КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Спорт және туризм

2015 жылдың екінші жартыжылдығына қойылған тапсырмалар мен бірінші жартыжылдық бойынша Бородулиха ауданындағы жоғарғы спорт жетістіктері мен бұқаралық спорттың дамуы туралы ақпарат

Ауданда 141 спорттық ғимарат бар, соның ішінде: 33 спорт залы, (31-і жалпы орта білім беретін мектептерде), Жезкент кентінде 1 ведомстволық ӘТҚБ залы, 1-і Ново-Шульба ауылындағы мәдениет үйінде, 1 – Бородулиха ауылындағы БЖСМ спорт стадионы, 1- Бородулиха ауылындағы шаңғы базасы, жалпы орта білім беретін мектептердегі 5-атыс тирі, 11 хоккей қорабы, 1-жасанды жабындымен ашық  теннис қорабы, 2 ипподром, 63 ашық алаң, 24 алаң.
БЖСМ-де спортпен айналысатындар саны – 520 адам, 10 бөлімше жұмыс істейді, 6 филиал ашылған.
БЖСМ-де 17 жаттықтырушы жұмыс істейді, соның ішінде 12 штаттық, олардың 12 –сінің арнайы білімі бар, соның ішінде 6-да жоғары.
Спорт қызметкерлерімен 2015 жылдың ағымдағы кезеңінде спортшылар дайындалды: СШК-1, 1 дәрежелі спортшылар 3, 150 спортшы бұқаралық дәрежеде.
Жылдың басынан 82 спорттық бұқаралық іс-шара өткізілді, онда 10922 адам қатысты, соның 3320 оқушылар.
Ауданның 250-ден астам ең мықты спортшылары облыстық жарыстарға қатысты. 
Аудандағы спорттың дамуы бойынша жұмыстың нәтижесін шығарудың бір жолы, жыл сайынғы халықтық спорт ойындары болып табылады. Дәл солай биыл да 2015 жылдың 11-16 маусымы аралығында облыс орталығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына ХІХ халықтық спорт ойындары өтті. Бородулиха ауданының ең мықты спортшылары бағдарламаның 22 түрі бойынша қатысты.
Ұлттық ат спорты түрі бойынша спортшылар жоғары нәтижеге жетті – теңге алу (1 орын), көкпар (2 орын), қыз қуу (3 орын), аударыспақ (4 орын).
Ш/қ «Алекс» А.А.Подкорытовтың аттары арбалы ат жарыстан 2 орынды, 3,2 км қашықтықтағы бәйгеде ш/қ «Лазарев и К» - өкілі А.К.Лазареваның аттары 4 орынды иеленді.
Құрметті 3-орынды дойбышылар командасы жеңіп алды.
Риддер, Курчатов, Зыряновск қалаларын артта қалдырып жеңіл атлетикашылар және көп сайысшылар 4-орынды алды. Көп сайыс бойынша команда құрамындағы Шель Андрей ҚР СШК атағын орындап, ШҚО 2-дүркін чемпионы атанды.
Ауданның гір спорты бойынша командасы алдыңғы алтылыққа кірді, Клюшин Юрий жеке сынақта 2-орынға ие болды.
Үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату бойынша командалар жетінші орынға тұрақтады.
3-жылдан артық волейболдан ерлер командасы финалға шығуға жақындап келіп, тек биыл ғана халықтық спорт ойындарының финалына жолдаманы ұтып алып, 8-орынға ие болды.
Алдыңғы ондыққа баскетбол ойыншылары  және 15 км-ге бәйгеден аттар кірді.
Жалпы есепте аудан командасы 323 ұпай жинап, жалпы командалық  3-орынға ие болды.
Ағымдағы жылдың 22 маусымында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына ХІХ халықтық спорт ойындары қатысушыларын құрметтеу рәсімі өтті.
Аудан әкімі Акулов Григорий Иосифович барлық жарысқа қатысушыларға, тренерлерге, ұйымдастырушыларға және демеушілерге жемісті спорт жылы үшін алғысын білдірді. Ол жастарға сенімінің жоғары  екендігін, осындай жеңіске деген құштарлықпен кез келген қиыншылықты жеңіп, жоғары дәрежеге жетуге мүмкіншілігіміздің жоғары екенін айтты.
Барлық жас аралығындағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатындар саны 11200 адам немесе 30%.
Барлық спорттық-бұқаралық жұмыстар аудан әкімінің сайтында және бұқаралық ақпараттық құралдарында кең шығарылады.
2-жарты жылдыққа тапсырма – дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатындар санын 31% жеткізу.

