КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Спорт

2011 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Бородулиха ауданында дене шынықтыру және спорттың жағдайы мен дамуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің  2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысында Бородулиха ауданында бұқралық дене шынықтыру және спортты даму мақсатында, 2011 жылдың қаңтар айынан бастап үлкен кенттік және ауылдық округтерде – Жезкент, Бородулиха, Белағаш, Новошульба, Андреевка, Новопокровкада штатқа 6 спорт нұсқаушысы енгізілді.
Бұқаралық спорт іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 2440 адам қатысқан, аудан көлемінде 20 іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 309 спорттық секция ашылды, мұнда шұғылданатын адамдардың саны 6187, 2010 жылдың сәйкес кезеңінде осы сан шұғылданатын 5880 адамды қамтумен 219 секцияны құрады.
ШҚО әкімінің сыйлығына XV халықтық спорт ойындарына дайындық барысында ауданда 132 спорттық ғимарат қызмет етеді, барлығы 100% қатысуды құрайды.
Облыстық спартакиадаға қатысу үшін үздік спортшыларды анықтау мақсатында, 2011 жылдың 29 мамыр күні өтетін аудан әкімінің сыйлықтарына спорттың 11 түрінен 15 халықтық спорт ойындарын өткізу туралы Ереже әзірленді және аудан әкімімен бекітілді. Ереже барлық кенттік және ауылдық округтер әкімдері назарына жеткізілді.
Халықтық ойындар бағдарламасында ағымдағы жылдың 2-3 сәуірінде ерлер және әйелдер командалары  арасында волейболдан аймақтық  жарыстар өткізілді. Жарысқа 12 кенттік және ауылдық округтерден 24 команда (ерлер және әйелдер) қатысты.   Бақы, Зубаир, Дмитриевка, Подборный, Жерновка, Уба-Форпост, Красный Яр округтерінен командалар жарысқа қатысқан жоқ.
2011 жылдың 8 сәуірінде Бородулиха ауылында семинар-кеңес және бабкерлік кеңес өткізілді, мұнда спорт түрлерінен бабкер-өкілдер бекітілді:
1. Волейбол ерлер, әйелдер – Қ.Оразқанов, Бородулиха ауылдық округінің спорт нұсқаушысы;
2. Футбол – В.Кузнецов, БЖСМ футболдан бабкер;
3. Жеңіл атлетика – Е.Лавренов, БЖСМ бабкері, Т.Аманов атындағы ОМ дене шынықтыру мұғалімі;
4. Қазақша күрес – А.Бозаев, БЖСМ директорының орынбасары, М.Қажымұқанов – Бородулиха орта мектебінің мұғалімі;
5. Гір спорты – Ю.Клюшин, БЖСМ бабкері;
6. Тоғыз құмалақ – М.Окасов, қоғамдық бабкер;
7. Шахмат – А.Оразаев, қоғамдық бабкер;
8. Шашки - М.Окасов, қоғамдық бабкер;
9. Үстел теннисі – К.Ахтанов, В.Потапченко, №1 Жезкент ОМ мұғалімі;
10. Армреслинг – А.Әбдікаримов, аудандық білім бөлімінің әдіскері.
Ауданның ерлер және әйелдер  волейболынан құрама командалары 3 күндік, оқу-бабкерлік жиынға қатысуда. 
Өскемен қаласында өтетін 2011 жылдың 18-23 сәуір аралығында әйелдер арасында, 24-30 сәуір аралығында ерлер арасында волейболдан облықстық аймақтық жарыстарға қатысады. 
Үздік спортшыларды анықтау мақсатында, 3 мамыр күні Бородулиха ауылындағы ипподромда ат спортынан аудандық жарыстар өткізіледі. Ереже әзірленді және аудан әкімімен бекітілді, ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.
Жақын арада аудан әкімінің орынбасарлары А.Нұрғожинның және С.Сороканың, шаруа қожалықтары басшыларының, ұймдастыру комитеті мүшелерінің  қатысуымен ұйымдастыру комитетінің кең отырысын өткізу жоспарлануда.



