай бойынша шартты ақшалай көмекті төлеу бойынша несиелік берешек республикалық бюджеттен 595,2 мың теңгені, жергілікті бюджеттен 130,5 мың теңгені құрайды.
«Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесі бойынша Атаулы Әлеуметтік Көмек  (АӘК), Мемлекеттік Балалар Жәрдемақысы (МБЖ) санатынан ауысқандардың және 2017 жылғы отбасыларын әлеуметтік белсендіру келісім шарты бойынша тартылғандардың саны АӘК  алушылары жоқ, МБЖ  - 86 адамды құрайды.

 

2017 жылғы 5 айға «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру туралы ақпарат

2017 жылғы 1 қаңтарға республикалық және жергілікті бюджет бойынша шартты ақшалай көмекті төлеу бойынша берешек жоқ.
2017 жылғы қаржыландыру жоспары бойынша шартты ақшалай көмекті төлеуге республикалық бюджеттен  6 052, мың тенге, жергілікті бюджеттен 4 122,0 мың теңге бөлінеді.
2017 жылғы 5 ай бойынша шартты ақшалай көмекті алуға 28 отбасы, 110 адам жүгінді. Төлемақы  28 отбасына, 110 адамға республикалық бюджеттен 1 089,1 мың теңге, жергілікті  бюджеттен 1 138,8 мың теңге  тағайындалды.
Республикалық бюджеттен 1 546,0 мың теңге , жергілікті бюджеттен 1 533,0 мың теңге  төленді.
2017 жылғы 1 маусымға  шартты ақшалай көмекті төлеу бойынша несиелік берешек республикалық бюджеттен 31,9 мың теңгені , жергілікті бюджеттен 103,5 мың теңгені құрайды.
«Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесі бойынша Атаулы Әлеуметтік Көмек  (АӘК), Мемлекеттік Балалар Жәрдемақысы (МБЖ) санатынан ауысқандардың және 2017 жылғы отбасыларын әлеуметтік белсендіру келісім шарты бойынша тартылғандардың саны АӘК  алушылары жоқ, МБЖ  - 79 адамды құрайды.

Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.
Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартының талаптары бойынша Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
2016 жылдан бастап Дмитриевка ауылдық округінде «Өрлеу» жобасы бойынша бес отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды. «Өрлеу» жобасының аясында мемлекет беріп отырған шартты ақшалай көмек алған 5 отбасы жеке қосалқы шаруашылық дамытуға қара ірі, және ұсақ қара мал алды.
«Өрлеу» жобасына қатысу шарты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты қолданылатын мерзімге әр отбасы мүшелеріне 6 айға дейін ай сайын көмек тағайндалады.
Қазіргі уақытта «Өрлеу» жобасына қатысамын деген үміткерлерді тіркеумен айналасып жатырмыз.
2016 жылдан бастап пилоттық жоба еліміздің барлық аумақтарында жүзеге асырылып жатыр.

А.Н.Ашимжанова, Дмитриевка ауылдықокругініңассистенті

 

«Өрлеу» жобасы

«Өрлеу»

«Өрлеу» - отбасымен бірге картаны
қарап мақсатты белгілеу, команданың
мүмкіншілігін бағалау, бағдарын жасау»

Жалғыз адаммен емес, отбасымен жұмыс істеу

 

Мемлекеттің саясаты - әлеуметтік корғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту. Бүгінгі күні дүние жүзінде әлеуметтік қорғаудың екі жолы бар: әрекетсіз топқа көмектесу (жасына және денсаулығына байланысты өзін - өзі қамтамасыз ете алмайтындар); белсенді топқа демеу жасау тұрмысы төмен еңбек жасындағы тұрғындар, еңбек рыногында өз орнын таба алмағандар.

Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-11 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңында атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, азаматтығы жоқ тұруға рұхсат берілген адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындарға, егер жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен болса беріледі. АӘК мөлшері – отбасының жан басына шаққандағы табысы мен 40% күнкөріс деңгейінің арасындағы айырмашылық. АӘК - әрекетсіз әлеуметтік көмек: отбасы бұл көмекті таңдап алу шегі біткенше алады. Сол сияқты МБК және тұрғын үй көмегі де әрекетсіз әлеуметтік көмекке жатады. «Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуға мүмкіншілігі бар топқа, тек кездесетін қиыншылықтарды жеңуге көмек қажет ететін, өз мүмкіндіктерін толық пайдалауға ұмтылғандарға беріледі.

2014 жылдың қаңтарынан «Өрлеу» ШАК шартты жобасы Шығыс Қазақстан облысында жұмысқа енеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек АӘК пен шартты ақшалай көмек ШӘК арасында қандай айырмашылық бар? «Өрлеу» жобасындағы шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса беріледі. Бұл «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК алу АӘК алушылардан коп отбасыны қамтиды. Сонымен бірге «Өрлеу» жобасы көмектің белсенді түрін ұсынады, әлеуметтік бейімделу, өмірде кездесетін отбасының ауыр кезеңдерден дұрыс өту жағдайы қаралған. Яғни ақшалай көмектен басқа, отбасы жобаға қатысу шарты есебінде өзіне міндеттер алады. Бұл міндеттер мемлекет және отбасы тарапынан қабылданатын «Өрлеу» жобасының келісімде көрсетіледі. Еңбек рыногы дамыған қалаларда әлеуметтік бейімделу – жұмыс орнын іздеу, жұмысы барларға қосымша табыс көзін табу, уақытша жұмыс орнындағыларға тұрақты жұмыс орнын іздеу, оқыту және қайта оқыту көмегін көрсету. Ауыл тұрғындарына келсек әлеуметтік бейімделу өзіне тиісті жерін кеңейту және оны ұтымды пайдалану, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, жеке мешіктегі өнімді өткізу, оны сатып алушыларға транспортпен жектізу және т.б., мәселер.

Өрлеу жобасын алғашқы еңгізу кезеңінде тұрмысы төмен отбасының қатысуы ерікті түрде. Бірақ отбасы «Өрлеу» жобасына қатысудан бас тартса, онда әлеуметтік көмек төмен пайызда (40% күнкөріс деңгейі) беріледі. «Өрлеу» жоспарын іске асыру қортындасы:
• ШАК алушылар өзінің еңбек мүмкіндігін іске асырады;
• Тұрмысы төмен азаматтар тұрақты дербес табыс көзі арқылы өзінің өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартады;
• Тұрмысы төмен отбасылар әлеуметтік оңалу алады;
ШАК алушылардың әлеуметтік жауапкершілігі өседі, еңбексіз табыс алу көңілі төмендейді.
Әлеуметтік келісім – қоғамның ілгері дамуының шарты және кедейлікті жеңудің жолы, отбасының әлеуметтік көмекпен ғана шектеліп, еңбек рыногында белсенділік танытпаудан сақтайды. Әлеуметтік келісім – адамдарды белсенділік жасауға және ортаға бейімделуге көмектеседі.

Сұрақтар мен жауаптар:

«Өрлеу» жобасының мақсаты не?

«Өрлеу» жобасының басты мақсаты адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы, немесе кәсіпкерлік, немесе ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу арқылы өзін - өзі қамтамасыз ету. - мақсатқа жетуге кедергі болатын ісаралық әрекетті жою. Бұл жағдай денсаулығына байланысты болуы мүмкін, соның ішінде алкоголизм, баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру мәселесі. Әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы бойынша өтініш берушінің қоғамдық жұмысқа қатысуы және жоғары деңгейде жәрдемақы төлеу де жатады.

«Өрлеу» жобасына кімдер қатыса алады?

«Өрлеу» жобасына ШАК алуға өтініш берген адам (отбасы), егер отбасының әр мүшесінде шаққандағы айлық табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса және әлеуметтік келісімнің шарттарын орындауға келісім берген жағдайда қатысады.

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін не істеу керек?

