КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 


 

 

 

 


Мемлекеттік қызметшінің имиджі

07.09.2017г. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі *.doc 32 KB
14.04.2017г. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы және өкілдік органдардың аттестаттауға жататын мемлекеттік қызметшілердің әңгімелесуден өту кестесі *.doc 185 KB
14.04.2017г. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы және өкілдік органдардың аттестаттауға жататын мемлекеттік қызметшілердің тізімі *.doc 166 KB
Мемлекеттік қызметшілердің имиджі туралы ақпарат
Қоғамдық кеңес – қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ететін құрал
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті *.doc 39 KB
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті *.doc 33 KB
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру *.doc 67 KB
   

Мемлекеттік қызметшінің имиджі

Азаматтардың назарына

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет саласы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақталмау сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау кестесі


Өткізу күні мен уақыты

Азаматтарды қабылдаушының АЖТ және лауазымы

1

07.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Қабдолдақызы Жанна,  ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

2

12.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы, ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

3

14.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Қабдолдақызы Жанна,  ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

4

19.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы, ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

5

21.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Қабдолдақызы Жанна,  ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

6

26.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы, ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

7

28.09.2017 ж.
сағат 10.00 – 12.00 дейін

Қабдолдақызы Жанна,  ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы


Азаматтарды қабылдау орыны: ШҚО Талдау және болжау институты,Өскемен каласы, Протозанов к., 7/1 мекен-жайында

 

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың қорытындысы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес Бородулиха ауданында 2017 жылғы 4 қаңтар мен 24 сәуір аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау жүргізілді.

Аттестаттаудан 56 мемлекеттік қызметі босатылды, оның ішінде:
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жыл және одан аз уақыт қалған «Б» корпусының қызметшілері - 13.
2) жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері - 8;
3) жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдар - 19;
4) тиісті аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өту сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі алты айдан аз, мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған адамдар – 16;
16-29 наурыз аралығында Өскемен қаласында аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының «Б» корпусының 137 мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жеке құзыреттілігін бағалауға тестілеуден өтті, оның ішінде:
- «өте жақсы» нәтижесі – 14;
- «тиімді» нәтижесі – 111;
- «қанағаттанарлық» нәтижесі – 12.

2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылуына және мерзімді әскери қызметке шақырылуына байланысты үшінші кезеңдегі аттестациялық комиссияда әңгімелесуден өткен жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша екінші деңгейдегі аттестациялық комиссияның және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергіліктік атқарушы және өкілді органдардың бірыңғай аттестациялық комиссияның шешіміне сәйкес:
«атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылады» - 7 мемлекеттік қызметші,
«атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді» - 124 мемлекеттік қызметші,
«атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады» - 2 мемлекеттік қызметші.

2 мемлекеттік қызметші уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтық шығуы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Кешенді аттестаттау мақсатына жетті – кәсіби дайындық деңгей, ары қарай даму және карьералық жылжу үшін қызметшілердің потенциалы анықталды.

Аттесттаттаудың нәтижелері бойынша пікірлер:
Сәуле Тұрсынқызы Урашева – «Нұр Отан» партиясының Бородулиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Президенттік реформаның 15 – қадамы – заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау өткізілді. Әңгімелесуге қатысқан барлық мемлекеттік қызметшілер бағдарламалық құжаттарды, сонымен қатар партиялық жобалар және тұжырымдамаларды біледі деп атап өткім келеді.

Зоя Николаевна Шкода – аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.
Әңгімелесуді өткізуді ұйымдастырудың және өткізудің жоғары деңгейін атап өткім келеді. Жақсы орта аттестаттаудан өтушілерге қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге ықпал етті. Ерекше қуантарлығы, жас мемлекеттік қызметшілер өздерінің жинаған білімдерін, тәжірибелерін және бағдарларын көрсете білді.

Әсем Ерғазықызы Коппаева – Бородулиха ауданының білім бөлімінің бас маманы
Аттестацияның қорытынды кезеңі – үшінші деңгейдегі аттестациялық комиссияда  әңгімелесу өткізу дамуды қажет ететін функционалдық міндеттер және құзыреттіліктер бойынша өз білімімді көрсетуге мүмкіндік берді.
Әңгімелесу өткізілген кезде аудио және бейне жазбалар жүргізілді.

Фатима Хасанқызы Кайпекова – Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Кешенді аттестаттаудың екінші кезеңі – тестілеу өткізгенде менің лауазымымда тиімді жұмыс үшін талап етілетін құзыреттіліктер анықталды және бағаланды деп есептеймін. Әңгімелесу ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес өткізілді.