2014 жылы дене шынықтыру және спорт жағдайы туралы ақпарат

Ауданда дене шынықтыру және спортты дамытуға жергілікті бюджет қаражатынан 2014 жылы 10003,0 мың теңге бөлінді.  
Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде спорттың материалдық-техникалық базасын дамытуға жергілікті бюджет қаражатынан 2014 жылы 7862,0 мың теңге, БЖСМ дамытуға облыстық бюджет қаражатынан 26719,0 мың теңге бөлінді.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар қызметіне 139 спорт ғимарат ұсынылған.
Ағымдағы жылдың қазан айында Новопокровка ауылында жарықтандырылған жасанды жамылғысы бар шағын футбол алаңы пайдалануға беріледі.

Спорт Спорт

Бұқаралық шайбалы хоккейді дамыту мақсатында ауданда жыл сайын 10 хоккей корты: Жезкент кентінде-2, Пролетарка ауылы, Бородулиха ауылында - 2, Камышинка, Переменовка, Новошульба, Зенковка, Михайличенко ауылдарында, конькимен жаппай сырғанау үшін 26 мұз айдыны құйылады. 46 секция қызмет етеді, онда 700 адам шұғылданады.

Спорт Спорт

Ауданда спорттың 35 түрі бойынша 631 спорттық секция  қызмет етеді, онда 11200 адам шұғылданады, бұл тұрғындардың жалпы санының 30% құрайды. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатындар санының өсу қарқыны 107,4%  құрады.

Спорт Спорт

Ауданның үздік спортшыларының облыстық және республикалық жарыстарға қатысуы қамтылған. 2014 жылы облыстық жарыстарға 280 адам қатысты.
Ауданда 1011 мүгедек жан тұрады, оның ішінде спорттық нысандарға 107 адам келеді. Барлық спорт нысандары пандустар және қажетті спорттық мүлікпен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жаттығуды спорт бойынша нұсқаушы әлеуметтік қызметкерлермен бірге өткізеді.
Спорттық-бұқаралық іс-шара күнтізбесіне сәйкес 2014 жылдың ағымдағы кезеңінде «Маған өзіңмен теңдей қара» атты ұранмен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 3 арнайы спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 180 адам қатысты. 

Спорт Спорт

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында аудандық көлемде 111 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 10914 адам қатысты.

Спорт Спорт

Мектептен тыс дене шынықтыру және сауықтыру ұйымдарында дене тәрбиесі үшін барлық жағдай жасалған.
Жезкент кентінде «Шахтер» жастар спорт клубы жұмысын жалғастыруда. Оның қызметі үшін тұрғын үйдің жертөлесінен үй-жай өтеусіз негізде бөлініп, онда қоғамдық бастамамен хоккей, футбол, шағын футбол, ерлер, әйелдер волейболы бойынша 5 жаттықтырушы жұмыс істейді. Әр жаттықтырушы әр түрлі жастағы (жастар және жасөспірімдер) спортшылардың екі тобымен жұмыс жүргізеді. Шұғылданатындардың барлығы 680 адам.

Спорт Спорт

Пролетарка ауылында «Конек» аула клубы ашылған, онда қоғамдық бастамамен шайбалы хоккей және футбол бойынша 2 жаттықтырушы жұмыс істейді. Әр жаттықтырушы әр түрлі жастағы (жастар және жасөспірімдер) спортшылардың екі тобымен жұмыс жасайды, шұғылданатындардың барлығы 140 адам.
БЖСМ шұғылданатындардың жалпы саны – 520 адам, спорттың 10 түрі бойынша 5 филиал ашылған, 17 жаттықтырушы жұмыс істейді

Спорт

 

 

А.Бычковский, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы 

 

Аудандағы туристік саланың ағымдағы жағдайы туралы

 

Ауданның туристік әлеуеті табиғи-рекреациялық ресурстардың (Шүлбі су қоймасы жағалауының ландшафтысы, ленталы реликтілі орманның түпкірінде орналасқан Уба өзенінің, Милайловка және Жерновка көлдерінің жағауы, Красный Яр, Михайличенково, Переменовка ауылдарындағы балыққа бай жасанды және табиғи су қоймалары және басқа)  бар болуымен сипатталады. Бұл аймақтарда ауданның негізгі табиғаты көрікті жерлері орналасқан.
Негізгі бәсекеге қабілетті туристік өнім - экологиялық, жағажайлық.
Жалпы біздің өңір өте бай туристік-рекреациялық әлеуеті болса да, туризмді дамытудың төмен деңгейімен сипатталады.
2013 жылы туристік қызметтен түскен кіріс көлемі 3728,2 мың теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 119,7% көп (3115,5 мың теңге). Өңір бюджетіне төленетін салық 111,8 мың теңгені құрайды. Саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 18 адамды құрады.
Туристік қызметтің құрылымындағы ішкі туризм 99,2% (374 адам) құрады, көшпелі туризм – 0,79 % (3 адам).
Қазіргі уақытта 3 туристік нысан жұмыс істейді, 377 адамға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 9% артық (2012 жылы 346 адам).
Қонақ үйлерді ұсыну, жәдігерлік өнімдерді сату, тамақ өнімдерін сату және т.с.с. есебінен туристерге қызмет көрсету мен ауылдық туризмді дамытуға жергілікті халықты тарту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі.