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы мүшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, немесе кент, село, ауыл әкімдігіне тұратын мекен – жайы бойынша өтініш білдіреді. Өтініш білдіру үшін отбасының барлық мүшелерінің ЖИН болуы керек, сонда ғана өтініш иесі өтініш бланкасын және отбасы және материалдық – тұрмыстық жағдайы тұралы анкетасын ақысыз алады.
Өтініш беруші өтініш пен анкетаны жеке өзі толтырады және басқа құжаттармен «Өркен» жобасына қатысу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, немесе кент, село, ауыл әкімдігіне тапсырады. Құжаттарды қабылдау кезінде оның түгелдігі және толық толтырылғандығы тексеріледі. «Өрлеу» жобасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Әртүрлі мемлекеттік органдарда әр адамның жеке базасында қажетті құжаттар тіркелгендіктен «Өрлеу» жобасына қатысу үшін қажет құжаттар тапсыру біршама қысқарған. Қажат құжаттар өтініш берушісіз жеке базасынан алынады. «Өрлеу» жобасына өтініш берушінің тапсыратын құжаттары:
1. «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш;
2. Анкета;
3. Жеке басын растайтын құжат (ҚР азаматына – жеке куәлігі, оралмандарға – оралмандар куәлігі, ҚР тұратын шетелдіктерге – тұруға рұхсат беретін құжат);
4. Баланың (балалардың) тууы тұралы куәлігі, немесе тууы туралы тіркеу актісінің. 2007 жылдың 13 тамызына дейінгі жазбасы, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туғандардың куәлігі;
5. 2008 жылдың 1 маусымына дейін тіркелген үйлену (айрылысу) туралы, Қазақстанда, не Қазақстаннан тыс жерде тіркелген куәлігі, егер өтініш берушінің көрсеткіш баланың туу куәлігінен өзгеше болған жағдайда;
6. Қорғаушылық пен қамқорлық көрсетушілерді бекіткенін растайтын құжат (қажет жағдайда);
7. Банктегі жәрдемақы алатын шотын растайтын уәкілетті органның құжаты;
8. Ереженің 3-ші қосымшасы бойынша отбасының құрамы туралы мәлімет;
9. Ереженің 4-ші қосымшасы бойынша қосымша шаруашылығы туралы (табысын есептеу үшін) негізі құжат бойынша толтырылған мәлімет;
10. Тұрақты тұратын мекен – жайын растайтын (мекен – жай анықтамасы) қалалықтар үшін анықтама құжаты, ал ауылдық аймақта тұратындарға – кенттің, селоның, ауылдың әкімнің анықтамасы.

Осы ереженің 8,9,10 тармақшасында көрсетілген құжаттар кенттік, селолық, ауылдық аймақтардың әкімдеріне өтініш берілгеннен кейін солар дайындап, басқа құжаттармен бірге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

Қортындылай келгенде айтарымыз, отбасылармен жұмыс істеудің жаңа түрі, әр отбасынның өз жауапкершілігін түсінуі, еңбек рыногында белсенділік көрсету, жұмыс істеуге деген енжарлықтан айықтырып, материалдық көмек алатын отбасылардың белсенді әлеуметтік бейімделуге көмектесуі, келешекте тұрмысы төмен отбасылар қатарынан шығып, мемлекеттік көмекке қарап отыруды тоқтатады. Бір – екі жыл бойы ақыл – кеңес беру және бақылау жауапкершілігін арттырып, өз мақсатына жетуге бағыттайды.

«Шыңға шығу үшін – алдыңдағы шығатын таудан көз жазба, себебі сенің бірінші қадамың соңғы қадамыңа байланысты. Бірақ артыңа қарама, себебі сенің соңғы қадамың біріншіге байланысты».

Біздің мемлекетте әлеуметтік - әлсіз топтардың әл - ауқатын көтеруге барлық негіз бар. «Басты міндет – масылдылықты жою» - дейді ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында. Халықты жұмыспен қамту Қазақстан Республикасы Үкіметтің белсенді саясаттың әлеуметтік негізі болып саналады.

Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, дамуымыздың басты шарты және адамзат мүмкіншілігі қорын іске асырудың жолы, қоғамдық байлықтың өсуі мен өмір сүру сапасын өсіру шарасы.

 

Парақтар өзгертілді: 10-10-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019