КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ХАБАРЛАМА

07.11.2019
ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Бородулиха ауданының ТЖБ офицерлер құрамы және «ӨСжАҚЖҚ» ММ
07.11.2019
ШҚО ТЖД Бородулиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 2020 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлерді қабылдайтынын жариялайды.
07.11.2019
07.11.2019
Өрт әр түрлі болады. Оны мамандар топтар мен кластарға бөледі. Өрт ашық жерлерде, ғимараттарда және жайларда болады. Отты дұрыс қолданбағаннан
07.11.2019
Естеріңізде сақтаңыздар: ашық территорияларда қоқыс өртеу, кепкен шөпті өртеу, өрт шоғын жағу, ашық отты қолдану, ерекше орманшылық зоналарда болмайды.
07.10.2019
07.10.2019
2019 жылғы 08 казан сағат 09:00 бастап 10:00 дейін электр сиреналарды іске қосу арқылы Бородулиха ауданының аумағында  хабарландыру
07.10.2019
Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданды.
07.10.2019
Бородулиха ауданының ТЖБ, ӨСБ-21, ӨП-47 жяне ӨП-48  өрт қауіпсіздік айлығын өткізуде, бұл шараны ұйымдастырушылар жылыту жүелерін тексеру
07.10.2019
2019 жылдың 2 қазанында Бородулиха ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі О.А.Булавкинаның қатысуымен төтенше жағдайларды жою мен алдын
1 2345

Төтенше жағдайларлар бойынша бөлім

 

Қуаныш Сембайұлы Ризин Бородулиха ауданына тағайындалмастан бұрын ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылы № 49 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. Азаматтық қорғау органында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады. Бөлім бастығының функцияларына аудандағы және бөлімдегі жұмыстың жағдайына жалпы бақылау жасау кіреді.
Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы болып азматтық қорғау майоры Әлібек Қабылбекұлы Өмірбеков 2015 жылдын желтоқсан айынан бастап тағайындалды. Бородулиха ауданының бас маманы лауазымына дейін сол бөлімнің тергеу функциясыаға инженері болып қызмет атқарды. Азаматтық қорғау органында 2003 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Бас маманның функциясына өрт қауіпсіздігін мемелекеттік бақылау кіреді. Табиғи және техногенді төтенше жағдай туындаған кездегі қызметтерді үйлестіру.
Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері болып азаматтық қорғау майоры Ерлан Жұмағалиұлы Молдажанов 2005 жылдын мамыр айынан бастап тағайындалды, өткен жылы Бородулиха ауылының 51-ӨСБ инженері болып істеді. Азаматтық қорғау органында 1997 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Өзінің қызметін «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Новошульба а. №51 өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі қызметінен бастады. Бөлімнің аға инженерінің функциясынаі аудандағы өрттің алдын алу жұмыстары кіреді.  Денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, қорғаныс, өңдірістік объектілерде және тұрғын үйлерде өртті мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.
Бородулиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ержан Қадыржанұлы Әділбаев 2017 жылдың маусым айынан бастап тағайындалды, осы қызметке дейін «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Өскемен қ. №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі болып қызмет атқарды. Тергеуші функциясына өрт болған жағдайда процесуалдық шешім қабылдай отырып материалдар жинау және талдау жасау кіреді. Бөлімде есептік-тіркеу тәртібін жүргізу.
Бородулиха ауданы бойынша  ТЖ бөлімінің жұмыс телефоны 8(723-51) 2-13-13
Бородулиха ауданы аумағында 2 өрт сөндіру бөлімі және 1 өрт сөндіру бекеті: Бородулиха а. Ф.Середина к-сі бойынша № 51 өрт сөндіру бөлімі, Жезкент кенті Тоқтаров к-сі. 5 бойынша  № 52 өрт сөндіру бөлімі және  Новошульба а. Ленин к-сі бойынша өрт сөндіру бекеті орналасқан.
51 өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып азаматтық қорғау капитаны Нұрлан Нұрғазыұлы Құлқаев 2017 жылдың тамыз айынан бастап тағайындалды, осы лауазымға дейін Жезкент кентінің 52 өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Азаматтық қорғау органында 2003 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді.. 51-ӨСБ бастығының функциясына өз құзыреті шегінде өрттің алдын алу және сөндіру, басқа да төтенше жағдайларды жою мәселелері бойынша «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру.
51- ӨСБ бастығының орынбасары болып 2017 жылдың тамыз айынан бастап азаматтық қорғау капитаны Арман Михайлович Карымсаков тағайындалды, оған дейін Жезкент кентінің 52-ӨСБ бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Азаматтыққ қорғау органында 2000 жылдын қыркүйек айынан бастап атқарады. 51-ӨСБ бастығы орынбасарының функциясына өрттің, апаттардың, табиғи апаттың болған жеріне бару және оларды мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысының талаптарына, қалыптасқан жағдай мен гарнизонда белгіленген тәртіпке сәйкес жоюға қатысу кіреді.
Жезкент к. 52-ӨСБ бастығы болып 2017 жылдың тамыз айынан бастап   азаматтық қорғау майоры Қайрат Амангелдіұлы Тулеуғазин тағайындалды, осы лауазымға дейін Бесқарағай а.54-ӨСБ бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. Азаматтық қорғау органында 2001 жылдан бастап қызмет атқарады. 52-ӨСБ бастығының функциясына өрт сөндіру бөлімінің жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жеке құрамның іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделеу, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен жауынгерлік және қызметтік дайындық бойынша сабақтарға басшылық ету және өткізу.
51-ӨСБ ӨБ Новошульба а. бастығы болып 2017 жылдың қаңтар айынан бастап азаматтық қорғау аға лейтенанты Дәулет Мелісқанұлы Мұратбеков тағайындалды. Осы лауазымға дейін Бородулиха а. 51-ӨСБ қарауыл бастығы болып жұмыс атқарды. Азаматтық қорғау органында 2012 жылдың желтоқсан айынан қызмет атқарады. 51-ӨСБ ӨБ бастығының функциясына қарауылдар ауысқан кезде жеке қатысу, қызмет кітабын және қызметтің өзге де құжаттарын тексеру, басшы құрамның сабақ өткізуге дайындығын бақылау болып табылады.