Бородулиха ауданының демалыс аймақтарын бейнелеу
Шүлбі су қоймасының жағалауында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - «Ертіс» демалыс аймағы орналасқан. Ертіс өзенінің боймен төмен қарай теплоходпен туристік серуендеу өте қызық. Туристер бір жағында жазық дала орманға ұласып жатқан, ал екінші жағында көптеген шақырымға созылған ленталы қарағай орманы орналасқан көркем жағалауларға тамсанады. Демалыс аймағы Ертіс өзені жағалауының жиегіндегі Шүлбі су қоймасының оң жақ жағалауында, аудан орталығы Бородулиха ауылынан 65 шақырымда орналасқан.
Аталған базаның аумағында 10 адам сыятын 2-қабатты жайлы үй бар. Демалушыларға стутниктік телевидение, күзетілетін автотұрақ, спроттық алаңдар, шомылу үшін жағажай, монша ұсынылған. Аталған аймаққа күру шектеулі.
Аталған нысанды жергілікті атқарушы органның теңгеріміне беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, одан әрі әлеуетті инвесторға берілетін болады. Кейін қосымша қызметтерді кеңейту, көрсету және демалуға жалпы қол жетімді ету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Новошульба орман шаруашылығының демалыс базасы көрікті Жерновка көлдерінің жағалауында орналасқан. Аудан оталығынан 35 шақырым жерде, қарағайлы орманмен көмкерілген әдемі алқаптың арасындағы Жерновка көлдерінің  жағалауында орналасқан. Негізгі бәсекеге қабілетті  туристік  өнімі - экологиялық, мәдени- танымдық, жағажайлық туризм. Негізінен бұл жерде «табиғатпен бірігу» демалысы ұсынылатын болады. Демалыс аймағы 7 адамға арналған қонақ күтетін үймен, сондай-ақ бұлаққа барар жол бар моншамен жабдықталған.
Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер туризмі дамып келеді. Қоршаған ортамен, тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу, жергілікті жерде және карта бойынша бағдарлай білу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында жыл сайын туған өлкеге 3 күндік туристік сапардың маршруттары әзірленеді. Жыл сайын Уба-Форпост ауылында мектептен тыс балалар-жасөспірімдер туристік станциясы базасында жас туристердің 3 күндік слеті өткізіледі, оған ауданның 25-тен астам мектебі қатысады.
2013 жылы Бородулиха ауданының аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын туристік фирмалар мен дара кәсіпкерлер тіркелмеген.
Республикалық маңызы бар «Семей – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолында «Эдем кафе-қонақ үйі» кешені орналасқан. Кешенде 8 бөлме бар.
Кешен әкімшілігімен 2013 жылы 700 клиентке және 2014 жылдың қаңтар-шілде аралығында 450 адамға қызмет көрсетілген.
«Лаукарт Г.И.» ДК тәуліктік тұру бойынша қызметтерді ұйымдастырады. 3 бөлме – 8 жатын-орын бар.
Ауданға келетін туристер легінің талдауы, туристер үшін өңір әлі де айтарлықтай тартымды емес екендігін көрсетеді. Бородулиха ауданына тікелей қолайлы туристік саланың негізгі түрлері ретінде келесі бағыттарды қарастыруға болады:
•   экологиялық тұрақты «табиғат аясындағы» туристік өнімдерді әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беретін қоршаған ортаны сақтау және қорғау саласындағы қоғамдық түсінікті арттыру: жаяу жүру туризімі, велотуризм, «ерекше» туристік өнімдерді әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беретін атпен серуендеу және құстарды бақылау;
•   ауылдық туризмді дамыту. Туризмді жоспарлы түрде дамыту мақсатында туризмнің жаңа нысандарын ашу, инфрақұрылымдарды құру және дамыту, ауданның туристік беделін құру және ілгерілету, туризм саласына инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Қазақстанда Спорт Күніне арналған, 2014 жылдың 17 тамызында Жезкент кентіндегі Жезкенттік ӘКҚС спорт залында волейбол бойынша ерлер арасында жеңімпаздар Кубогы өтті

 

2014 жылдың 17 тамызында Жезкент кентіндегі Жезкенттік ӘКҚС спорт залында волейбол бойынша ерлер арасында жеңімпаздар Кубогы өттіЖарыста ең мықты деген топтар қатысты: Бородулиха ауылдық округінің құрамасы және Жезкент кенттік округінің құрамасы.