 

2015 жылдағы Бородулиха ауданының  әкімі Г.И.Акуловтың өз меншігіндегі мүліктері мен табыстары туралы декларациясы

Т.А.Ж. Лауазымы Сведения о доходах и имуществе

Акулов  Григории Иосифович

Бородулиха ауданының әкімі

Жеке меншігімде ШҚО Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында үйім, үй алдындағы шаруашылығымның жер телімі, 4 424 581 теңге сомасында  еңбек ақы, жеке зейнетақы қорланым негізіндегі табысым және автокөлігім бар

 

 

2014 жылдағы Бородулиха ауданының  әкімі Г.И.Акуловтың өз меншігіндегі мүліктері мен табыстары туралы декларациясы

 

Ф.И.О. Занимаемая должность Сведения о доходах и имуществе
Григорий Иосифович Акулов Бородулиха ауданының әкімі Жеке меншігімде үйім, үй алдындағы шаруашылығымның жер телімі, еңбек ақы, жеке зейнетақы сомасы негізіндегі табысым және «Lexus-470» автокөлігім бар

 

2013 жылдағы Бородулиха ауданының  әкімі Г.И.Акуловтың өз меншігіндегі мүліктері мен табыстары туралы декларациясы

 

Ф.И.О. Занимаемая должность Сведения о доходах и имуществе
Григорий Иосифович Акулов Бородулиха ауданының әкімі Жеке меншігімде үйім, үй алдындағы шаруашылығымның жер телімі, еңбек ақы, жеке зейнетақы сомасы негізіндегі табысым және «Lexus-470» автокөлігім бар

 

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, белсенді азаматтық көз-қарасты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім» дайындалды. Келісім жалпы қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсылықты біріктіру мақсатында әзірленген, себебі елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғам аса маңызды рөл атқарады. Аталған келісімге қосылу - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түп- тамырымен жоюға бағытталған жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға, алдын –алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді. Аталған келісімге қосылу туралы актіге аймақтық мемлекеттік қызметшілермен, коммерциялық емес ұйым өкілдерімен, заңды тұлғалармен, саяси партия мүшелерімен, түрлі саяси топ өкілдерімен- кәсіп және қызмет түріне тәуелсіз азаматтармен қол қойылады.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерден азаматтық белсенділік таныта отырып, қол қою арқылы аталған келісімге қосылуларыңызды сұраймыз. Толық ақпарат пен бланк үлгілерін ауылдық округ әкімі аппараттарынан алуға болады.

 

Бородулиха ауданы әкімі
аппаратының персоналдарды
басқару (кадр қызметі) бөлімі

 

 

 

«Үздік мемлекеттік қызметші»

 

2015 жылғы 23 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күніне арналған салтанатты іс-шарада  Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары – Рыскүл Абузарқызы Атаеваға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі  № 155 Жарлығына сәйкес, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқан, кемінде 15 жыл мінсіз қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер марапатталады.

 

Л.С.Молдабаева персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы

 

Шығыс Қазақстандағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті

 

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Шығыс Қазақстандағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста 5 сұрақ, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың және оның төменгі құрылымдарының басшыларына қатысты 3 тәртіптік іс қаралды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің басшысының мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы қолданылған шаралары туралы ақпараты тыңдалды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабында қарастырылған талаптарды бұзу жөніндегі прокуратура органдарының материалдары бойынша тәртіптік істер қаралып келесідегідей ұсыныстар жасалынды:
- «Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласы бойынша № 2 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің» КМӨ директорының міндетін атқарушы М.Тоқтағазинаға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы және 2 тармағы негізінде лауазымынан төмендету, ал бос лауазым болмаған жағдайда өз лауазымына толық сай емес  екендігі жөнінде ескерту түрінде тәртіптік жауапқа тарту.
- Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы    Т.Мукиевке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 1 тармағының 4 және 5 тармақшасы негізінде өз лауазымынан босату.
Тарбағатай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Сабырбаевқа қатысты тәртіптік іс оның еңбекке жарамсыздығына байланысты (ауру себепті) тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданды.

 

«Бәрін кадр шешеді»

 