 

 



Суға түсу маусымы

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Жаздың алғашқы айы да келіп жетті, онымен бірге суға түсу маусымы да басталды. Ауа райы біртіндеп жақсарып, нағыз отбасымен демалатын жайлы уақыт басталды.
Ашық су қоймаларында суға түсу адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Адамдардың суға түсу тәуекелі дұрыс ойлай білумен тікелей байланысты.

Судағы іс-әрекеттерді ең маңызды ережелерін еске саламыз. Алайда атап өтетін жайт, судағы қолайсыздық профилактикасының негізгі екі жолы бар – адамдарды суда жүзуге үйрету және қарапайым тәртіп.

Сонымен:

  • Сіз суда жүзе алсаңыз да, суға жалғыз түсуге болмайды.
  • Мас күйде суға түсуге тиым салынады;
  • «батып барамын!» айғайы ойыны үшін қатаң жазалау керек;
  • Жағалық жолақтан бекітілген қашықтықтан артық жүзуге тиым салынады;
  • Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Суға түсу кезінде міндетті түрде балаларыңызды қадағалаңыздар. Балаларға жағадан ұзап кетуге жол бермеңіздер. Ол суға жүзе алса да, жанында болыңыз. Баланың суда аяғы тайып кететін жағдайлар жиі болады.

Балаларға қараусыз үрлемелі дөңгелектер мен матрастарда жүзуге рұқсат бермеңіздер. Біріншіден, оларды көбінесе ағынмен алып кетеді, екіншіден олар жарылып немесе аударылып кетеді, салдарынан бала жүзу құралынсыз терең жерде қалып қояды.

Орман алқабында демалыс кезінде:

  • от жағуға;
  • сөнбеген тұқылды лақтыруға;
  • шыны ыдыстарды лақтыруға тиым салынады!

Бородулиха ауданының ТЖ жөніндегі бөлімі Сіздерді, белсенді демалыс әуесқойларын аталған мақаладағы тәртіп ережелерін елеусіз қалдырмауларыңызды сұрайды.

 

Тегін оқу, кепілді жұмыспен қамту

ШҚО ТЖД Бородулиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлерді қабылдайтынын жариялайды.
Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, 16 жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтары қабылдананады.
Барлық сұрақтар бойынша 2-13-13, 2-19-39 байланыс телефонына хабарласыңыздар немесе толығырақ www.kti-tjm.kz сайтынан білуге болады.