Жарысты ұйымдастырушы – Орловка кені жастар Одағы және Бородулиха ауданының спорт бөлімімен бірлесе отырып Жезкент кенттік округінің әкімшілігі.

Жарыс салт бойынша Қазақстан Республикасының ән ұранының шырқалуымен басталды.

Жарыстын бас төрешісі Потапченко Валентина іс- шараны ашты, спортшыларды Спорт мерекесімен құттықтап, барлық турнирге қатысушыларға алғысын білдірді. Содан кейінгі құттықтау сөзді Жезкент кенттік округі әкімінің орынбасары Б. Садыкова сөйледі, ал жас таланттылар қонақтар мен келушілерге казіргі заман биін ұсынды.

Жезкенттік және Бородулихалық жастар арасындағы тартымды жарыс 2:3 есебімен Жезкент кенттік округі құрама командасының пайдасына тәмәмдалды.

Жарыстын аяқталғанынан кейін Жезкент кенттік округі әкімінің орынбасары Садыкова Бакыт Рыскуловна кентте қоғамдық спорттың дамуына үлес қосқандығы үшін: волейбол бойынша жезкенттік қоғамдық – бапкер құрамасы Буднецкому Вячеславқа, Орловка кені спорт бойынша жаттықтырушы Потапченко Валентинаға Жезкент кенті округі әкімшілігі спорт бойынша жаттықтырушы Тюленева Альмагульге, Жезкенттік ӘКҚС командиры Фуртов 2014 жылдың 17 тамызында Жезкент кентіндегі Жезкенттік ӘКҚС спорт залында волейбол бойынша ерлер арасында жеңімпаздар Кубогы өттіНиколайға, шайбымен хоккей бойынша қоғамдық бапкер Шкулярук Анатолиға Жезкент кенттік округі әкімінің атынан алғыс хатты ұсынды. Кенттің спорттық өміріне белсенді үлесін қосып журген ең жақсы спортшылар: Сейсебаев Сымбат және Қуаныш, Шель Андрей, Волков Иванға алғыс хаттарын ұсында.

Спор Күніне арналған волейбол бойынша жарысқа қатысқан барлық қатысушылар, номинация бойынша мақтау қағазбен, алқамен (медаль), бағалы сыйлықтармен марапатталды. Волейбол бойынша жарыс жеңімпазы Жезкент кентінің құрама командасы жеңіп жеңімпаз Кубогымен марапатталды.

Жезкент кенттік округінің әкімшілігі жарысқа қатысқан спортшыларғы алғыс айтады. Ерекше алғысты:

* мақтау қағазын және жарысқа қатысқаныдарға номинация бойынша сыйлық, алқа (медаль) мен қамтамасыз еткені үшін Бородулиха ауданының спорт бөлімі А. М. Бычков тұлғаға;
* Турнирға қатысқан барлық қатысушыларды сыйлықпен қамтамасыз еткені үшін Орловка кені жастар Одағына;
* Әр кезде демеушілік көрсететін ЖК Е. А.Щегалевқа, ЖК В.Н. Городецкиға Жезкент кентінде қоғамдық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

Жезкент кенттік округінің спорт бойынша жаттықтырушы  А. Тюленева

 

Қоғамшыл- бапкерлерге рахмет!

17 тамыз Қазақстанда Спорт күні болып белгіленген. Бұл атаулы күнде спорт аясында жұмыс істейтін адамдарды, спортсмендерді  атақпен құттықтау қабылданған.
Жезкент кенттік округінде жан құмарлығы үшін, жалақыға бола емес, мүлдем жалақысыз, «қоғамдық бастамаға бола» тренер болып жұмыс істейтін адамдарда бар. Ең бастысы балалармен жұмыс істейтіндерді белгілеп өтсем, бала- деген ең маңызды жауапкершілікті талап ететеді. Бұл жерде ең бастысы біз ересектер ол балаларды не нарсеге үйрететіндігімізде.

Бұдан бірнеше жыл бұрын, советтік бала Шкулярук Анатолий хоккей секциясына шайбысымен, «Шахтер» хоккей клубының негізін қалаушы және бапкері Гусинский Александрға келген болатын.
Сол уақытта көп балалар хоккей фонаты болатын, өйткенні советтік хоккейшылар әлемдегі ең мықты хокейшылар еді, ал теледидардағы хоккей мачтарындағы қызықты сәттер айтсақ сөз жетпейді.
Анатолиге хоккей өмірінің бәр мәні және ол сол кезден бастап өмірін бұл спорт түрісіз елестетеде алмаған.
Табандылықпен дайындықтажылдар өтіп  жатты, жарыстарға жолдама, үлкен және кішігірім жетістіктері. Жезкент кенттік ОӨК спортты ылғида қолдап жәнеде спортшыларға демеушілік қылып отыратын. Брақта, қыйын- қыстау кез келіп «Шахтер» хоккей клубы жабылып қалды.