Бөлім бастығы А. Бычковский

 

 

2011 жылдың 3 тоқсаны бойынша Бородулиха ауданында туризмнің, дене шынықтыру және спорттың дамуы туралы

2008-2010 жылдарға арналған Бородулиха ауданында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі аудандық мақсатты бағдарламаны орындау барысында спорттың материалдық базасы, бұқаралық спортты дамыту және спортта жоғары нәтижелерге жету үшін 2011 жылы жергілікті бюджет қаражатынан спорт бөліміне 4593,0 мың теңге бөлінді.
Ауданның жалпы білім беретін мектептерде спорттың материалды-техникалық базасының дамуына жергілікті бюджет қаражатынан 8129,0 мың теңге бөлінді. БЖСМ дамуына облыс бюджет қаражатынан 22774,0 мың теңге бөлінді.
ММ қаржаландыру жеке жоспарларына сәйкес барлық қаражат уақытылы және мақсаты бойынша пайдаланды.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың қызметтеріне 132 спорттық ғимарат ұсынылған (бірінші басшылармен әрбір ғимарат үшін 100 пайыздық жүктемемен спорттық секциялар жұмыстарының регламенттері әзірленіп, бекітілген) оның ішінде: 32 спорт залдары (жалпы білім беретін мектептерде 30, Новошульба ауылында 1 жеке меншік мамандандырылған ауыр атлетика залы, Жезкент кентінің ӘТҚБ 1 ведомствалық залы), Бородулиха ауылының БЖСМ 1 спорт кешені, Жезкент кентінің 1 жүзу бассейні, Бородулиха ауылының 1 шаңғы базасы, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 5 атыс тирлері, 92-алаң.
Жыл сайын жергілікті бюджет қаражатынан және басқа көздерден жазғы кезенде спорт залдардың және ашық алаңдардың жөндеуіне қажарат бөлінеді.
2011 жылдың қыркүйегінде Бородулиха ауылында жалпы құны 98806,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 20000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 77806,0 мың теңгеге 500 орындық стадион қолданысқа берілді. Осыған байланысты БЖСМ 2011 жылдың қарашасынан бастап футбол және жеңіл атлетика жаттықтырушысының екі ставкасы енгізілетін болады, онда қосымша 110 бала шұғылданатын болады.
Бородулиха ауылындағы жасанды жабумен шағын-футбол алаңының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджет қаражатынан 179,0 мың теңге бөлінді. Облыс бюджетінен спорттық ғимараты құрылысының жалпы құны 14263,8 теңге.
Алакөл көлінің жағалауынан спорттық-сауықтыру базасын салуға және қызмет көрсетуге жер телімі бөлінді, жобалық-сметалық құжаттама сараптамада.
2010 жылы Новошульба ауылында тартылған қаражат есебінен 4000,0мың теңге сомасына  футбол алаңының қайта жөндеу өткізілді. Қоршауы, қақпасы орнатылды, жарықтандыру бойынша жұмыстар өткізілді. 
Переменовка ауылдық округінің Переменовка ауылында 2010 жылдың тартылған қаражат есебінен хоккей қорабы орнатылды. Барлығы ауданда 6 хоккей қорабы бар.
«Е.Зайтенов» ШҚ басшысы Е.Ә.Зайтеновпен аудандық БЖСМ үшін күрес кілемін сыйланды.
Андреевка ауылдық округі, Михайличенково ауылы. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 180 шаршы метр алаңымен спорт залының қайта жөнеуі өткізілді.
Аудан спортының материалдық базасы 80 пайызға жинақталған.
Жыл сайын сәуір айында көктем-жазғы кезеңге және тамыз айында жаңа оқу жылының басталуына ашық спорт құрылыстарының дайындыққа қабылдау жөнінде аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия құрылады.  Барлық спорт құрылыстары жақсы жағдайда.