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке үміткерлерді таңдау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуі, мемлекеттің, экономиканың, ұлттың бәсекеге қабілеттілік факторын шешетін жоғары білікті мамандарды жасақтау. Халықаралық деңгейде ел беделін арттыру, мемлекетішілік мәселелерді, әлеуметтік тапсырмаларды шешу мемлекеттік қызметшілердің кадр құрамының саны мен сапасына, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігімен тығыз байланысты. Бүгінде мемлекеттік қызмет персоналы мемлекеттік кадрлық саясаттың басты объектісі болып табылады, өйткені мемлекеттік қызмет – қоғамға ықпал етудің негізгі тетігі. Бұл, кәсібилікті,  жоғары моральдық қасиеттері талап ететіндігін қайталап өту қажет.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы заңнамалық базаны жетілдіріп келеді. Сенімді, тұрақты, интеллектуалды кадрлық әлеуетті құру, кадрлық саясатты қоғамды дамыту жолында өзгерген саяси, әлеуметтік және экономикалық  негіздермен сәйкестікке келтіру мемлекетті басқарудың басты мәселесі.
Қазіргі кезде елімізде кадрлық саясатты реттеу бойынша нормативтік құқықтық база құрылған. Олардың ішінде негізгілері –ҚР Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» және «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы»,  Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы Жарлықтар.
Республикада ауқымды әкімшілік реформаның жүзеге асырылуы басталды. Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру шаралары қабылдануда, заманауи басқарушылық және ақпараттық – коммуникациялық технологиялар енгізіліп, мемлекеттік қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына көшу жүзеге асырылуда.
2012 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Аталған нормативтік құқықтық актімен 2013 жылғы 26 наурызда күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, елбасының бірқатар Жарлықтарына қол қойылды.
Мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызметке орналасқысы келген азаматтарды алдыда тағы не күтіп тұр? Қыбалданған нормативтік құқықтық актілерге  тағы да қандай өзгертулер мен толықтырулар енгізілді? Бұл – «А» басқарушылық корпусын құру, кадрларды іріктеу және жоғарылатуда меритократия қағидатын (жетістіктерін мойындау) күшейту, кадр қызметтің мәртебесі мен өкілеттілігін арттыру, тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту, корпоративтік мәдениетті жетілдіру. Сонымен қатар, заңға заңсыз кадрлық шешімдерді қабылдағаны үшін басшылардың жауапкершілігін арттыратын норма енгізілген.
Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігімен «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін бекіту туралы  бұйрыққа қол қойылды. Енді мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірушілер нақты бір мемлекеттік органның конкрустық іріктеуіне қарасмастан, жарамдық мерзімі бір жылға жететін сертификаттың берілуімен өте береді. Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі едәуір қысқартылды. «А» басқарушылық корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары үшін білім, еңбек өтілін, кәсіби білімін қамтитын арнайы біліктілік талаптары бекітілген.
Заңнамадағы өзгертулермен егжей-тегжейлі танысуға ниет білдірушілер қажетті ақпаратты www.kyzmet.kz сайтынан таба алады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік            
қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша
департаментінің тәртіптік кеңесінің
қызметін қамтамасыз ету бөлімінің
меңгерушісі- Р.А.Жұмабаева

 


Кәсібилік пен парасаттылық - мемлекеттік қызмет бағдары

 

Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің атқаратын ролінің ауысуымен, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың құрылуымен, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірумен тығыз байланысты. Меритократия, тиімділік, нәтижелік, транспаренттік және қоғамға тәуелділікке негізделген мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, мемлекетті басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды фактор болып табылады.
Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде өткізілетін конкурстардың объективтілігіне, мемлекеттік қызмет көрсетуге азаматтар тараптарынан күмән туындауына байланысты, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындады.
Мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі үдемелі дамуын және реформалауды қамтамасыз ету үшін мемлекет басшысымен 2011 жылғы           21 шілдеде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» бекітілді. 2012 жылғы желтоқсанда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадрлық тетіктерді- мемлекеттік қызметке орналасуда тиімді және ашық тәртіпті, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, олардың жұмыс нәтижесі мен көтермелеу жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Тұжырымдама бес жылға жоспарланған.
Бірінші деңгейде үш корпусқа негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының жаңа тізілімін енгізу, мемлекеттік қызметке кіру және кадр резервін қалыптастыру рәсімдерін жақсарту, мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі базалық білім беру орталықтарын нығайту, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің жаңартылған оқыту бағдарламаларын енгізу, мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шараларды іске асырылды. Келесі кезеңде мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру сияқты мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.
Жаңа модельге сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер құрылымында стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін «А» басқарушылық корпусы құрылатын болады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Б» атқарушылық корпусына атқарушылық лауазымдағы мемлекетік қызметшілер енгізілген. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің негізгі міндеті атқарушылық қызмет.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы ақпарат беру мен азаматтардың өтініштерін қарау басты бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметке орналасқан кез-келген үміткер өзіне қоғаммен жүктелген жауапкершілікті толықтай түсінуі керек. Және ең бастысы олардың жұмысы қоғам мен нақты бір азаматтың мүддесін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.
Сондықтан мемлекеттік қызметші өз қызметін жүзеге асыруда бар күш жігерін, білімі мен тәжірибесін аянбай, алға қойған міндеттерін орындауда тиімді  шешімдер қабылдап, үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы, сонымен қатар мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтып, бекітуге үлес қосуға тиіс.