ӨРТ ШЫҚҚАНДА 101-ГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛЫҢЫЗ

 

АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыз және орындаңыз!
Тұрғын үйлерде шыққан өрттер үй-жайды қиратып, мүлікті бүлдіріп қана қоймай, адам өміріне де жиі қауіп төндіреді.

Төсек орнында жатып шылым шекпеңіз, өйткені ұйқы қырағылықты әлсіретеді. Ал өшірілмеген темекі қалдығы төсек орын жабдықтары мен жанғыш материалдардың тұтануына себеп болады.
Балаларға отпен ойнаудың қауіптілігін үнемі түсіндіріп отырыңыз.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Естеріңізде болсын! өрт шығуының жиі кездесетін себебі – баланың қолындағы сіріңке.
Әр күн сайын облыста 10 өрт тіркеледі. Бес жыл ішінде өрттен 676 адам қазаға ұшыраған. Өрттен келген зиян 3,5 миллиард теңгені құрады.

 

Тұрғын үйдің (пәтердің) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сізге мына іс-шараларды орындау ұсынылады:

  • Жылыту пештерін жөндеуден өткізу.
  • Пештердің көлденең және тік бөліктерін 38 см кем емес етіп орындау.
  • Әрбір пештің оттық есікшекесінің алдындағы жанғыш еденге көлемі 50х70 см-ден кем емес бақшаны қағу.
  • Шатыр астындағы барлық түтін құбырлары мен қабырғаларын түтін арналары өтетін жерлерде сырлау және ағарту.
  • Түтіндікті күйеден тазарту.
  • Көпшілік пайдаланатын дәліз бен баспалдақ торынан керосин құралдарын алып тастау.
  • Пәтердегі (үйдегі) электр жүйесін жөндеуден өткізу.
  • Зауытта дайындалған электр сақтандырғыштарын орнату.
  • Ғимаратқа электр өткізгіштерін қосуды “Электр қондырғыларын орнату ережелерінің” талаптарына сәйкес орнату.
  • Сынған және ақауы бар электр сөндіргіштерін, розеткалар мен қысқыштарды ауыстыру.
  • Электр пештерін, үтіктерді, электр шәйнектерді және керосин құралдарын жанбайтын тұғырықтарға орнату.
  • Жиһазды және басқа да жанғыш заттарды газ құралдарынан алыстату.
  • Шатырастын, жертөлені және ауланың аумағын тез жанатын қоқыстан тазалау.
  • Ғимараттардың арасындағы өртке қарсы аралықтарды жанғыш материалдарды алып тастау.
  • Жапсаржайды (қораны) сылау.
  • Қожды жинау үшін металлдан жасалған жәшікті (күбіні) орнату немесе үйден қашықтықта 10 метрден кем емес жерде шұңқыр қазу.
  • Жанатын құрылыстың немесе балалар алаңының жанында орналасқан гаражды өрт күзетінің өкілі белгілеген жерге көшіру.
  • Шөпті тасымалдау, жинау және сақтау кезінде жеке тұрғын үйдің ауласында өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау.
  • Жаз мезгіліне 200 литрден кем емес мөлшерде су қорының бар болу қажет.
  •  

     

    Астық жинау мен жем-шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау талаптары  
    Тұрғын секторындағы рейд  
    Өрт қауіпсіздігі айлығы  
    Аудан тұрғындарына арналған су тасқыннан сақтану жаднама  
    Терек мамығы және жазғы өрттердің басқа себептері  
    Бородулиха ауданының білім мекемелеріндегі азаматтық қорғау айлығы  

     

     

    Парақтар өзгертілді: 10-07-2019
    Оқиғалар күнтізбесі
    Қараша 2019
    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    123
    45678910
    11121314151617
    18192021222324
    252627282930

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    100 новых лиц

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Яндекс.Метрика

    070400, ШҚО Бородулиха ауданы
    Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
    Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
    факс: 8 (723-51) 2-10-31

    Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
    Телефон 8(72351) 2-10-01
    E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
    Borodulikha@akimvko.gov.kz


    Copyright © 2008-2019