БЖСМ шұғалданушылардың саны 294 адам, спорттың 9 түрі бойынша 5 филиал ашылды, 14 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 6 штаттық, оның 5 адамның арнайы білімі бар, оның ішінде 9 жоғары білімді.
2010 жылы жергілікті бюджет қаражатынан жас мамандарды БЖСМ жаттықтырушы Ботагөз Бизолдинаға 98000 мың теңге сомасына әлеуметтік қолдау көрсетілді.
2011 жылы Мұсылманбек Қажымұқановқа жергілікті бюджет қаражатынан 1800,0 мың теңге сомасына тұрғын үй сатып алынды.
Спорт қызметкерлерімен 2011 жылдың кезенінде СШҮ – 1, 1 дәрежелі – 11, бұқаралық – 202 даярланды.
Спортпен шұғылданатындарлын дәрігерлік бақылау медициналық қараумен жылына 2 рет, сонымен қатар оқу-жаттықтыру жиын мен жарыстардың алдында  өткізіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мәселелер тоқсанына 1 рет аудандық әкімдіктің отырыстарында, және жылына 1 рет аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырыстарында (кенттік ауылдық округтерінде аталған бағдарламаны іске асыру бойынша) қарастырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында, бұқаралық дене шынықтыру және спорт даму жетілдіру, сонымен қатар Жезкент, Бородулиха, Белағаш, Новошульба, Андреевка, Новопокровка кенттік ауылдық округтерінде  бұқаралық дене шынықтыру және спорт даму мақсатында 2011 жылдың қаңтар айынан бастап кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің өкімдерімен спорт жөніндегі инструкторларының 6 ставка енгізілді, бұл тұрақты түрде спортпен шұғылданатындарының санын көбейтуге қол жеткізді.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткішке кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмысының бағасы қосылды.
Бағдарлама негізінде жыл сайын бұқаралық-спорт іс-шаралар күнтізбелік жоспары мен жұмыс жоспары әзірленеді. Жылына 2 рет спорт қызметкерлері, кенттік ауылдық округтер мамандарымен жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру және есеп беру мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізіледі. Ай сайын бапкерлік кеңестер және тоқсан сайын педагогикалық кеңестер өткізіледі. 
ДШ және спорт бөлімімен іс-шаралар жоспарлары әзірленді:
- 2009-2011 жылдарға арналған балалар және жасөспірімдер арасында нашақорлық, есірткі бизнес, есіркіге тәуелділікті алдын алу,  
- «2010–2011 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстылықпен күрес бойынша» жүзеге асыру бойынша.
Оларды жүзеге асыру мақсатында барлық бұқаралақ – спорттық іс-шаралар демалыс және мереке күндері өткізіледі.  
Барлық спорттық қызметтер ауданда төлем ақысыз көрсетіледі.
Жыл сайын ауданда бұқаралық шайбалық хоккейді дамыту мақсатында 6 хоккей қорабы құйылады: Жезкент кентінде, Пролетарка, Бородулиха, Камышенка, Переменовка, Новошульба ауылдарында; бұқаралық коньки тебу үшін 26 мұз айдындары. 6 секция қызмет атқарады, мұнда 220 адам шұғылданады. 
Бұқаралық спорт іс-шаралар жоспарына жыл сайын «Алтын шайба» жарысы, хоккей маусымының ашылуы мен жабылуы және тағы басқа іс-шаралар енгізіледі.
Жезкент кентінде 2009 жылдан қаңтардан бастап «Шахтер» жастар спорт клубы жұмыс қайта бастады. Оның қызметі үшін тегін тұрғын үйдің жер төлесі бөлінді, мұнда қоғамдық бастамамен 5 жаттықтырушы жұмыс істейді: хоккей, футбол, шағын-футбол, ерлер, әйелдер волейболы бойынша. Әр жаттықтырушы әртүрлі жас ерекшелігіндегі (жастар және жасөспірімдер) спортшылардың екі тобын жаттықтырады. Барлығы 560 адам шұғылданады. Спорт іс-шараларын өткізу, спорт құралдарымен жабдықтауды Жезкент ТБК,  Жезкент ТБК АҚ кәсіподағы жүзеге асырады.