Екімыңыншы жылдың басында Александр Гусинский оқушысы хоккейшы Вячеслав Грудцын және Анатолий Шкулярок, «Шахтер» хоккей клубын жаңартты, ескі екі жәшіктен бір бүтін құрап шығарды, кезіндегі өздері сияқты жасөспірімдерді жинап ақырындап дайындай бастаған. Дайындық қоғамдық орындарда өткізілді. Анатоли кезекті шахта жұмысынан шыққанансоң өзінін сүйікті, тек ақысыз істейтін жұмысына асықты. Қымбат жабдықты әр түрлі мақсатепен табатын: кей жабдықты өз ақшасына алатын, кейбіреуін демеушілікпен Жезкент ОӨК бөлетін.

Міне енді он жылдай уақыт ішінде «Шахтер» клубы жаңа өмір сүріп жатыр, бүкіл қыс бойы хоккейшылар өз өмірімен «өмір сүріп» жатқандай.
Жезкент кентінің тұрғындары бапкер Анатолий Шкуляруктін басқаруымен хоккейшыларға қыс мезгілінде мұз айдынын тазалатып, үстінен су құйып, жезкенттік балаларды мұз айдынында сырғанай алатындығына қолдау көрсеткендері үшін шексіз риза.
Анатолидың тәрбиеленушілері тек жақсы споршы болуға жәнеде хоккейды жақсы ойнауды оқу ғана емес. Қыс мезгілі ішінде күнделікті дайындалу процесснде тонналап қар лақтырады, балалар тату және еңбек сүйгіш болып шығады. Ендігі кезде жас өспірімдер санаты жанадан толысуда, жастар жағы спортты жақсы меңгеріп, әр түрлі спорттық жарыстарға шығады, кей біреулерінен баделді орындарға ие болып жатыр. Анатолидің оқушылары есейіп, ендігі кезекте өздеріде жасөспірімдерді дайындапта жатыр.
Жезкенттік «Шахтер» клубының хоккейшылары бірге бар қиыншылықты бағындырды, бірге жақсы адамдар санатында, спорта және өмірде жеңіскеде  бірге қадам жасап бара жатыр!

Жезкент кенті округінің әкімшілігі Анатолий Шкулярукті, оның серіктестігі Добрыгин Евгений, волейбол бойынша қоғамдық бапкер- Вячеслав Буднецков, Орловка кентінің спорт нұсқаушысы – Валентин Потанченко, дене шынықтыру өкілдерінің бапкерлері, ДЮСш өкілдерінің бапкері сонымен қоса спортқа деген махаббатын оятып, кентте балаларды спортқа дайындайтын қоғамдық бапкерлерді Спорт Күнімен құттықтайды!

Аудандық барлық спортшыларды, әсіресе Жезкент кенті округінде спортпен айналысатын спортшыларды құттықтаймыз!
Кентте спорттын дамуын қолдап, үлес қосқан демеушілерге ерекше алғысымызды білдіреміз!

 

Жезкент кенті округінің спорт бойынша өкілі      А. Тюленева

Бокстан облыстық чемпионат

 

