КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ақпараттық технологиялар

Қоғамдық қатынау пункттері

 

2007 жылы 2005-2007 жылдарға арналған «Электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес  Қазақстан Республикасында халыққа е-қызметті ұсынуды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынау пункттерінің желісі құрылды.

ҚҚП электрондық қызметтері браузердің көмегімен мемлекеттік органдар мен КZ аймағының өзге де ұйымдарының порталдарына қол жеткізуді ұсынады, сондай-ақ мәтінді теру, сканерлеу және басып шығару мүмкіндігі бар.
ҚҚП ақпараттық және электрондық мемлекеттік қызметтер алу үшін халықтың қалың топтарының «электрондық үкімет» қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.
ҚҚП көмегімен анықтамалық ақпарат алуға, құжаттар мен анықтамалар басып шығаруға, виртуалдық қабылдау бөліміне өтініш жазуға, электрондық поштамен жұмыс істеуге болады.

Мақсаты.
Мемлекеттік және өзге де ақпараттық ресурсарға тең құқықты қатынауды қамтамасыз ету.
Мегаполистермен ауылдық аудандар мен шағын қалалар тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдайлар жасау.
Интернет техниканы пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты көтеру.

Арналуы.
Анықтама ақпарат ұсыну;
Азаматтар мен үкіметтік органдардың өзара әрекет етуін қамтамасыз ету,
Құжаттар мен анықтамалар басып шығару,
Дербес мәліметтер, байланыс немесе өзге ақпарат енгізу;
Интернет желісіне қатынау, электрондық поштамен жұмыс.

ҚҚП конфигурациясына қарай екі түрге бөлінеді:
1-түр ҚҚП және 2-түр ҚҚП.

1-түр ҚҚП бұл – USB-портпен жабдықталған, қоғамдық орында орналасқан ақпараттық дүңгіршек, онда компьютерлік дағдысы бар кез келген азамат өз бетімен қажет ақпаратын сұрата алады. Бұл жағдайда қызметті алу уақыты минималды.
2-түр ҚҚП дербес компьютерден, принтерден және сканерден тұрады. Бұл конфигурация азаматтар қызметтерді ұзақ уақыт ала алатын орындарда орнату үшін қолайлы. Бұл кезде электрондық қызметті алу шеңберінде құжатты сканерлеу немесе басып шығару, консультация қажет болуы мүмкін.

Халықтың Интернетке қоғамдық қатынау пункттерінің тізімі мен орналасқан орыны

 

№ р/с

Орналасқан мекенжайы

ҚҚП конфигурациясы

1

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69-Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ғимараты

1-түр ҚҚП

2

Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 221-аудандық орталық кітапхана ғимараты

2-түр ҚҚП

3

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 56-«Қазпошта» АҚ ғимараты

1-түр ҚҚП

4

Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 217-мәдениет үйінің ғимараты

1-түр ҚҚП

5

Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25-ХҚКО

1-түр ҚҚП

6

Новошульба ауылы, Комаров көшесі, 30 – ауылдық әкімдіктің ғимараты

1-түр ҚҚП

7

Жезкент кенті, Октябрь даңғылы,1 ПБАБ ғимараты

1-түр ҚҚП

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019