 

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
консультанты
С.Байматаева

 

 


Мемлекеттік қызметшілер этикасының кейбір мәселелері туралы

 

Жаһандану мен бүгінгі күннің талаптары қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруды қажет етеді. Олардың тиімділігі мемлекеттік аппараттың кадрлық корпусының кәсібилігімен анықталады. Мемлекеттік басқаруды реформалаудың мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи жолдауында нақтылап берді. Мемлекеттік қызметті реформалаудың саяси мақсаты мемлекеттілікті нығайту, мемлекеттік басқарушылардың жаңа кәсіби кадрлық корпусын құру болып табылады. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың наурыз айының аяғында қолданысқа енгізілетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін анықтайтын бұл Заңға «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы» атты жаңа тарау енгізілгенін атап өту маңызды. Осыған байланысты олардың жауапкершілігі арта түседі. Қызмет этикасы мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың Заңға арнайы енгізілуі кездейсоқтық емес. Бұл шаралардың дәл уақытында қабылданып отырғандығы күмән туғызбайды. Мемлекеттік қызметші үнемі дүйім жұрттың назарында жүретін адам. Оның имиджі – ол мемлекет имиджінің ажырамас бөлігі. Қалалар мен аудандар әкімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің, мемлекеттік орган басшыларының  атқарып отырған жұмыстары негізінде азаматтардың әділдік туралы пікірлері қалыптасады, олардың қарапайым адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына көңіл бөлулері бойынша мемлекеттік биліктің қауқарына баға береді. Осыдан барып, барлық жауапкершілік шаралары туындайды. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қарапайым мінез-құлқымен, жауапкершілігімен, кәсібилігімен қоғамның мемлекеттік қызметке, жалпы мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтап, нығайтуы қажет. Кез-келген лауазым заңға қарсы әрекеттермен, менмендікпен, тәкаппарлықпен, парақорлықпен, өкілеттіктерін теріс пайдаланумен сиыспайды, мысалы қызметтік көліктерін өз мақсаттарына пайдалану. Өкінішке орай, өмірде біз осы аталған жат жайттармен жиі кездесеміз, сондықтан әр мемлекеттік қызметшінің парызы оларға сыни принциптілік көзбен қарау, ал басшылар ондайларға жол бермеу үшін жолын кесу шараларын қабылдауы қажет, бұл сөзсіз мемлекеттік қызметтің имиджін көтерері анық.
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік орган басшыларының өздерінің және бағыныстыларының мемлекеттік қызмет этикасы нормаларын сақтауы үшін жауапкершілігін арттыратынын атап өту қажет.

 

Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты

 


Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс

1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттің игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресін?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек.
8. Егер мемлекеттің мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

 

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев

 

 

Мемлекетік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруда Бородулиха ауданы әкімі аппаратының мемелекеттік мекемелерінің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша бірыңғай кадрлық саясатты уақытында іске асырғаны үшін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің жетекші маманы – Қайныш Оразғалиқызы Кучумова 2012 жылдың ақпанында «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік орталыққа 10 жыл» медалімен наградталды.

 

«Мемлекеттік қызметтер- сапа мен қолжетімділік»

 

Елбасы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында «Қазақстанның даму жолының басты бағыты – ол экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа тапсырмалар» екендігін тілге тиек етті. Осының аясында бірқатар тапсырмалар қатарын іске асыруды тапсырды. Оның бірі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Кез – келген адам үшін жоғары сапалы мемлекеттік әлеуметтік қызметтерге ашық қолжетімділік, халыққа деген ерекше назардың белгісі.

2012 жылдың наурызында Елбасының  «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығы қабылданды,  онда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді бағалау туралы да айтылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын анықтау мақсатында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігімен жыл сайын осы саладағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау өткізіледі.

Мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік қызметтерді тікелей өздері немесе қызметті бір жерден алуға мүмкіндік беретін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетеді. Тізілімнің одан әрі кеңейтілуі және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оларды стандарттау және реттемелеу, әр азаматқа өзіне мемлекеттік органмен көрсетілуі тиіс қызметтердің деңгейі мен сапасын біліп қана қоймай, талап етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттау әкімшілік қарау деңгейін төмендетуге, міндеттерді нақтылауға, мемлекеттік қызметтер мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың жауапкершіліктерін арттыруға әкелуі тиіс. Мемлекеттік қызмет стандарттарын жүргізу мемлекет пен қоғамның өзара қатынасының сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Осы мақсатта мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердiң қызмет этикасына деген талаптар күшеюде. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мен алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешеніне ерекше назар бөлінген.

Мемлекеттік органдардың қызметін жалпы бақылауды жүзеге асыратын басты буын халық болуы тиіс.  

  

 

Парақтар өзгертілді: 06-10-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2017