Бокстан облыстық чемпионат Қазанның 2-5 аралығында біздің ауданда бірінші рет аудан әкімінің жүлдесіне 1995-1997 жж. және 2000-2002 жж. жас дәрежелерінде бозбалалар арасында бокстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді. Біздің облысымыздың барлық аудандары мен Семей, Өскемен, Риддер қалаларынан Бородулихаға чемпионаттың жас спортшылары келді.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі Бородулиха ауылындағы спорт кешенінде өтті, оған аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Аргумбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы У.Т.Майжанов, әкім аппаратының басшысы С.Н.Лазурин, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.М.Бычковский және басқалары қатысты.
Бокстан чемпионатқа қатысушыларға сәлемдесу сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Аргумбаев алып, бозбалалар арасында бокстан облыстық жарыс өткізу бородулихалықтар үшін үлкен мәртебе екенін, бұл спортты, бұқаралық спортты дамытуға маңызды үлес қосып және салауатты өмір салтын қалыптастыратының айтты. «Спорттың идеялары мен жарыстың рухы біздің ауданның барлық тұрғындарына жақын, біз оның дамуына барынша жігерімізді қосамыз және бүгін біз спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз, оның ішінде бокстан да.
Бокстан облыстық чемпионат Осы жарыс нағыз мереке болатынына сенімдімін. Барлықтарыңызға шын жүректен спорттық сәттілік пен әділ де ашық күрес тілеймін» - деп сөз аяқтады.
Содан кейін сөз жарыстың бас төрешісі К.Кудайбергеновке берілді, ол жарысқа қатысушылармен амандасып, чемпионаттың жемісті өтуін, ал жас спортшыларға осы спорт түрі бойынша жеңістер мен алда табыстар тіледі.
Әрі қарай жарысқа қатысушылар үшін мәдениет үйінің әртістері бірнеше концерттік нөмірлер орындады. Бокстан чемпионаттың салтанатты ашылуынан кейін 49, 56, 60, 69, 75 келі салмақ дәрежелерінде алғашқы жекпе-жектер басталып, кешке дейін жалғасты.  Сонымен, ШҚО чемпионы атағын иелену үшін Бородулиха ауылындағы спорт кешенінде 4 күн бойы шаршы алаңында жас боксерлердің сайысы жүргізіліп, онда осы спорт түрінің жанкүйерлері қатысып, жеңістер мен жеңілістерді қызығушылықпен бақылады.  
Ақтық ойыны 5 қазанда болды. Таңертең сағат 11.00 шаршы алаңында чемпионаттың мықты қатысушылары кездесті. Жеті жекпе-жек өткізілгеннен кейін жүлдегерлерді марапаттау болды. Сонымен, соңғы көрсетілім бойынша нәтижелер мынандай: 30 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды М.Қайратов (Бородулиха а.) иеленді, 2-ші орын – Е.Узбеков (Жарма ауданы); 36 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды Б.Женісқазиев (Жарма ауданы), 2-ші орын С.Қайртаов (Бородулиха а.), 3-ші орынды А.Дәурен (Абай ауданы); 40 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды  Д. Мұқанов (Бородулиха а.), 2-ші орынды – А. Тортбай (Абай ауданы), 3-ші – Е. Айымғазин (Абай ауданы); 54 келі салмақ дәрежесінде  1-ші орынды А. Востриков (Бородулиха а.), 2-ші Б.Төкенов (Абай ауданы); 56 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды Д. Қинаятов (Бородулиха а.) иеленсе, 2-ші – А.Намақанов (Риддер қ.), 3-ші – К.Полковников (Өскемен қ.) иеленді.
Бокстан облыстық чемпионат Ақтық ойындардың нәтижесі бойынша 49 келі салмақ дәрежесі бойынша Н. Жұрымбаев (Семей қ.) чемпион атанды, 2-ші орынды Е. Саябек (Семей қ.) иеленсе, 3-ші орынды – К.Мұқан (Семей қ.) және Е. Зарықханов (Аягөз ауданы) иеленді; 52 келі салмақ дәрежесі бойынша А. Қанапьянов (Бородулиха а.) чемпион атанды, 2-ші орынды А. Әлімғазы (Жарма ауданы) иеленді, 3-ші орын  А. Тұрсын мен Д. Жұмабековте;  56 келі салмақ дәрежесі бойынша А. Аманжолов (Семей қ.) чемпион атанды, 2-ші орын Д. Баймұхамет (Семей қ.), 3-ші орын Р. Серікқазы мен К. Ауденов (Семей қ.); 60 келі салмақ дәрежесі бойынша С. Тортоғұлов (Семей қ.) чемпионом атанса, 2-ші орынды Е. Амантаев (Семей қ.) иеленді, 3-ші орын Ф. Орыспаев (Аягөз ауданы) мен Д. Блиновта (Риддер қ.);                64 келі салмақ дәрежесі бойынша А. Закир (Семей қ.) чемпион атанса, 2-ші орын – Б. Советов (Семей қ.), 3-ші орынды – И. Цой (Өскемен қ.) мен К. Мұқатаев (Жарма ауданы); 69 келі салмақ дәрежесінде Р. Боязинов (Семей қ.) чемпион атанды, 2-ші орын А. Серіков (Тарбағатай ауданы), 3-ші орын Р. Шатаев (Риддер қ.) мен А. Ризабеков (Семей қ.); 75 келі салмақ дәрежесінде А. Аманғазин (Аягөз ауданы) чемпион атанды, 2-ші орынды К. Петров (Риддер қ.) алды, 3-ші орынды Д. Тохтаров (Жарма ауданы) мен А. Букин (Өскемен қ.) бөлісті. 1-3 орындарды иеленген барлық жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт басқармасының мақтау қағаздарымен, медальдарымен, аудан әкімінің үшкіл жалаулары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Содан кейін «Үздік жекпе-жек техникасы үшін» аталымы бойынша А. Закир (Семей қ.), «Турнирдің үздік боксшысы» – А. Қанапьянов (Бородулиха а.), «Жеңіске деген жігер үшін» – Е. Амантаев (Семей қ.), «Объективті төрелік үшін» – К. Сафин (Жарма ауданы) марапатталды. Оларға ақшалай сыйақы табысталды.
Бокстан ШҚО чемпионатының демеушілері С.Н. Быков («Красный Яр» ш/қ басшысы), Е.Ә.Зайтенов («Е.Зайтенов» ш/қ басшысы), Ю.Кудрявцев («Заря» ш/қ басшысы), С.Н. Гапонов («Поднебесное» ш/қ басшысы), ДК А.С. Ежов.
Осы өткен турнир Қызылорда қаласында кейінірек өтетін жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу болып табылады, іріктеуді ШҚО бокстан аға тренері А.К.Калелов өткізді.
Бородулиха ауылының дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ БЖСМ бокстан ШҚО чемпионатын өткізуге көмек көрсеткен аудан әкімдігіне, демеушілер мен барлықтарына алғыс білдіреді.  

