КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ақпараттық технологиялар

Аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдерде электрондық құжат айналымын пайдалану жөніндегі ақпарат

 

Бородулиха ауданы әкімінің аппаратында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (әрі қарай ЭҚАБЖ) 2008 жылы енгізілді. Жыл сайын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілімен (әрі қарай «ҰАТ» АҚ) ЭҚАБЖ бағдарламасына қызмет көрсету жөнінде келісім-шарттар жасалады. Осылайша, 2012 жылы осы келісім 1 965 239 тенге сомасына жасалды. Аудан әкімінің аппаратымен бағдарлама серверіне (1 лицензия) және жұмыс орындарына (13 лицензия) лицензиялар сатып алынды.
2011 жылдың мамыр айында ЭҚАБЖ жергілікті есептеу жүйе арқылы аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен аудандық әкімдік ғимаратында орналасқан 7 дербес бөлімге енгізілді. Бұл экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі; кәсіпкерлік бөлімі; тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; ішкі саясат бөлімі; ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі; сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі.
2011 жылдың қыркүйек айында әкім аппараты электрондық құжат айналымында бірыңғай көлік жүйесі (әрі қарай БКЖ) арқылы жұмысына көшті, бұл облыстық және аудандық ЭҚАБЖ серверлері арасындағы мәліметтерді жеткізу жылдамдығын арттыруға қол жеткізді.
Жоғарыда аталған бөлімдерде ЭҚАБЖ-да құжат айналымын енгізу туралы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік мекемелерінің ведомствоаралық электронды құжат айналымына көшуі туралы» аудан әкімінің 2011 жылға 20 қыркүйектегі № 171 өкімі қабылданды.  
Өткен жылдың қазан айынан бастап бөлінген телефон желісі IP VPN физикалық желісінің каналы арқылы аудандық әкімдік ғимаратынан тыс орналасқан бөлімдерді ЭҚАБЖ жүйесіне қосу жөнінде жұмыс басталды.  
2012 жылдың ақпан айының 23-24 күндері аудан әкімі аппаратының маманымен қалған 5 дербес бөлімдерді: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; қаржы бөлімі; білім бөлімі; жер қатынастары бөлімі және дене шынықтыру және спорт бөлімдерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қосу жөнінде жұмыс өткізілді.
Барлық бөлімдерде құжат айналымын ЭҚАБЖ-да енгізу туралы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік мекемелерінің ведомствоаралық электронды құжат айналымына көшуі туралы»  аудан әкімінің 2012 жылғы 12 наурыздағы өкімі қабылданды.
Барлық 12 дербес бөлімнің мамандары электрондық құжаттарды қабылдау бойынша жұмысқа оқытылды. 11 бөлім бастықтарының бұйрықтарымен электрондық құжат айналымына жауапты мамандар бекітілді, бұйрықтардың көшірмелері кеңсе бөлімінің маманына ұсынылды.  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен жаупты маманды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі ұсынылмаған.
Бүгінгі таңда бөлімдер электронды нұсқада кіріс құжаттарды ғана қабылдай алады, басшылардың электрондық-сандық қолтаңбаларын орнатқан соң ЭҚАБЖ жауап құжаттарды енгізу бойынша жұмыс бөлім мамандарымен жүзеге асырылады.
Одан бұрын дербес бөлімдерге «ҰАТ» АҚ өкілімен жеке кесілім-шарттар жасауға 600,0 мың теңге сомасында,  Lotus Notes жұмыс орнына лицензияларды (бағасы 25,0 мың теңге) сатып алуға, бюджеттік қаржы қарастыру, аудан әкімі аппаратының ЭҚАБЖ серверімен байланыс каналының бар болу қажеттілігі туралы, электронда құжат айналымы бағдарламасын орналастыру үшін дербес компьютердің техникалық сипаттамасымен хаттар жолданды.
Lotus Notеs бағдарламасына «ҰАТ» АҚ мамандары, бөлімдермен жасалған келісім-шарт негізінде қызмет көрсету қажет. Бірақ, осы уақытқа дейін, бір де бір бөліммен келісім-шарт жасауға қаражат қарастырылмаған.
Қаржы бөлімі, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, тұрған үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен Lotus Notes бағдарламасының жұмыс орнына лицензиялар сатып алынып,  кеңсе бөліміне ұсынылды (барлығы 7 лицензия). Жер қатынастары бөлімі, білім бөлімімен лицензия сатып алу жөніндегі келісім-шарттар жасалды, қаражат  төленді, келісім-шарттардың көшірмелері кеңсе бөліміне ұсынылды.
Ағымдағы жылы Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппаратын ЭҚАБЖ жүйесіне қосу жоспарлануда.

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019