Пролетарка ауылында 2010 жылдың қаңтар айынан бастап аула клубы ашылды, мұнда қоғамдық бастамамен хоккей және футбол бойынша 2 жаттықтырушы қызмет атқарады. Әр жаттықтырушы әртүрлі жас ерекшелігіндегі (жастар және жасөспірімдер) спортшылардың екі тобын жаттықтырады. Барлығы 122 адам шұғылданады. 2010 жылы Пролетарка ауылында аула клубы мен Бородулиха ауылындағы № 23 Лицейдің ашылуы есебімен ДШҰ саны 2 бірлікке өсті.
Ағымдағы жылдың басынан ауданда 521 спорт секциясы ашылды, мұнда 10437 адам спортпен шұғылданады, ол тұрғындардың санынан 25,1%.
Ат спорты түрлерінен жыл сайын Бородулиха және Новошульба ауылдарының ипподромдарында Қазақстанның қалалары мен облыс аудандары командаларының қатысуымен маусымның ашылуы мен жабылуы өткізіледі. Ауданнның үздік спортшыларына облыстық және республикалық жарыстарда қатысу қамтамасыз етілді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша ауданда «Психика-педогогикалық түзету кабинеті» ММ қызмет атқарады, мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға дене шынықтыру сабақтары мен бұқаралық-спорт іс-шараларды жоғары дәрежелі мамандар өткізеді. Барлығы ауданда мұндай балалардың саны 256, олардың санынан Психика-педогогикалық түзету кабинетінде 66 адам қаралады.
Шульбинск су қоймасының жағасында жеке меншік кәсіпкерлер қаражаты есебінен туризм және демалыс нысандарын салу жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Жерновка көлінің жағасында Новошульба орман шаруашылығының демалыс базасы қызмет етеді.
2010 жылдың сәуір айында Бородулиха ауылында «Раушан» қонақ үй кешені пайдалануға енгізілді, мұнда сауна, бильярд залы, 30 орынды қонақ үй бар, ұйымдастырушысы «Раушан» ШҚ басшысы Т.А.Оразаев.
2010 жылдың сәуір айынан бастап Красный Яр ауылында, ұйымдастырушысы «Красный Яр» ШҚ – С.Н.Быков, Михайличенково ауылында ұйымдастырушысы «Артамонов» ЖК - П.А.Артамонов демалыс және балық аулау  базалары қызмет атқарады.
2011 жылдың қазан айында Новопокровка және Белағаш ауылдық округтерінің шекарасында орналасқан Кемпинг пайдалануға енгізілді, ұйымдастырушысы «Лада» ШҚ, басшысы А.М.Романов.
Балалар және жасөспірімдер туризмі дамуда. Жалпы білім беретін орта мектептер бағдарламасында жыл сайын қоршаған орта, тарих және мәдени ескерткіштермен танысу, туған жер мен карта бойынша жөн табу бойынша практикалық әдеттерді тәжирибе алу мақсатында 3 күндік туристтік жорықтар бағдарлары әзірленеді.
2011 жылдың қыркүйек айында Уба-Форпост ауылындағы балалар-жасөспірімдер туристтік станциясы базасында аудандық туристтік экспедициясының 3 күндік туристтік жорығы әзірленіп өткізілді.
Ауданның үздік спортшылары облыстың туристтік фестивальдарының бірнеше мәрте жүлдегерлері.    
2011 жылы Президентік тесттерді тапсыруда қатысқандардың саны – 8608 адам.
2011 жылдың 9 айында дене шынықтыру және спорт бөлімімен аудан көлемінде 25000 адам қатысқн 116 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді.

 

А. Бычковский, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Шілде 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019