Деніміз сау болсын

Өткен демалыс күні, яғни 2013 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасында Спорт күні атап өтілді.
Мұндай тамаша мерекенің құрметіне орай, дене мәдениеті және спортпен айналысудың пайдалы екеніне бірнеше дәлелдер келтіріп, салауатты өмір сүру насихатын жүргізу жайындағы тақырыпты тағы бір мәрте қозғап өткіміз келді.
Тарихқа үңілсек: адам ұзақ уақыт бойы өзіне азық тауып, тұрғын үй тұрғызды, киім жасады – бұның барлығы физикалық үлкен шығынды қажет еткен. Қазір біздің өмір сүруіміз үшін ондай көп күш жұмсалмайды, барлық ауыр жұмыстарды машина атқарады, сондықтан адам аз қозғалады, нәтижесінде оларға ерте замманнан берілген, бірақ қазіргі заманда қолданылмайтын өмір қуаты жиналуда. Бұл шығындалмаған қуат, оның үстіне негативті эмоция қосылып, бұның бәрі сыртқа шығарылмай, адам ағзасы ауыруға ұшырайды. Біз қай уақытта дене шынықтырумен айналысып, жиналған қуатты сыртқа шығарып, өз өмірімізді өзіміз ұзартамыз. Кешке жаттығуға барамыз, таңертең ерте жүгіріп, көңіл күйімізді көтеріп, ешкіммен ренжісу, ұрсысуға да зауқың соқпайды да, оған уақытыңда болмайды, оның үстіне уақытыңды өз денсаулығыңды жақсартуға арнайсың, сол үшін өз өзіңді мақтан етесің. Адам барлық жағдайда тепе-теңдік және үйлесімде болуы керек: ақыл-есі, физикалық түрде, рухани жағынанда біркелкі дамыған – яғни, барлығы өз мөлшерімен болуы керек. Мысалы, адам өндірісте физикалық түрде көп жұмыс атқарғанымен ақыл -өрісінің жұмысына уақыт жетпейді, яғни қарапайым кітап оқуға да уақыт таппайды. Сондықтан адам ауыруға шалдығып, ауыруханаға түседі. Немен айналысу керек? Тек кітап оқу, ойланып, өзінің рухани әлемін жетілдіру үшін ғана жұмыс істеу – солай әлем барлығын өз орындарына орналастырып, тепе-теңдік орнайды. Егер адам ой-өрісімен жұмыс атқарып, физикалық түрде дамымаса, ерте ме, кеш пе оны өмір қозғалуға мәжбүрлейді. Сол үшін, дұрысы әлем заңдарының сіздің өміріңізге араласуын күтіп отырмай, өз болмысыңыздың тепе-теңдігін қалыпқа келтіріп, ойыңызды, тұлғаңызды (тура сол физикалық жаттығуларды) және жаныңызды нәрлендіріңіз.
Адамның денсаулығы – өз-өзімен үнемі жұмыс жасауды талап ететін нәзік жүйе. Денің сау болуы үшін артық салмақ қосуға болмайды. Артық салмақ денсаулықтың бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық бұлшық еттер қалыпта, ұзақ өмір сүрудің негізі болғандықтан омыртқалар икемді болу керек. Жүрегімізде жаттығуды талап етеді, шындығында ол басқа бұлшық еттер сияқты жаттығуды (жүгіру, жүзу, жаяу жүру,) қажет ететін бұлшық ет.
Жаттығу ретінде физикалық жүктемелерді қабылдаған адам ауыруларды, әлсіздікті және кәрілікті артқа тастап, өзінің биологиялық жасын азайтады. Сау адамның эмоциясы әруақытта дұрыс, көңіл-күйі көтеріңкі, өін-өзі өте жақсы сезінеді. Салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен айналысу қажет.
Жүріңіздер, таңғы жаттығуды жаңа жылдан емес, дүйсенбіден бастап емес, дәл қазір бастайық. Алдымызда денсаулыққа жетудің жолының үлкен таңдауы жатыр. Спорттың кез-келген түрін таңдап, жақсы көңіл күймен кірісейік! Футбол, валейбол жеңіл атлетика, суда жүзу, шыңғымен сырғанау, хоккей, конькимен сырғанау, велосипедпен жүру, фитнес, аэробика, би немесе жай ғана жаяу жүру – таңдау өзімізде. Осылай деніміз сау болсын!

