КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ақпараттық технологиялар

Электрондық үкімет, электрондық қызметтер

 

Қазақстанда электрондық үкімет құру идеясы 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауында айтылды.
Портал өз жұмысын 2006 жылдың 12 сәуірінде бастады, ол іске қосылғанда әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметін қамтитын 377 ақпараттық қызмет іске асырылды.
Бүгінгі таңда, «электрондық үкімет» шеңберінде, 2000 астам ақпараттық, 219 интерактивтік және транзакциялық қызмет ұсынылды. 154 120 тұтынушы тіркелді, ал күн сайынғы тұтыну 25 000 адам шамасында. «Е-үкіметтің» 6 жылғы жұмысында 11 200 000 астам электрондық қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 200 000- ағымдағы жылы.
Электрондық Үкіметтің www.egov.kz порталы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдинг» АҚ еншілес компаниясымен Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласында ұлттық оператормен әзірленеді.

Электрондық Үкіметтің негізгі мақсаттары:
Халыққа және бизнеске үкіметтік қызметтерді ұсынуды оңтайландыру,
Барлық сайлаушылардың басшылық және ел басқару үдерістерінде қатысу дәрежесін арттыру;
Азаматтардың өзіне өзі қызмет ету мүмкіндіктерін қолдау және кеңейту;
Технологиялық хабардарлық пен азаматтардың біліктілігінің өсуі;
Географиялық орналасу орны факторының әсер етуін төмендету.

Электрондық үкімет:
Тиімді және аз шығынды әкімшілеуді;
Қоғам мен үкімет арасындағы өзара әрекетті түбегейлі өзгертуді;
Демократияны жетілдіру мен биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жағдайында электрондық нұсқадағы мемлекеттік органдар қызметінің барлық саласы азаматтар мен әртүрлі меншік түрінің ұйымдарына сұранысты болып табылады. Аталған бағыттың өзектілігі әлеуметтік, заңгерлік, экономикалық, мәдени, медициналық, ТҮКШ сияқты салалардың даму қарқындылығымен ерекше аталады.
Электрондық үкімет дәстүрлі үкіметке қосымша немесе аналогы болып табылмайды, тек қана мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) белсенді пайдалану негізінде өзара әрекет етудің жаңа тәсілін белгілейді.
Болашақта «бір терезенің» электрондық үкіметі бүгінгіден қарағанда өзектірек болады. Бұл үрдіс әлеуметтік желілер дамуының нәтижесі болады. Аталған технологиялар саяси коммуникацияның мүмкіндіктерін барынша кеңейтеді және үкімет, бизнес және азаматтар арасындағы ықпалдастықтың жаңа нысандарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік пен анықтама беру, ресми құжаттарды реттеу, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша, жылжымайтын мүлік бойынша анықтама алу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын, жинақтарды, салықтарды және жол қозғалы ережелерін бұзғаны үшін аыппұлдарды  және басқаларды электрондық сандық қолтаңбамен қол қоюсыз төлеу бойынша қызметтерді пайдалануға болады.
Порталда «Азаматтардың электрондық өтініштері» бөлімі бар, онда азаматтар үйден шықпай-ақ тікелей мемлекеттік органға жүгінуге және мемлекеттік органдармен өзара әрекетті талап ететін мәселелерді интернет бойынша жедел шешеді – тәулігіне 24 сағат және аптасына 7 күн.  


Бұдан басқа, порталда орталық және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 200 астам әлеуметтік маңызы бар қызметтер туралы ақпараттар бар. Мұнда азаматтар әртүрлі құрылымдардың жұмысы, мемлекеттік қызметтердің орындары мен тәсілдері туралы ақпарат ала алады, қызықтырған тақырыптар бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен таныса алады, сондай-ақ әртүрлі бланктердің, өтініштердің, түбіртектердің үлгілерін жүктей алады.
«электрондық үкімет» порталының қызметтер тізбесі үнемі толығып, жаңартылып отырады, қызметтер туралы нақты ақпарат алу үшін «электрондық үкімет» порталының www.e.gov.kz сайтына өту керек.  
Жыл соңына қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызды қызметтердің 60 пайызы электрондық режімде қол жетімді болатындығын атап айту керек. Аталған тапсырманы орындау шеңберінде барлық лицензияларды тек е-нұсқада беру іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда «электрондық үкімет» порталы арқылы 120 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2012 жылдың аяғына қарай олардың саны 143 жетпек.


2012 жылдың барысында ҚР электрондық үкімет порталында арасында АХАЖ, Денсаулық сақтау Министрлігі мен ІІМ қызметтері бар әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің бір қатары іске қосылатын болады. 

   
   
 

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019