 

Жезкент кенті округі әкімшілігінің спорт нұсқаушысы А.К. Тюленева

2012 жылғы 9 айға ауданда дене шынықтыру және спорттың жағдайы мен дамуы туралы ақпарат

Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар үшін 132 спорттық ғимарат бар.
Сәуір айында ашық спорт ғимаратарының көктемгі-жазғы маусымына дайындығын қабылдау бойынша жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының басшылығымен комиссия құрылды. Тексеру нәтижесі бойынша барлық спорттық ғимараттар қанағаттанарлық жағдайда.
Спорт мүлкін алу үшін білім бөліміне 8160,0 мың теңге бөлінді. Бүгінде жалпы білім беретін мектептер спорттық мүлікпен 80% жинақталған.
Жезкент кентінде 2012 жылдың ағымдағы кезеңінде жасанды жамылғылы футбол алаңын қайта құру жүргізілді, жасанды жамылғылы теннис корты, жаттығу және балалар алаңдары, қысқы мезгілде хоккей корты ретінде пайдаланылатын жасанды жамылғылы 2 шағын футбол алаңының құрылысы «Қазақмыс» корпорациясы есебінен жалпы сомасы 100000,0 мың теңгеге салынды.

Спорт Спорт


Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасы бойынша Михайличенко және Новопокровка, Бородулиха ауылдарында 2013 жылы жасанды жамылғылы шағын футбол алаңдарының құрылысы жоспарланған.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Новопокровка ауылы М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебінде және Жерновка орта мектебінде спорт залдарының құрылысы аяқталуға жақын.
Тартылған қаражаттар есебінен Зенковка, Бородулиха ауылдарында хоккей қораптары салынды. Новопокровка, Михайличенко ауылдарында құрылыс аяқталу кезеңінде. Әрбір хоккей қорабының құны 500,0 мың теңге.
2012 жылдың ағымдағы кезеңінде 1-ШСК, 1 дәрежелі – 8, бұқаралық – 195 спортшы дайындалды.
Ауданда спорт саласында 88 қызметкер жұмылдырылған, 51 дене шынықтыру ұжымы бар, спорттың 33 түрі бойынша 447 спорттық секция ашылған, онда 9929 адам шұғылданады, бұл аудан тұрғындарының жалпы санының 25,8 пайызын құрайды. Спорт нысандарының 100 пайыздық жүктеме есебімен және шұғылданатындардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып спорттық секциялар кестесі дайындалған.
Спорт түрлері бойынша секциялық жұмыстар және жалпы білім беретін мектептердегі спорттық нысандар дене шынықтыру мұғалімдеріне бекітілген.
Орындарда спорттық нысандардың жұмыстарын бақылау ауылдық-кенттік округтердің әкімдеріне жүктелді.
2012 жылға ауданның ауылдық (кенттік) округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау жүйесіне дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын тұрғындар үлесінің (округте тұратындардың жалпы санынан %) көрсеткіштері енгізілді.
- ауданның спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспары жүзеге асырылуда, 2012 жылдың ағымдағы кезеңінде аудандық көлемде 124 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде 42-сі «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранымен, оған 25000 астам адам қатысты. Барлық спорттық іс-шаралар демалыс және мереке күндері өткізіледі.
- БЖСМ сабақтар жалғасуда, онда 386 адам қатысады, оның ішінде толық емес және аз қамтылған жанұялардың балалары;
- Жезкент кентінде «Шахтер» жастар-жасөспірімдер клубы жұмысын жалғастыруда, онда 360 адам қатысады, ересек тұрғындармен қоса оқушыларда бар.
Барлық спорттық жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарыққа шығады.

Спорт Спорт

 

А.Бычковский, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы

Парақтар өзгертілді: 17-07-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Шілде 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019